Двигательдердің негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері

Қозғалтқыш жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері — бұраушы моменті, қуаты, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті.

Қозғалтқыш цилиндрлерінде отын жанған кезде бөлінетін жылу энергиясының бір бөлігі механикалық энергияға айналады. Поршеньге әсер ететін газ қысымының күші шатун арқылы кривошипке беріледі де, двигательдің иінді білігінде бұраушы момент туғызады.

Бұраушы момент — бұл айналмалы кривошипті кривошип радиусына көбейтуші күш. Бұраушы момент ньютонметрмен (Нм) өрнектеледі. Белгілі бір бұраушы моментті дамыта отырып қозғалтқыш жұмыс істейді.   Белгілі бір уақыт бірлігінде атқарылған жұмысты қуаты деп атайды.

Қозғалтқыш    қуатын     киловатпен (кВт) өлшейді.  Двигательдің қуатын индикаторлық және  тиімділік деп бөледі. Индикаторлық  қуат деп жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш цилиндрі ішіндегі газдың  дамитын қуатын айтады. Тиімді немесе нақты куат деп иінді білік алатын   қуатты   айтады.   Тиімді қуат  индикаторлық қуаттан   1012% кем, олай болатын себебі қуаттың біразы қозғалтқыш механизмдеріндегі үйкеліс күшін жеңуге қосалқы құрылғыларды (насостар,   желдеткіш, генератор т. б.) іске қосуға жұмсалады. Цилиндрдегі газ қысымы, иінді біліктің айналу жиілігі   және цилиндрдің жұмыстық  көлемі артқан  сайын двигателдін, қуаты арта түседі.  Двигательдің тиімді қуатының формуласы мынадай:

Двигательдердің   негізгі   керсеткіштері мен ерекшеліктері

Двигательдің тактілігі дегеніміз — бұл иінді біліктің қанша айналымында жұмыс циклі жасалатындығын көрсететін сан. Қозғалтқыш қуатын анықтайтын    формуладан    байқалатыны — t және Ре шамалары тұрақты болғанда қуаттың өзі литражға және иінді біліктің айналу санына байланысты болады. Егер литражды өзгертпей иінді біліктің айналу жиілігін арттырса, онда трактор энергиямен  қанықтырылады. Мұндай трактордың барлық берілістегі жүру жылдамдығы — двигательдің иінді  білігінің айналу  жиілігі қанша есе артса, сонша  есе көп болады. Тек осы иінді біліктің айналу жиілігін арттыру   есебінен   ауыл   шаруашылығы , тракторларыныц жұмыстық жылдамдығы соңғы жылдары 2г5-4,16 м/с-ке, (9-15 км/сағ.) артты. Литражды   арттыру двигательдің көлемін үлғайтады. Трактордың тарту класы  жоғары болған  сайын, оның двигателінің литражы көбейеді, демек, куаты артады.

Двигательдің механикалық пайдалы әсер коэффициенті деп тиімді куаттың индикаторлық қуатка қатынасын айтады. Ол негізінен алғанда детальдарды өңдеу сапасына, үйкелетін детальдардың майлануына  және двигательді дұрыс кұрастыруға байланысты.

Тиімді пайдалы әсер коэффициенті деп механикалық жұмыска айналған отын мөлшерінің сол отында болатын жылу мөлшеріне қатынасын айтады. Тиімді пайдалы әсер коэффициенті 0,26-0,37 аралығында болады. Карбюраторлы двигательде  ол төменгі, ал дизельді де жоғарғы шамаға жуықтау болады. Түзік двигательдерде 30%-ке жуық жылу тиімді қуат алуға жұмсалады. Қалған жылу энергиясы механикалық шығынға (~10%), салқындаған суды қыздыруға («35%) және двигательге («10%) жұмсалады, соңдай-ақ пайдаланылған газбен шығарылады («15%).

Двигательдің үнемді жұмысы меншікті отын шығынымен сипатталады. Меншікті  отын   шығынын   анықтау үшін сағаттық отын шығынын двигательдің тиімді қуатына бөледі. Дизельді двигательде меншікті отын шығыны 72 мкг/Дж [195 г/э. а. қ сағ/]. Егер двигательдегі үйкелетін детальдар тозған, дұрыс ретке келтірілмеген немесе майланбаған болса, онда куаты  кеміп, үнемділігі төмендейді.

 

Comments

  1. Приветствую хозяина и гостей сайта aksha-zhasau.ru

    Меня зовут Алиса, и я гостья на вашем сайте, честно я просто читаю и смотрю как и что сделано 🙂

    Спасибо большое, всем удачного нового года !

Добавить комментарий