Газ тарату механизмнің құрылысы мен жұмысы

   Төрт тактілі двигательдерде клапанды газ таратқыш механизм қолданылады (24-сурет), ол цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді двигательдерде) немесе жанғыш қоспа (карбюраторлы двигательдерде) жеткізу және ) цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Осы мақсатта клапандар белгілі бір моментте цилиндрлер    қалпақшасындағы   енгізу және шығару  тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар қозғалтқыш цилиндрлерін енгізу және  шығару түтік желілердмен жалғастырады.     

Газ тарату механизмінің

Клапанды газ таратқыш механизмнің екі түрі: жоғары және бүйірге орналасқан клапандар болады.  Оқыты­латын автотрактор двигательдерінде таратқыш механизмнің клапаны жоғары орналасқан түрі қолданылады. Ол цилиндрлер қалпақшасына орнатылады.

Газ таратқыш механизмнің құрамына серіппелі енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қабылдап бергіш детальдарі таратқыш білік пен шестернялар кіреді.

Газ таратқыш механизм былайша әрекет етеді. Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті (14) айналдырады. Таратқыш біліктің жұдырыкшасы түрткішті (13) жылжыта отырып, оны штангамен (12) қоса көтереді, ал осы кезде оның екінші шеті төмен жылжып, клапанды (3) басады да, клапан серіппесін (6) сығады.

Таратқыш біліктің жұдырықшасы түрткіштен шыққан кезде штанга мен түрткіш түседі, ал клапан серіппе әсерінен ершікке отырып, канал тесігін нығыздап жабады.

Қозғалтқыштыңнегізгі жұмыстарын оқыған кезде клапандардың ашып-жабылуы поршеньнің жоғарғы және төменгі өлі нүктесінде болатындығы атап көрсетілген еді. Цилиндрлерді пайдаланылған газдан мұқият тазарту және оған таза ауа немесе жанғыш қоспа толтыру үшін клапандардың ашылып-жабылуы поршеньнің өлі нүктедегі қалпына сәйкес келмейді. Қозғалтқыштыңқуаты көп жағдайда цилиндрге таза ауаның немесе жанғыш қоспаның қаншалықты толғандығына және оның пайдаланған газдан қаншалықты тазарғандығына байланысты болады.

Қозғалтқыш цилиндрлеріне ауа немесе жанғыш қоспа неғүрлым көбірек енуі үшін енгізу клапаны поршень жоғарғы өлі нүктеге әлі жетпей тұрған кезде (бұрынырақ) ашылады.  Иінді білік өте жоғары жиілікпен айналатындықтан енгізу тактісі де жиі қайталанады, сол кезде енгізетін түтік жолында ауа қысымы пайда болады. Сол себептен поршень жоғары жүргеніне қарамастан қозғалтқыш цилиндрлеріне ауа енеді. Және де осы себептен поршень өлі нүктеден өткеннен кейін ауа өз инерциясымен ашық клапан арқылы цилиндрлерге келеді. Осы кезде енгізу клапаны аздап кешігіп жабылады. Клапандардың ашылу моментінен олардың жабылу моментіне дейінгі кезеңді (бұл иінді біліктің айналу градусымен өрнектеледі) газ тарату дың фазасы деп атайды.

 

 

Газ тарату  фазасын таблица немесе айналма диаграмма түрінде бейнелейді.

Газ тарату

25-суретте қазіргі трактор двигательдерінің біреуінің газ тарату  диаграммасының фазасы келтірілген. Енгізу клапанының ертерек ашылуын және кешігіңкіреп жабылуын жүзеге асырудың нәтижесінде енгізу тактісін 180 градустан 242 градусқа дейін ұзартуға мүмкіндік туды.

Дизельді қозғалтқыштың  енгізу клапаны жабылғаннан кейін ауа сығылады, жану камерасына отын бүркіледі, поршеньнің жұмыстық жүрісі жасалады. Пайдаланылған газдың цилиндрден шыға бастауы немесе шығару клапанының ашылуы, поршень төменгі өлі нүктеғе келмей тұрып, иінді біліктің бұрылу бұрышы 56°-қа жеткенде өтеді. Поршень төменгі өлі нүктеге жеткен сәтте пайдаланылған газдың бір бөлігі цилиндрден шығады да, мұның өзі шығару тактісі кезінде поршень итерілгенде ондағы газдың қарсы қысымын бәсеңдетеді. Поршень жоғарғы өлі нүктеден өткеннен кейін шығару клапаны жабылады. Шығару клапанының ашылу ұзақтығы иінді біліктіқ бұрылу бұрышы бойынша 252° болады.

Шығару тактісінің соңында және енгізу тактісінің басында екі клапан да біраз уакыт бір мезетте ашық тұрады, мұның өзі иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша 32°қа сәйкес келеді. Клапандардың бұлайша қайталап жабылуы цилиндрге таза ауаның еніп, ондағы пайдаланылған газдың жақсы тазаруына мүмкіндік береді. Газ тарату  фазасы негізінен алғанда қозғалтқыштыңнінді білігінің айналу жиілігіне байланысты. Иінді біліктің айналу жиілігі неғүрлым жоғары болған сайын, газ тарату  фазасының бұрышы соғүрлым үлкен болады.

Клапанның ашылу және жабылу сәтін таратқыш білік жұдырықшасының профилі және клапандар мен күйентелердің арасындағы саңылау бойынша анықтайды.

Comments

  1. 2 тактілі карбюраторлы Іштен жану ?оз?алт?ышыны? ж?ысты? циклі поршеньні? 2 ж?рісі кезінде, я?ни иінді білікті? 1 айналысында орындалады. М?ндай ?оз?алт?ышта?ы сы?ылу, жану ж?не ?л?аю процестері іс ж?зінде 4 тактілі Іштен жану ?оз?алт?ышымен ??сас. 4 тактілі Іштен жану ?оз?алт?ышымен салыстыр?анда 2 тактілі ?оз?алт?ышты? ?уаты аз болады.

Добавить комментарий