Қозғалтқыш. Қаңқасы

Қозғалтқыш қаңқасы негізі болып саналады, оның ішінде және сыртында детальдар механизмі мен қозғалтқыш жүйелері орналасқан.

Автотрактор двигателінің қаңқасы бір-бірімен қосылған бірнеше қозғалмайтын бөлшектен тұрады (14-сурет). Двигательдің типіне және қуатына қарай қанқанын құрамдас бөлшегінін кейбір конструкциялық айырмашылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.

 

Қозғалтқыш

 

Көп цилиндрлі қозғалтқыш каңқасының негізгі бөлшегі  — блок — картер.

Блок-картер (15-сурет) қазіргі кездегі көпшілік двигательдерде бірыңғай қорап күйінде құйылып, цилиндрлері   бір қатарға   орналасқан.

Блок-картердің   қатандығын   арттыру және бірнеше бөліктерге бөлу үшін, оның іші бөлінген.   Горизонталь бөлік (2) оны 2ге бөледі: жоғарғысы — цилиндрлер блогы және төменгісі — картер. Блокка цилиндрлер гильзасы орнатылып, ол жоғарғы плита тесігі мен горизонталь бөлікке нығыздап сұғындырылады. Блоктын бір жағын бойлай тұтастай тік бөлік (6) алып жатыр, ол штанг камерасын (7) су тысынан бөледі.

Тік бөліктін, блок кенересінің және цилиндрлер гильзасының аралығындағы қуысты сумен  толтырады. Төменгі бөлігі — картер — ұлғайтылған, өйткені онда белгілі  бір кривошип радиусы бар иінді білік айналады. Картер бірнеше бөліктерге (4) бөлінген.

көп цилиндрлі двигатель

 

Детальдар

Бұл бөліктердің  төменгі жағында   құйылма (7) бар   (16, а-сурет);  ол қақпақпен (6) бірге иінді біліктің түпкі подшипнигінің  тірегіш  қызметін   атқарады. Камера  штангісі жағындағы  картер бөліктеріндегі  таратқыш   (жұдырықшалы) білік астында тесік (9) болады. Су тысындағы  су картерге енбеуі үшін горизонталь  бөліктің қашап кеңейтілген жеріне нығыздауыш сақина (8) орналасқан. Блоктың су тысы жоғарғы  плитадағы тесік   (2)   аркылы цилиндр қалпақшасының  су тысымен жалғасады. Жоғарғы плитада шпилькаға   арналған бұрандалы   тесік (3) бар, ол цилиндр қалпақшасын блок — картермен және штанг саңылауын (1) түрткішпен жалғастырады. Блокка насостан  су тысына су жеткізетін канал (4)  құйылып жасалған, двигательдің кейбір   үйкелетін детальдарына   май жіберетін санылау   мен канал (5) тесілген.

Блок-картердегі (16, б-сурет) V — тәрізді  двигательде   цилиндрлер   гильзасын (10) рет санына қарай орналастыратын   үлкен   саңылау   жасалған. Барлық цилиндрлердің сырткы кенересі жалпы су тысымен біріккен. Блок-картердін ортанғы   бөлігіндегі таратқыш  білік втулкасының   астында қашап кеңейтілген санылау (9) бар. Картер бөліктеріне шпилькамен (14) иінді біліктің түпкі   подшипниктерінің какпағы (6) бекітіледі. Жартылай блоктың (11 және 13) А жазыктығына цилиндрлер қалпақшасын орнатады.

Ауамен салқындатылатын двигательдің сұйықтықпен салқындатылатын двигательден  айырмашылығы — блок-картері болмайды. Оның барлык детальдары картерге құйып орналастырылған  (16, в-сурет). Картердің жоғарғы плитасына цилиндрлер гильзасын (15) орнататын саңылау (16) жасалған. Цилиндрлер   гильзасы цилиндрлер   қалпақшасымен бірге  арнайы шпилькамен картердің жоғарғы жазык бетіне бекітіледі. Цилиндр мен картер аралығына нығыздауыш   аралык мыс төсем (18) орнатылған.   Картер ішіне, сұйықтықпен салқындатылатын двигателі сияқты, иінді және таратқыш біліктер орналасқан.

Әрбір блок-картердің сыртында өңделген  құйылма және  әр түрлі агрегаттар   мен құрастырма   бөлшектерді бекітетін  бұрандалы   саңылауы  бар алаңша болады. Судың немесе майдың ақпауы  және блок-картерге  лас заттардың түспеуі  үшін олардың аралығына, сондай-ақ детальдардың түйіндескен жерлеріне  төсем немесе сальник  қояды. Блок-картердің  өңделген алаңшасына  қозғалтқыш    қаңқасының құрамдас детальдары: жоғарғы жағына — цилиндрлер   қалпақшасы, артына — маховик   картері,   алдына — таратқыш шестерня картері, төменгі жағына — картер түбі бекітілді.

Көп цилиндрлі двигательде цилиндрлер қалпақшaсы (7) сырткы формасы жағынан калың шойын плитаны елестеді, ол блок-картерді үстіңгі жағынан жауып тұрады (17-сурет). Қалпақшаның төменгі жағы мүқият өңделген және ол барлық төрт цилиндрлердің жану камерасының жоғарғы кенересі болып табылады. Қалпақшада клапандар, форсункалар, штангілер саңылауы, ендіру (1) және шығару (4,22) каналдары орналасқан. Каналдар мен қалпақшалар кенересінің аралығындағы су тысы (16) деп аталатын қуыска су толтырылады.

Газ бен су шығып   кетпеуі үшін   цилиндр қалпақшасы мен блок — картер аралығына металл — асбест төсем (21) салады.

Цилиндрлер гильзасының төсемі астындағы және клапандар механизмінің май жүретін (түтікше (23) арқылы) саңылаулары болат қаңылтырмен көмкерілген.

Қалпақшаның жоғарғы жағына клапандарды іске қосатын детальдар бекітіліп, олар қалпақты (5) қақпақпен жабылады. Қалпаққа сапун (3) қондырылған. Ол картер қуысын атмосферамен жалғастырады. Сапун — цилиндрден енетін газдың майды сығып шығуына жол бермеу үшін қажет. Цилиндрден картерге енген ауа мен газ сапун арқылы сыртқа шығады. Егер қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, ондағы суынған ауа қысымы атмосфералық қысымнан төмен болса, онда сырттағы ауа картерге сапун арқылы енеді. Мұндағы майға шыланған сым орамы ауаны шаңтозаңнан тазартады. Кейбір двигательдерде сапун блоктың бүйір кенересінде (штанг камерасы жағында) немесе картерге май құятын кақпақтың қылта аузында орналасқан. Карбюраторлы двигательдің көпшілігінде картердің еріксіз түрде атқарылатын желдеткіші болады, соның көмегімен ондағы пайдаланылған газ бен отын буы шығады.

Ауамен салқындатылатын двигательде әр цилиндрге бөлек қалпақша жасалады. Қалпақшаның сыртқы беті салқындатқышпен жабдықталған.

Блок-картердің төменгі жағына қуыс түп (15) бекітілген ол май резервуары қызметін атқарады, әрі двигательдің төменгі бөлігін жауып тұрады. Қуыс тұптің ажыратылатын жерлеріне тығыннан немесе парониттен төсем салынады. Трактор жұмыс істеген кезде май шамалы шайқалу үшін қуыс түпке тыныштандырғыш (19) орнатылған. Таратқыш шестерняның (11) картері отын гидравликалық және май (16) насостары жетегі арқылы иінді білік­тен (17) таратқыш білікке (18) айналысты беретін шестерняларды (11) жабады.

 

Қозғалтқыш асқышы. Таратқыш шестерня картерінің қақпағында двигательдің алдыңғы тірегі (11) құйып орнатылған. Тірек резеңке металды амортизатор (12) арқылы кронштейнге (13) бекітіліп, ол рамаға орнатылған. Амортизатор қозғалтқыш мен трактор қаңқасының дірілін басады. Қозғалтқыш арт жағынан трансмиссия корпусына болат қаңылтыр арқылы (20) бекітілген. Двигательдің бұлайша асылуын үш нүктелі деп атайды. Сонымен қоса үш, төрт, алты нүктелі және консольды қозғалтқыш аспасы деп бөлінеді. Консольды аспа жағдайында (мәселен, өздігінен жүретін шассиде) двигательдің артқы бөлігі трансмиссия корпусына қатаң бекітілген, ал алдыңғы тұсында тірек болмайды. Алты нүктелі аспада алты солқылдақ резеңкеметалл амортизатор көмегімен қозғалтқыш рамаға тіреледі; оның екеуі алдында және төртеуі — артында орналасқан.

Маховик картері маховиктік орын ауыстыру двигательді рамаға бекіту және әр түрлі агрегаттарды (мәселен, іске қосу двигателі, іске косу құрылғысының редукторы т. б.) жалғастыру үшін қолданылады. Бірқатар двигательдердің маховик картерінде поршеньніц жоғарғы өлі нүктесін айқындайтын құрылғы (стрелкалы көрсеткіш, қысқышы бар саңылау) болады. Трактор двигателінің түбінен басқа қаңқа детальдары шойыннан құйылады, ал кейбір автомобиль двигательдері — алюминий қорытпасынан жасалады.

Comments

Добавить комментарий