Оталдыру алдындағы жылытқыш

оталдыру алдындағы қозғалтқышты жылытқыш

 

Сырткы ортаның температурасы 5°С төмендегенде двигательді оталдыру қиынға түседі. Сондықтан сұйықтықпен салқындатылатын көптеген двигательдерді оталдырар алдындағы жылытқышпен жабдыктайды. Жылытқыштың электршырақ және сұйықтық (ПЖБ типі) түрлері бар.

ПЖВ типтес оталдыру алдындағы жылытқыш (37-сурет) қазаннан (11) құндактан (12), түбінен, отын багынан (3) электр желдеткіштен (8), электрмагнитті клапаннан (4), жалғастырғыш арматурадан және басқару пультінен тұрады.

оталдыру алдындағы жылытқыш

ПЖБ типтес оталдыру алдындағы жылытқыш:
1 — двигатель, 2 — жылытқыштың су құятын қылта аузы, 3 — отын багы, 4 — электр магнитті клапан, 5 — ретке келтіретін ине, 6 — бақылау спиралы. 7 — ауыстырып қосқыш, 8 — электр желдеткіші, 9 — отын жіберетін түтікті жалғастыратын штуцер, 10 — қызлыру свечасы, 11 — жылытқыш қазаны, 12 — жылытқыш түбінің құндағы
 

    Жылытқышты басқару пульті — металл қораптан онда бақылау спиралы (6), қосқыш және ауыстырып қосқыш (7) болады. Ауыстырып қосқыш электр желдеткіші мен электромагнитті клапанды қосуға арналған. Қазаннын жану камерасындағы отын (бензиннің төменгі сорты) өз ағынымен бакқа (3) құйылады. Отынның келуі электромагнитті клапанның (4) реттегіш инесі (5) арқылы мөлшерленеді. Ауа электр желдеткіші (8) арқылы беріледі. Қоспа — свеча (10) арқылы тұтанады. Свеча жұмысын спиральдің (6) қызғанына қарай бағалайды. Суды немесе антифризді қыздырғыштың қазанына қылта ауыз (2) арқылы кұяды. Қыздырғышты іске қосуды белгілі бір ретпен атқарады, мұндайда тракторды немесе автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқауды басшылыкка алады. Қазанда пайда болған шырақ, двигательдің су тысымен жалғасқан қазан ішін жылытады. Осымен бір мезетте ыстык газ кұндакка (12) карай бағытталып, двигатель түбіндегі майды қыздырады. Оталдыру алдындағы жылытқыш двигательді 20 минут ішінде жүргізе алады. Мұндайда двигательдің салқындату жүйесіндегі су 60— 70°С температураға дейін, ал двигатель түбіндегі май — 40—50°С температураға дейін қызады.

Егер сыртқы температура — 15°С төмен болса, онда салқындату жүйесіне салқын судың орнына ыстық су немесе антифриз құйған жөн.

Оталдыру алдындағы жылытқышты пайдаланған кезде көрінетін жайт — қазанда су болмаған жағдайда жылытқышты 1,5 минуттен артық пайдалануға мүлде болмайды. Қазанға суды толтыра құймаған жағдайда ол қатты қызып, істен шығуы мүмкін. Қызып тұрған жылытқышты, әуелі қазанды электр желдеткішімен үрлемей түрып іске қосуға болмайды. Двигательді жөнді желдетілмейтін жабық жерде қыздыруға  болмайды, ондайда адамның иіс газымен уланып қалуы мүмкін.

Двигательдің салқындату жүйесіндегі сұйықтықты ағызу керек болғанда жылытқыштың да ағызу шүмегін ашып қою қажет. Тракторды жазда пайдалануға көшкенде жылытқышты шығарып алған жөн.

Добавить комментарий