Двигательдің жалпы құрылысы

Қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істеуі үшін цилиндрлерге жанғыш қоспа белгілі пропорцияда (карбюраторлы двигательде) немесе отынның белгілі бір мөлшері нақты бір кезенде жоғары қысыммен (дизельді двигательде) берілуі тиіс. Үйкелісті, отын жіберуді, сызылып мұқалуды және тез тозуды болдырмау және жұмыс шығынын азайту үшін үйкелетін детальдар майланады. Цилиндрлерде қалыпты жылу режимін жасау мақсатында қозғалтқыш салқындатылады. Жоғары сығылу дәрежесі кезінде дизельді двигательді қолмен оталдыруға болмайды. Оны іске қосқыш құрылғымен жабдықтайды. Тракторларға, комбайндарға және автомобильдерге орнатылатын барлық двигательдердің конструкциялык схемасы бір типтес және де белгілі бір функцияны атқаратын механизмдер мен жүйелерден тұрады.

Тракторға немесе өздігінен жүретін комбайнға орнатылатын дизельді қозғалтқыш мынадай механизмдер мен жүйелерден тұрады.

Кривошипты-шатунды механизм поршеньдердің тура сызықты козғалысын иінді біліктін айнымалы қозғалысына келтіреді, мұның өзі механикалық энергияның берілісі үшін, трактордың жетекші доңғалақтарын, комбайндар мен ауыл шаруашылық машиналарының жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіруде өте қолайлы болып саналады.

Газ таратқыш механизмі клапандар  жұмысын басқарады,   мұның өзі поршеньдердің белгілі бір қалпында қозғалтқыш цилиндрлеріне ауа жіберуіне, оны белгілі бір қысымда сығып тұруға және цилиндрлердегі пайдаланылған газды шығаруға мүмкіндік береді.

Қоректендіру жүйесі отынның белгілі бір мөлшерін нақты бір кезеңде тозаңдатылған күйінде қозғалтқыш цилиндрлеріне беріп тұруды камтамасыз етеді.

Майлау жүйесі үйкелетін детальдарға майды үнемі беріп тұруды және ондағы қызуды қайтаруды камтамасыз етеді.

Салқындату жүйесі жану камерасының кенересін катты қызудан корғайды және цилиндрлерде қалыпты жылу режимін сақтайды,

Іске қосу жүйесі дизельді двигательді жүргізген кезде иінді білікті айналдыру үшін қажет.

Трактордың дизельді двигателіндегі әр түрлі жүйесінің құрамдас бөлшектерінің орналасуы 12-суретте көрсетілген.

Двигательдің жалпы құрылысы

Двигательдердін комбайндық езгертілген түрі трактордың қуаты осындай базалық двигательдерінен үйлестіріліп жасалған.

Өздігінен жүретін астык комбайндарының трактор двигательдерінің# айырмашылығы оған қуат алу шкивтері жабдықталған. Иінді біліктің алдыңғы шетіне комбайнның жетекші доңғалағы белдігін жетекке қосатын шкив орнатылған. Бұл шкив генераторды, су насосын, желдеткішті және гидравликалық насосты жетекке косу үшін де пайдаланылады.

Иінді біліктің артқы шеті ілініс арқылы білікпен қосылған, оған комбайнның жұмыс органдарының жетек шкиві орнатылған. Жұмысшы органдардың жетегін қосатын рычаг комбайн кабинасында орналасқан.

Барлық астық жинайтын комбайндар түтікпен үрлеп толтырылатын дизельді   двигательмен   жабдыкталған.

Двигательді электр стартерімен немесе іске қосқыш двигательмен оталдырады.

Комбайн двигателі рамаға орнатылған, ал ол молотилка корпусына бекітілген. Молотилка корпусын қозғалтқыш дірілінен қорғайтын амортизаторларды молотилка рамасы мен корпусы аралығына («Колос») немесе қозғалтқыш тірегі мен рама аралығына («Нива») орнатады.

Автомобильдің карбюраторлы двигателінің механизмдері мен жүйелері трактордың дизельді двигателіндей, тек оның мынадай айырмашылығы бар:

автомобиль двигателінің қоректендіру жүйесі арнайы прибор — карбюраторда жанғыш қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге беруге арналған:

карбюраторлы двигательдің цилиндрлеріндегі жұмысшы қоспаны оталдыру үшін оталдыру жүйесі орнатылған.

Автомобиль двигателінің құрамдас бөлшектерінің орналасуы 13суретте көрсетілген.

Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

Comments

Добавить комментарий