Төрт цилиндрлі іштен жану қозғалтқышы

Төрт тактілі двигательдің жұмыс циклі иінді біліктің екі айналымында өтеді. Осы уақыттын ішінде иінді білік поршеньнен бір жарты айналым кезінде ғана күш ала алады. Мұның өзі поршеньнің жұмыстық жүрісіне сәйкес келеді. Ал, қалған үш жарты айналым инерция бойынша өтеді де, иінді білік маховиктін көмегімен поршеньді барлық қосалқы тактілерге — шығару, енгізу және сығылу — ауыстырады. Осының нәтижесінде бір цилиндрлі двигательдің иінді білігі біркелкі айналмайды: жұмыстық жүріс кезінде — шапшаң, ал қосалқы тактілерде — баяу айналады. Сонымен қоса, бір цилиндрлі двигательдің, әдетте, қуаты шамалы, әрі дірілі жоғары келеді. Сондықтан да қазіргі кездегі тракторлар мен автомобильдерге көп цилиндрлі двигательдер орнатады.

Көп цилиндрлі қозғалтқыштың жұмысы

Көп цилиндрлі қозғалтқыш біркелкі жұмыс істеуі үшін ұлғаю тактісі иінді біліктің бұрылу бұрышына (яғни теңбе-тең уақыт аралығына) сәйкес келуі тиіс. Цикл ұзақтығының осы бұры­шын анықтау үшін иінді біліктік айналу градусымен өрнектелетін шаманы цилиндр санына бөледі. Мәселен, төрт цилиндрлі төрт тактілі двигательде цилиндрдегі  ұлғаю  тактісі (жұмыстық жүріс) алдынғы

тактіге қарағанда 180° (720:4) кейін, яғни иінді біліктің жарты айналымынан соң өтеді. Бұл двигательдің басқа тактілері де 180°тан кейін алмасады. Сондықтан төрт цилиндрлі двигательдегі  иінді  біліктің шатунды мойны бір-біріне 180° бұрыштықта, яғни бір жазықтықта орналасады. Бірінші және төртінші цилиндрдің шатундық мойны бір бағытқа, ал екінші және үшінші цилиндрдің шатундық мойны – қарама-қарсы бағытқа орналасқан. Иінді біліктің мұндай формасы жұмыстық жүрістін, біркелкі алмасуын және двигательдің жаксы теңгерілуін қамтамасыз етеді, өйткені барлық поршеньдер бір мезетте шеткі қалпына (екі поршень төмен және екі поршень жоғары қарайды) келеді.

Цилиндрдегі аттас тактілердін. біркелкі алмасуын двигательдің жұмыс тәртібі деп атайды. Отандық терт цилиндрлі трактор двигателінін жұмыс тәртібі мынандай: 1-3-4-2. Мұның мәнісі, бірінші цилиндрдегі жұмыстык жүрістен кейін, келесі жұмыстық жүріс үшінші де, сонан соң төртіншіде, ең соңында екінші цилиндрде өтеді. (10-сурет).

Двигательдің жұмыс тәртібін таңдаған кезде конструкторлар күшті иінді білікке біркелкі бөлуге тырысады.

Көп цилиндрлі автотрактор двигательдері бір қатарлы және екі катарлы (V тәрізді) болады. Бір қатарлы двигательде (11, а-сурет) цилиндрлер тік, ал екі қатарлыда — бірбіріне бұрыш жасап орналасады. Цилиндрлері екі қатарлы V- тәрізді двигательдер (11, бсурет), цилиндрлері бір қатарлы двигательдерге қарағанда, едәуір тығыз орналасқан, әрі габариттік мөлшері мен массасы шағын келеді.

Төрт тактілі алты цилиндрлі двигательдің аттас тактілері иінді білік айналымы арқылы жасайды. Сондықтан олардың иінді білігінің шатундық мойны жұбымен үш жазықтыкта 120° бұрыштықта орналасқан (11, в-сурет). Төрт тактілі сегіз цилиндрлі двигательдің аттас тактілері иінді біліктің 90° айналымынан кейін пайда болады және де олардың шатундық мойны 90° бұрыштықта крест тәрізді орналасқан (11, гсурет). Сегіз цилиндрлі төрт тактілі двигательде иінді біліктің екі айналымында сегіз жұмыстық жүріс жасалады да, мұның өзі оның біркелкі айналуына мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі алты және сегіз цилиндрлі двигательдерде цилиидрлер екі қатарлы V- тәрізді орналасқан. Сегіз цилиндрлі төрт тактілі двигательдердің жұмыс тәртібі  1-5-4-2-6-3-7-8, ал алты цилиндрлерде-1-4-2-5-3-6.

Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс  тәртібін біле отырып, сымдарды оталдыру свечасына дұрыс орналастыруға,отын өткізгіштерін форсункаға жалғастыруға, клапандарды тиісінше реттеуге болады.

 

Добавить комментарий