Термостаттың құрылысы

Термостаттың құрылысы

 

Термостат (36, а және б-суреттер) су температурасын автоматты түрде реттеп, двигатель іске қосылғапнан кейін оның тез қызуын қамтамасыз етеді. Ол жезден жасалған. Термостат корпусының (1) түбіне сильфон (4), (гофрирленген стакан) дәнекерлеп ұстатылған, оның қосалқы клапаны(3) және негізгі клапаны (2) бар қуыс штогы (5) болады. Жұқа жезден цилиндр формалы гармошка тәрізді етіп жасалған термостат сильфонына тез қайнайтын сұйықтық — су мен этил спиртінің қоспасы толтырылған.

Термостат

а —негізгі клапан жабық, б — негізгі клапан ашық, А — су насосындағы су ағынының бағыты. Б — радиатордағы су ағынының бағыты; 1 — кортс, 2 — негізгі клапан, 3 — бүйір (қосалқы) клапан, 4 — гофрирленген стакан, 5 — шток, 6 — термостат қорабы,

 

Су температурасы 70°С төмендегенде сильфондағы сұйықтықтың қаныққан буының қысымы да төмендейді Гофрирленген кенеренің серпімділігі әсерінен қысым сығылып, негізгі клапан (2) толық жабылады, ал қосалқы клапан (3) ашылады. Мұндайда су кіші айналым (радиаторға соқпай) жасайды. Су температурасы 70°С асқанда буланған сұйықтық қысымының әсерінен стакан керіледі, ал шток пен клапандар   ығысады. Негізгі   клапан ашылып, су радиаторға өтеді. Су температурасы 85°С асқанда қосалқы клапан корпустың бүйір тесігін толық жабады. Сөйтіп судың термостаттан су насосына келуі мүлде тоқталады.

Кейбір двигательдерде қатты толықтырғыш — церезин (мұнай балауызы) салынған екі және бір клапанды термостаттар қолданылады. Температура 70—83°С жеткенде церезин балқып, ұлғаяды да, штокты клапанымен қоса ығыстырады, клапан ашылып, салқындатқыш сұйық радиатор, арқылы айналысқа түсе бастайды. Температура төмендеген кезде церезин қатып, көлемі кішірейеді. Кері серпілетін серіппенің әсерінен термостат клапаны жабылып, су кіші айналыс жасайды.

Кейбір двигательдердегі салқындату жүйесіне термостат орнатылмаған.

Comments

Добавить комментарий