Клапандар мен күйентелердің аралығындағы саңылауды реттеу

Оқылып отырған двигательдердің клапандары мен күйентелерінің аралығындағы саңылауды мынадай жүйемен ретке келтіреді. Цилиндрлер басының қалпағын шаңтозаңнан тазартып, шығарып алады. Тірек бекіткішін қатайтып бұрағаннан кейін, декомпрессиялык механизмді қосып иінді білікті айналдырады да, клапандар күйентесінің қозғалысы бойынша бірінші цилиндрдегі енгізу тактісінін аяқталуын және сығылу тактісінің басталуын аныктайды. Иінді білікті арнайы құрылғымен поршень жоғарғы өлі нүктеге жеткенше немесе жоғарғы өлі нүктеге дейін бірнеше градусқа айналдырады: декомпрессиялык механизмді ажыратып, клапан стержені мен күйенте сокқысының аралығындағы сакылауды өлшейді.

Егер саңылау дұрыс болмаса, онда оны бұрауышпен, гайка кілтімен және саңылауға арналған сүңгімен ретке келтіреді. Ол үшін реттеуіш винттің қосалқы гайкасын (10) түсіріп (24, б-суретті кара), винтті (9) қажетті саңылауға дейін бұрайды, ал бұл саңылауды сүнгімен бакылайды. Қосалқы гайкамен қатайтып бұрағаннан кейін саңылауды екінші рет тексереді.

Клапандар мен күйентелердің аралығындағы саңылауды реттеу

Егер двигательге реттеуіш декомпрессиялык механизм орнатылған болса, онда бір мезетте бірінші цилиндрдің декомпрессорын да ретке келтіреді. Білікшені (17) винт (18) осі вертикаль қалпына келетіндей етіп орнатады. Реттеуіш винттін біреуіндегі қосалқы гайканы босатып, винт (18) күйентеден ажырайтындай етіп бұрап шығарады. Сонан кейін винтті клапанмен қоса күйенте соққысына дейін жанасқанша бұрап бекітеді. Осыдан кейін винтті (18) бір рет айналдыра бұрап, қосалкы гайканы тірелгенше қатайтып бұрайды. Төрт цилиндрлі қозғалтқыштыңиінді білігін кезегімен жарты айналымfa бұрай отырып, клапандар  мен күиентелер арасындағы саңылауларды, сондайақ қалған барлық цилиндрлердегі декомпрессорларды, олардың жұмыс істеу кезегіне қарай ретке келтіреді. Цилиндр саны төрттен асатын көп цилиндрлі двигательдерде сонымен қоса екі цилиндрдегі клапандар мен күйентелердің аралығындағы саңылауды ретке келтіреді.

Клапандар мен күйентелердің және декомпрессиялық механизмдердің аралығындағы саңылауларды ретке келтіргеннен кейін цилиндрлер басының қалпағын орнына қояды. Двигательді іске қосқаннан кейін қалпақ астынан май ақпауы тиіс.

Comments

Добавить комментарий