Карбюраторлы қозғалтқыш. Екі тактілі.

Екі тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі (9-сурет). Екі тактілі двигательде клапандар болмайды. Іске қосқыш двигательде жанғыш қоспаның енуі және пайдаланылған газдың шығуы, цилиндр саңылауы арқылы жүзеге асырылады; мұндайда цилиндр санылауы қозғалып тұрған поршеньмен дер кезінде ашылып, жабылып тұрады.

Екі тактілі қозғалтқыш

Поршень (2) жоғары жылжығанда (9, асурет) цилиндрдін шығару саңылауын (3) жабады, соның нәтижесінде поршеньде жұмыстық қоспа сығылады. Сонымен бір мезетте поршень астындағы ауа сиреп, карбюратордан (4) цилиндрдің енгізу саңылауы (5) арқылы жанғыш қоспа кривошипті камераға (6) сорылады.

Поршень жоғары өлі нүктеге жақындаған кезде оталдыру свечасында (1) электр ұшқыны пайда болады (9, бсурет) да, цилиндрдегі жұмыстык қоспа тұтанады. Осымен бірінші такт аяқталады.

Жұмыстық қоспаның жануы нәтижесіде пайда болған газ қысымы әсерінен поршень төмен қарай ығысады да,  жұмыстық жүріс  жасайды,  цилиндрдің жұмыстык, жүрісі шығару саңылауы ашылғанша және пайдаланылған газ шығару түтігі арқылы сыртка шыққанша өтеді. Поршень төмен қарай ығысқанда кривошипті камерадағы жанғыш қоспа сығылады. Екінші тактінін соңында поршень үрлеу каналының (7) саңылауын ашады да, кривошипті  камерадағы  жанғыш  коспа цилиндрге айдалып, ондағы пайдаланылған газды ығыстырып шығарады (9, всурет). Осылайша үрлеу пайда болып, сонымен бір мезетте цилиндрге жаңадан жанғыш қоспа толады. Мұндайда жанғыш қоспаның шамалы бір бөлігі пайдаланылған газбен бірге шығады. Сөйтіп, поршеньнің екі жүрісін­де (екі тактіде) толық жұмыс циклі жасалады.

Жұмыс процесі осылайша сипатталатын двигательдерді кривошипті — камералы үрлемелі двигательдер деп атайды. Төрт тактілі двигательдерге қарағанда, бұл двигательдер конструкциясы мен пайдаланылуы жағынан қарапайым келеді. Олардын жұмысының біршама біркелкі болатын себебі сол, жұмыстык, жүрісі иінді біліктің әрбір айналымында өтеді. Алайда төрт такігілі двигательге қарағанда, екі тактілі двигатель онша үнемді емес. Үрлеу кезінде шығару саңылауы арқылы 30 %-тей жанғыш қоспа шығындалады. Сондықтан да екі тактілі карбюраторлы двигательді қысқа мезгілді жұмысқа — трактордың дизельді двигателін жүргізу үшін ғана пайдаланады.