Күйенте, штанга және түрткіш

Газ тарату  механизмінің беріліс  деталдары қозғалыстың таратқыш біліктенклапандарға келуін камтамасыз етеді. Оған жататындар: түрткіш, штанга, реттеуіш винті бар күйенте және тіреуімен серіппесі бар күйенте осі.

Күйенте және штангалар

Күйенте (5) болаттан жасалған екі иінді рычаг (28-сурет). Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі болады, сол тесікке втулка (11) кигізіледі. Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады, ол клапанды басады, ал екіншісінде — бұрандалы тесік бар, оған реттеуіш винт (2) бұрап кигізіледі соның көмегімен клапан мен күйенте соққышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді.

Күйенте осьте (7) еркін тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпақшасына бұрап кіргізілген тіреуге (8) орнатылады. Таяныш   серіппе (6) мен тоқтаткыш сақина күйентені осьтік ығысудан сақтайды. Күйенте осі қуыс, осы ішкі қуысы күйенте втулкасының реттеуіш винт пен штанганың үйкелетін беттеріне май жіберетін канал ретінде пайдаланылады. Күйенте осінің ұшы бітеуішпен (3) жабылған.

Штангa (1) түрткіштегі кұшті күйентеге беруге арналған. Штанга бітеу болат шыбықтан немесе іші қуыс болат стерженьнен жасалады. Штанганын ұшында ажарланған, қыздырып өнделген ұштық болады. Төменгі ұштықтың формасы шар тәрізді. Ол түрткіштің шар тәрізді ойығына тіреледі. Жоғарғы ұштық шар формалы немесе ойығынын беті шар тәрізді болуы мүмкін. Оған күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы тіреледі.

Түрткіштер

Т ү р т к і ш т і (29-сурет) болаттан жасайды. Конструкциясы бойынша ол цилиндрлі, санырауқұлақ тәрізді немесе тербелмелі роликті болып бөлінеді. Цилиндрлі (4,6) және саңырауқұлақ тәрізді (2,7) түрткіштердін (29, а-сурет) штанг орнататын шар тәрізді ойығы болады. Осы түрткіштін төменгі бөлігінін жалпақ немесе шар тәрізді тіреуіш беті болады. Қозғалтқыш жұмыс істеуі үшін бір мезетте ілгерілмелі және айналмалы қозғалыс жасалады. Түбі жалпақ болған жағдайда айнымалы қозғалысты тудыру үшін таратқыш білік жұдырыкшасынын осімен салыстырғанда түрткіш осі біршама ығысады, ал түбі дөнес болған жағдайда —біршама конусты келетін таратқыш біліктін жұдырықшасын пайдаланады. Соның нәтижесінде түрткіштің жанасу нүктесімен салыстырғанда онын осі біршама ығысады.

Тербелмелі роликті түрткіш (29, б-сурет) бір иінді рычаг түрінде жасалған. Түрткіштің бір жағындағы жуандау тұсында тесігі бар, оған қола втулка (11) престеліп орнатылады. Осы тесік арқылы іші қуыс ось өтеді, ол тіреуішпен блок-картерге бекітілген. Түрткіштің екінші жақ ұшына ролик (9) орнатылған, ол инелі подшипникте айналып, таратқыш біліктің жұдырықшасымен жанасады. Ролик астындағы түрткіштің қашап кеңейтілген ойығына өкшелік (10) орнатылған, осы өкшеліктің шар тәрізді ұясына штанганың төменгі ұшы тіреледі.

Comments

Добавить комментарий