Қағаз ақшалардың пайда болу тарихы

Бірінші қағаз ақшалары орта ғасырларда Қытай мемлекетінде қолданыс тапқан. 1286 жылы Қытайға іссапармен барып келген  Марко Поло Еуропаға қағаз ақшалар туралы мәлімет алып келген.

Ең бірінші қағаз ақшалары

Қытай. Ең бірінші қағаз ақшалары.

Еуропада қағаз ақшалар 1716 жылы Францияда қолданыс тапқан. Оны енгізу жоспарын Джон Ло жасаған.

Франция. Ең бірінші қағаз ақшасы

Франция. Ең бірінші қағаз ақшасы

Қағаз ақшаның пайда болуына себеп болған :

  1. Төлем кезіндегі ыңғайлығы;
  2. Шығаруға аз қаражат кетеді;
  3. Сақтауға ыңғайлы;
  4. Мемлекет үшін құнды металдарды үнемдейді;
  5. Айырбастауға оңай;
  6. Тасымалдауы арзан және жеңіл;
  7. Түрлі номиналдарды өлшемей –ақ енгізуге болады (метал ақшаға қарағанда);
  8. Істен шыққан және тозған банкноттарды тез ауыстыруға болады.

Қағаз ақшаның кемшіліктері – оларың өз құндығы жоқтығы, айналымнан шыққаннан кейін құны кетеді, инфляцияға ұшырайды.

Қағаз ақша

Кәзіргі кезде қағаз ақшаларын барлық мемлекеттер қолданады, ал кейбір қағаз ақшалар басқа мемлекеттерде заңды түрде төлем құралдары ретінде ресми қабылданады, мысалы, АҚШ доллары, еуро.

Дамыған елдерде қағаз ақшасының айналымын азайту бағытында жұмыс жасап жатыр, орнына электрондық ақшалар енгізіп келеді.

Добавить комментарий