Газ тарату механизмнің ақаулары

Двигательді пайдаланған кезде газ тарату  механизмі детальдарының үйкелетін беттері тозып олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштін, бөлінген күйенің әсерінен клапандардын ершікке  орнығуы бұзылады.

Газ тарату  механизмінің негізгі акаулары мыналар: клапан фаскасының және оның ершігінің тозуы мен күйюі, клапан стерженінің және оның бағыттауыш втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасынын, штанға мен   түрткіш ұштығы­ның, таратқыш біліктің жұдырықшасы  мен мойынының, таратқыш біліктің тірек втулкасы мен таратқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойылуы. Бұл аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның, қуаты кеміп, тиімділігі төмен дейді.

Газ тарату  механизмінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін «Машиналарға техникалық қызмет көрсету жүйесі» пәнінен белгілі техникалық қызмет көрсету ережелеріне сәйкес тиісті операцияларды атқару кажет. Бұған жататындар: цилиндрлер қалпақшасын, күйенте білікшесі тірегін және баска детальдарды тексергіш бекітілген тұстарын қатайтып бұрау, клапандар мен күйентелердін, декомпрессиялык механизмнің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру.

Егер клапандардың ашылып-жабылуы газ тарату  фазасының диаграммасына сәйкес келсе  және де ол жабылған қалпында   цилиндрлер қалпақшасынын тесігін нығыз жапса, онда қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істейтін болады. Клапандардын дер кезінде ашылып-жабылмауы клапандар мен күйентелер арасындағы саңылаудын бұрыш тығынан болуы мүмкін.

Автотрактор  двигательдерінде клапандарды қалыпты   саңылау мәні қосымшада   берілген. Клапандар ме күйентелер   арасындағы   саңылауды тым кіші немесе тым үлкен болуы қозғалтқыштың  қуатын   кемітіп,   отынын меншікті шығынын арттырады. Саңлау аз болған жағдайда қызып тұрған қозғалтқыштыңклапаны ұяға нығыз орналаспайды да  мұның өзі клапан фаскасы мен  ершіктің  тез күюіне себеп болады.  

Саңылау үлкен   болған жағдайда клапандардың ашық тұру ұзақтығы кеміп (газ тарту фазасынын диаграммасын қара), сонын әсерінен клапандар   орналасқан  тұстан    металл шыңылы естіліп, мұның ақыры күйенте соққысының және клапан стерженінің тез тозуына әкеп соғады.

Comments

Добавить комментарий