Салқындату жүйесінің құрылысы. Радиатор

Радиатор

 

Радиатор — двигательдің су тысынан өзіне келетін суды салқындатуға арналған. Двигательдің салқындату жүйесіндегі радиатор (34-сурет) жоғарғы және төменгі бактардан, өзектен және бекіткіш детальдардан тұрады. Бактардың және оларға дәнекерлеп ұстатылған өзектің жылуды жақсы өткізуі үшін жезден жасалған.

 

Салқындату жүйесінің құрылысы

Двигательді салқындату жүйесі.

a — құрылысы, б — радиаторда су мен ауаның қозғалу схемасы, в — радиатор желбезегі, г — ағызу шүмегі; 1 — майлау жүйесінің радиаторы, 2 — желдеткіш, 3 — желдеткіш құндағы, 4 — сым арқан, 5 — радиатор, 6 — су құятын қылта ауыз қақпағы, 7 — термостат, 8 — іске қосқыш двигательдің су бұратын түтігі, 9 — су ағысын бағыттайтын канал, 10 — су тарататын канал, 11—су насосы, 12 — су насосының келте түтігі, 13 — желдеткішті іске қосатын ремень, 14 — перде, 15 —радиатор желбезегінің пластинасы
 

    Радиатор өзегінде бірнеше көлденең пластиналар болады, сол арқылы көптеген жалпақ тік түтіктер өтеді, бұлар осы пластинкаларға дәнекерленген. Радиатор өзегі арқылы өткен су көптеген тармақтарға бөлінеді. Өзек құрылысы осылайша жасалғанда, судың түтікшелермен жанасу аумағы кеңейіп, судың тез салқындауына мүмкіндік берді.

Жоғарғы және төменгі бактар келте түтік арқылы двигательдің салқындату тысымен жалғасады. Төменгі бакта радиатордағы суды ағызатын шүмек болады. Су тысындағы суды ағызу үшін блоктың төменгі бөлігіне де шүмек орнатылған.

Салқындату жүйесіне «суды жоғарғы бактың қылта аузы арқылы құяды, ол қақпақпен (6) жабылған.

Сұйықтықпен салқындатылатын жүйеде двигательдің жылу режимі екі жақты ретке келтіру көзделген: перделі (немесе желбезекті) және термостатты.

Радиатор пердесі (14) кәдімгі полотно (жұқа лента), оның бір жақ шеті барабанға қондырылған орауыш механизмге бекітілген (бұған перде оралады), ал екінші жақ шеті радиатордың төменгі жағына қозғалмайтындай етіп жалғанған. Пердені көтеріп түсіруді кабинадан сым арқан арқылы жүзеге асырады. Кейбір двигательдердің салқындату жүйесінде перде орнына қайырмалы желбезек болады. Желбезек бірнеше қақпактан (15) (пластинадан) тұрады. Олар төменгі планкаға топсамен ұстатылып, таратқыш және рычагтар жүйесі арқылы кабинадағы желбезекті басқаратын тұтқамен жалғасқан. Бұл қақпақтар (пластиналар) тік немесе көлденең орналастырылады.

Comments

Добавить комментарий