Карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс циклі

Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің басты айырмашылығы, онда ауа мен отын цилиндрге бір мезетте, карбюраторда әзірленген жанғыш қоспа түрінде келеді.

Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің. әрбір тактісі, дизельді двигатель секілді, клапандарының орналасуы және поршень қозғалысының бағыты бойынша сипатталады. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі былайша өтеді.

Карбюраторлы двигатель

Енгізу — поршень  төмен  қарай ығысады. Енгізу клапаны ашылады. Цилиндрдегі ауаның сиреуі нәтижесінде оған енгізу каналы арқылы жанғыш қоспа келіп, ол қалдық газбен араласады да, соның нәтижесінде жұмыстық қоспа пайда болады.

С ы ғ ы л у поршень жоғары қарай жылжиды. Енгізу және шығару клапандары жабылады. Поршень үстіндегі көлем кішірейіп, жұмыстық қоспа сығылады, сонын нәтижесінде бензин буының булануы және ауамен араласуы жақсарады. Такт соңында қысым 1,0-1,2 МПаға, ал температура 350- 400°С дейін жетеді.

Жұмыстық жүріс — жану және ұлғаю. Екі клапан да жабық болады. Такт соңында сығылған жұмыстық қоспа ұшқын арқылы тұтанады. Үлғайған газдың қысымы әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ығысады. Газ қысымы 2,5-4,0 МПаға, температура 2000°Сқа дейін жетеді.

Ш ы ғ a р у — поршень жоғары қарай жылжиды. Шығару клапаны ашық тұрады. Пайдаланылған газ шығару каналы арқылы сыртқа шығады.

Comments

Добавить комментарий