Таратқыш білік

Таратқыш білік (8) клапандарды белгілі бір тәртіппен дер кезінде ашып-жабу қызметін атқарады (30-сурет). Білікпен қоса жұдырыкша және тірек мойын жасалған.

Таратқыш білік

Әрбір жұдырықша бір клапанға (енгізу немесе шығару) ғана әсер етеді. Шығару клапанының жұдырыкшасы доғалдау, сондыктан олар енгізу клапандарына карағанда үзағырақ ашылады, Кейбір автомобиль двигательдерінде таратқыш білікпен бірге бензин насосын іске қосатын эксцентрик (5) және май насосын іске косатын шестерня (13) жасалған.

Кұрастырған кезде таратқыш білікті қозғалтқыш картерінің бүйіріндегі тесікке сүғындырады, сондықтан да тірек мсйнының (4) диаметрі алдыңғы мойыннан бастап біртебірте жінішкере береді, Болаттан жасалған таратқыш біліктің жұдырықшасы жоғары жиілікті токпен шыныктырылады. Білік мойны блокка енгізілген втулкада (9) айналады. Тірек мойнының втулкасы болаттан, қоладан немесе металлкерамикадан жасалады. Болат втулканын ішкі бетіне антифрикциялық қорытпа құйылады. Оған май блок каналынан қысым күшімен беріледі.

Таратқыш білік мойнының біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау болады, май осы саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен сәйкес келгенде май жіберіледі.

Көпшілік двигательдегі таратқыш біліктің алдықғы шетіне жетек шестерня (1) орнатылған. Таратқыш біліктің шестернясы болаттан, шойыннан немесе текстолиттен жасалады. Шестерня   мен біліктің  алдыңғы мойыны аралығына таяныш сақина (3) және біліктің осьтен таюын шектейтін тірек фланеці (2) орнатылған. Бұлар блок-картердің алдыңғы кенересіне болтпен бұрап кіргізілген. Сақина таяныш фланецтен 0,1—0,2 мм қалыңдау. Бұл мән таратқыш біліктің осьтік ығысуына сәйкес келеді.

Қейбір двигательдерде таратқыш біліктің осьтен ығысуын, таратқыш білікке (8) қарама-қарсы жасалған таратқыш шестерня қақпағының (14) құйылмасы шектейді (30-сурет).

Comments

  1. Уведомление: poker uang asli

Добавить комментарий