Дизельді қозғалтқыштың жұмыс циклі

Цилиндр ішіндегі поршеньнің бір жүрісінде өтетін процесті (цикл бөлігін) такт  деп   атайды.   Поршеньнін төрт жүрісінде өтетін жұмыс циклін төрт тактілі двигатель деп атайды.

Төрт тактілі дизельдік двигательдің жұмыс циклі. Жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндрлерінің біреуінде кендей құбылыс болатындығын қарастыралық.

Дизельді қозғалтқыштың жұмыс циклі

 

1 — такт — енгізу (8, а-сурет). Иінді біліктегі шатунның кемегімен nopшень төмен қарай ығысады, дәл осы кезде ол кәдімгі насос секілді цилиндрдегі ауаны сиретеді. Ауа қысымында айырым болғандықтан ашық тұрған енгізу клапаны арқылы цилиндрге таза ауа толады. Бұл кезде шығару клапаны жабық тұрады. Тактінін аяғында енгізу клапаны да жабылады.

Двигательдің бастапқы жұмысында иінді білік басқадай энергия көзімен, мәселен электр стартерімен немесе іске қосатын двигательмен айналады. Енгізу тактісінін сонында цилиндрдегі қысым орта есеппен 0,08-0,095 МПа, температурасы 30-50° С болады.

2 — такт — сығылу (8, б-сурет). Иінді біліктін көмегімен поршень жылжи отырып, жоғары қарай ығысады. Осы кезде екі клапан да жабық тұрғандықтан поршень ауаны сығад. Сығылған кезде ауа температурасы көтеріледі. Сығылу дәрежесі өте жоғары болғандықтан дизельді двигательдің цилиндрдегі қысымы 4 МПаға дейін артып, ауа температурасы 600° С дейін қызады. Сығылу тактісінің сонында форсунка арқылы цилиндрге дизель отынының белгілі бір мөлшері майда тозандатылған күйінде бүркіледі.

3     — такт — жұмыстық жүріс, немесе ұлғаю (8, в-сурет). Отыннын майда түйіршіктері қызып сығылған ауаға жанасканда өздігінен тұтанады. Форсунка арқылы отынның берілуі және оның жануы поршень жоғарғы өлі нүктеге жеткенше созылады. Осы кезде отыннын өздігінен тұтануы кешігуінен, отын негізінен алғанда осы так­тіде жанып бітеді. Жұмыстық жүрісте екі клапан да жабық тұрады. Жану кезінде газ температурасы 2000° С дейін, қысым 8 МПаға дейін көтеріледі. Ұлғайған газдын, аса жоғары қысымы нәтижесінде поршень темен қарай ығысады және қабылдаған күшті шатун арқылы иінді білікке береді, сөйтіп оны механикалық жұмыс өндіруге мәжбүр етеді.

4-такт — шығару (8, г-сурет). Поршень жоғары қарай ығысқан кезде шығару клапаны ашылады. Пайдаланылған газ — әуелі артық қысымның сонан соң поршеньнің әсерінен цилиндрден шығады. Поршень жоғарғы өлі нүктеге жеткен кезде шығару клапаны жабылып, енгізу клапаны ашылады да, жұмыс циклі қайталанады.

Карбюраторлы двигательге қарағанда дизельді двигатель едәуір үнемді. Сығылу дәрежесі ете жоғары болғандықтан ол отынды 25% кем жұмсайды (атқарылған жұмыс бірлігі бойынша).

Дизельді двигательдер өрт шығару қаупі шамалы келетін ауыр отын сортымен жұмыс істейді.

Алайда дизельді двигательдердің өзіне тән кейбір кемшіліктері де бар; олар тым үлкен, өйткені цилиндрдегі газ қысымы өте жоғары келетіндіктен детальдардың беріктігін арттыруға тура келеді;

карбюраторлы двигательдерге қарағанда оны жүргізу (әсіресе қыста) өте қиын.

Comments

Добавить комментарий