Иінді білік. Маховик

Иінді білік (22-сурет) поршень арқылы келетін күшті қабылдайды және оны бұраушы моментке өзгертіп, мұны трактор мен автомобильдің трансмиссиясы береді, сондай-ақ двигательдің әр түрлі механизмдері мен   детальдарын жетекке   алу үшін пайдаланылады. Газ бен инерция қысымының күші иінді білікке түсіп оған үдайы әсер ететіндіктен оның қозғалмалы детальдары тозуы, біліктің иілген және бұралған тұстары деформациялануы мүмкін. Сондықтан да иінді білік өте төзімді болуы тиіс.

 

Иінді

Иінді білікті жоғары сапалы болаттан штамптайды немесе өте төзімді шойыннан құяды. Ол тіреуіш түпкі мойыннан (1), шатундық мойыннан (11), оларды жалғастыратын жақтаудан (2), түмсықтан (алдыңғы бөлігі) және құйыршықтан (артқы бөлігі) тұрады. Жақтауына білікпен қоса, оны теңгеріп тұратын қарсы салмақ (12) бекітілген немесе құйылған. Білік мойны тозуға өте берік болуы үшін жоғары жиіліктегі токпен шынықтырылған. Білік жақтауынан қиғаш каналдар өтеді, сол арқылы май түпкі және шатунды подшипниктерге келеді. Шатун мойнының іші қуыс (В) етіп жасалған, мұның өзі ортадан тепкіш тазартқыш үшін қажет. Шатун қуысы бұрандалы тығынмен (17) бекітілген. Иінді білік айналған кезде механикалық қоспалар (тозған өнімдер) ортадан тепкіш күштің әсерінен қуыс кенересіне түнады. Двигательдердегі иінді біліктің әрбір шатунды мойынындағы V тәрізді орналасқан цилиндрлеріне екі шатуннан орналасқан, сондықтанда мойны үзын болады. Иінді біліктің алдыңғы шетіне газ таратқыш және баска да механизмдерді жетекке алатын бір не екі шестерня, желдеткіш пен генераторды жетекке алатын шкив (16), сондай-ақ иінді білікті қолмен айналдыруға арналған тіреуіш тісті дөңгелек (храповик) немесе болт (15) бекітілген. Шкив пен шестерня аралығына май қайтарғыш (6) орнатылған, ол сальникті нығыздағыштың алдындағы майды кері қайтарады. Қейбір двигательдерде таратқыш шестерня біліктің артқы шетіне орналасқан.

Біліктің арткы шетіне маховик (5) бекітілген. Бірқтар двигательдерде маховикті орналастыру штифімен (7) және болтпен (8) бекітеді. Ал, басқа бір двигательдерде фланец (19) болады, оған маховикті болтпен ұстататын тесік жасалады. Иінді білік фланецінің алдына май айдайтын бұранда жасалған, ол арнайы жіңішке ішпекпен немесе сальникпен қоса лабиринтті нығыздағыш құрайды да, маховик картеріне май құйылуынан сақтайды. Әдетте иінді біліктің артқы шетінде кертпек болады, сол арқылы білік осьтік ығысудан ұстатылады. Осы мақсатта соңғы түпкі подшипникте, кертіктер немесе тіреуіш жартылай сақина (3)   болады.   Қейбір  двигательде иінді біліктің бойлық орын ауысуын осындай құрылғылар шектейді, олар бірінші немесе ортаңғы түпкі мойында орналасады.

Түпкі подшипниктер де, сол сияқты шатунды подшипниктер де ішпек (10) секілді, олар биметалды болат-алюминий лентасынан жасалған. Лентаның сыртқы бөлігі болаттан жасалған, ал ішкі бөлігіне үйкеліске қарсы АСМ қорытпасы қапталған, бұл қорытпа аса үлкен күшке шыдай алады, әрі тозу төзімділігі жоғары. Ішпектің жұмыс, істеуін жақсарту үшін оның ішкі беті қапталады. Шатунның да, сондай-ақ көптеген түпкі подшипниктердің де ішпектері өзара ауыстырмалы.

М а х о в и к иінді біліктің біркелкі айналуына жағдай жасайды және трактор орнынан қозғалғанда, әрі жұмыс кезінде двигательде пайда болған аса ауыр күшті игеруге жәрдемдеседі. Маховик дегеніміз салмағы біршама ауыр шойын диск. Маховиктің артқы жақ тұсында іліністі орналастырылатын қырнақ болады, сол максатта маховиктің артқы  беті мүкият өңделеді.

Маховик тәжі

Маховиктің алдыңғы үшында ойық болады, сол ойық бойынша бірінші цилиндрдегі поршеньнің орналасу қалпын белгілейді. Осы ойық маховик картерінің тесігімен сәйкес келген жағдайда бірінші цилиндрдегі поршень жоғарғы өлі нүктеде болады.

Бірқатар двигательдерде мұндай сәйкестілі бірінші цилиндрге май беруді бере бастаған сәттегі поршеньнің тұрған қалпына дәл келеді.

Кейбір двигательдердің маховигіне сығылу тактісі өтетін цилиндр нөмірі жазылған таңба басылады. Клапандарды ретке келтіргенде маховиктегі таңба мен ойықты пайдаланады.

Маховик құрсауына болат тісті тәж (9) престеп ұсталған немесе болтпен бекітілген. Тісті тәж қозғалысқа келтіретін құрылғыдағы немесе стартердегі иінді білікті айналдыру үшін қажет.

Comments

  1. Толығырақ мағұлмат керек. Википедиядан іздеп едім, онда тек былай жазылып тұр: Иінді Білік – қайталамалы-ілгерілемелі немесе теңселмелі қозғалысты айналмалы қозғалысқа (не керісінше) түрлендіретін бір не бірнеше иінді (бунақты) білік. Иін негізгі мойыннан және онымен жалғасқан шатундық мойыннан тұрады. Негізгі мойын өз осінен айналса, шатундық мойын сол осьті айнала қозғалады. Шапшаң жүрісті қозғалтқыштарда иін мен шатунның айналу моментін теңгеру үшін шатундық мойынға қарсы жағынан қосымша салмақ бекітіледі. Иінді білік көміртекті не легирленген болаттан жасалады, көбінесе, тұтастай, кейде құрама бөлшектерден тұрады. Иінді білік поршеньді қозғалтқыштарда, насостарда, компрессорларда, т.б. пайдаланылады.

    Иінді Білік[1] — түпкі, өстес, шатундық мойындарының өсі біліктің айналу өсінен ауытқып орналасқан, кривошипті-шатунды механизм.

    Қазақша материал болса көмектесіп жіберіндерші.

Добавить комментарий