Желдеткіш және су насосы

 

Су помпасыЖелдеткіш және су насосы (35-сурет). Желдеткіштің алты немесе төрт қалақшасы (10) болады, олар крестовинаға (9) бекітілген, ал крестовина шкивке (8) бұрап кіргізген. Шкив ременьді беріліс арқылы иінді білікпен айналады. Шкив білікке шпонка мен гайка арқылы қатты етіп бекітілген, ол білікте су насосының корпусында (1) екі шарикті подшипникте еркін айналып тұрады. Білікшенің (3) екінші жағына су насосының қанатшасы (2) мықтап ұстатылған. Қанатша дегеніміз диск, оған қисық линиялы қалақшалар біркелкі орналастырылған, бұлар суды двигательдің су тысына бағыттайды.

Желдеткіш

а — құрылысы. б — жетек; 1 — корпус, 2 —қанатша, 3 — білікше, 4 — серіппе, 5 — нығыздауыш құрылғы, 6 — жоғарғы келте түтік, 7 — май сауыты, 8 — шкив, 9 — крестовина, 10 — желдеткіш қалағы, 11 — генератор, 12 — ремень.
 

Білікшенің насос корпусынан шығар тұсында су өткізбейтін сальникті нығыздауыш болады. Нығыздауыш қанатшаның цилиндрлі күпшегіне қондырылып, серіппелі сақина қойылған. Нығыздауышта текстолитті нығыздауыш шайба (4) және резеңке манжета болады, олар серіппе арқылы тіреуіш втулкаға сығылады. Насос жұмыс істеген кезде нығыздауыш арасынан аққан су насос корпусының тесігі арқылы сыртқа құйылады.

Су насосы цилиндрлер блогының алдыңғы кенересіне болттармен бекітілген. Насос корпусы мен блок аралығына паронитті төсем салынған. Насос корпусының екі келте түтігі болады: бүйірдегісі су насосы қанатшасының қуысын радиатордың төменгі кел­те түтігімен, ал жоғарғысы (6)—термостат корпусымен жалғасады.

Comments

Добавить комментарий