Таратқыш шестерня

Таратқыш шестерня (31-сурет)— көпшілік двигательдерде ол алдыңғы бөлігіндегі арнайы картерде орналасады. Ол иінді біліктегі айналысты таратқыш білікке, отын насосының білігіне, май насосына және басқа да механизмдерге беру үшін қажет. Шестерня болаттан жасалады. Шуылын азайту үшін олар қиғаш тісті етіп жасалған.

Таратқыш шестерня

Көпшілік трактор двигательдерінде таратқыш білік пен отын насосының білігінің айналу бағыты иінді біліктің айналу бағытымен сәйкес келеді. Сондықтан да осы біліктердің аралығындағы шестерняларға аралық шестерня (3) орнатады (31, а-сурет).

Төрт тактілі двигательдердегі бір жұмыс циклінде әрбір цилиндрдің енгізу және шығару клапаңдары бір рет ашылады. Иінді біліктің екі айналымында таратқыш білік тек бір айналым жасауы тиіс. Демек таратқыш механизм жетегінің   беріліс қатынасы1:2 болады, яғни иінді білік шестернясының (1) диаметрі (тіс саны да), таратқыш біліктің шестернясына (2) қарағанда екі есе кем болады. Сол себептен де иінді біліктің шестернясы (1) отын насосы жетегінің шестернясынан (5) екі есе кіші келеді. Клапан­дардың әрекеті мен отын берілу цилиндрдегі поршеньнің белгілі бір тұрған қалпына сәйкес келуі үшін, құрастырған кезде аталған шестернялардың тістерін белгіленген таңба бойынша жаі ғастырады. Гидрожүйе насосын іске қосатын шестерня (4) айналысты аралық шестерня арқылы алады, ал май насосын іске қосатын шестерня (7)  иінді білік шестерняларды двигательге ешбір таңбасыз орнатады. Егер таратқыш және иінді біліктер әр жаққа айналатын болса, онда олардың арасындағы аралық шестерня болмайды (31 б-сурет). Кейбір двигательдерде отын насосының білігі мен таратқыш білігі қарама-қарсы бағытта (31, в-сурет) айналады.

Comments

  1. Таратқыш шестернялар. Иінді біліктің айналысы аралық шестерня арқылы екі шестерняға — тарату білігінің және отын насосы жетегінің 6шестерняларына беріледі. Гидравликалық насостардың шестернялары қозғалысты тарату білігінің шестернядарынан алады.
    Тартқыш шестернялар белгілер бойынша дәлме-дәл орнатылады.

Добавить комментарий