Декомпрессиялық механизм

Дизель двигателінің механизмін ретке келтіргенде немесе іске коскан кезде, иінді білікті бұрау үшін, цилиндрге сығылып келетін ауа кедергісін женуге қыруар күш кетеді. Осы кедергіні жену үшін бірқатар двигательдерде қосалқы декомпрессиялык механизм (декомпрессор) қолданылады, соның көмегімен енгізу клапанын, ал кейбір двигательдерде барлық клапанды қолмен ашады, сонда сығылу тактікезінде цилиндрлердегі   ауа сыртка шығады. Осынын нәтижесінде иінді білікті айналдыруға қажетті күш едәуір төмендейді. Декомпрессиялық механизм двигательді іске косу жүйесіне
енгенмен, конструкциялық тұрғыдан алғанда ол газ тарату  механизмдеріне бірігеді.

Декомпрессиялық механизм

 

Күйентеге әсер ететін декомпрессиялық механизм (32, а-сурет) күйентелерге орнатылып, бір-бірімен жалғасқан екі білікшеден (6) және бекіткіші бар тұтқадан (1) тұрады. Білікшелердің қарама-қарсысындағы әрбір клапанда винт (2) болады. Декомпрессиялық механизм ажыратылған қалпында тұрған кезде винт қалпақшалары білікшілердің бүйір жағына қарай орналасады да, таратқыш механизмнің бірқалыпты жұмысына бөгет жасамайды. Түтқамен декомпрессорды жұмысқа қосқан кезде, білікше (6) бұрылады да, қалпақшасы күйентенің (3) ұзын иінін басып, клапандарды ашады.

Декомпрессор жұмыс істеп тұрған кезде білікшілері серіппелі ілгекпен ұстатылады. Клапанды түсіру үшін білікшедегі винтті (2) бұрайды.

Түрткіштерге әсер ететін декомпрессиялық механизм (32, б-сурет) төрт білікшеден (7), олардың шеті түрткіштің (8) сақиналы қырнағына орналасқан және тұтқа (1) мен жалғастырғыш детальдардан тұрады. Әрбір білікшеге кертпек жасалған, егер білікше кертпеші жоғары қарай бағытталса («Жұмыс» қалпында), онда түрткіш еркін орналасады да, таратқыш механизм бірқалыпты жұмыс істейді (32, а-сурет). Декомпрессор тұтқасын «Жылыту» қалпына койған кезде білікшелер кертпеш жағымен бүйір тұсына карай бұрылады (32, б-сурет) да, білікшелер ұшы цилиндрлік бет жағымен енгізу клапанынын түрткішін көтереді, осы кезде клапандар (4) түсіп, барлык цилиндрдегі компрессия жойылады.

Күйентеге әсер ететін декомпрессиялық механизмнен, түрткішке әсер ететін механизмнін айырмашылығы — онда клапанды түсіру шамасы реттелмейді.

Двигательді оталдырып, іске косу күрылғысы арқылы иінді білік тұракты айналу жнілігіне 250—300 айн/мнн. жеткенде декомпрессиялык механизм отын беруді ажыратыи және қосып тұрады.

Comments

  1. Приветик всем обитателям aksha-zhasau.ru ну и конечно главе портала 🙂

    Мне у Вас нравится и я тоже начала делать сайты, но я девочка…. Кстати зовут меня Алиса (в стране чудес) есть в ВК только не надо гадости писать, а так дружу общаюсь.

    Глава сайт aksha-zhasau.ru с Новым 2016 годом, успехов в делах с сайтом 🙂

  2. Декомпрессор. Декомпрессордың қызметі — двигательді жүргі-зу және техникалық қызмет көрсету кезінде клапандарды ашу әрі оларды ашық күйінде ұстап тұру. Осының нәтижесінде иінді білікті аз ғана күшпен айналдыруға болады,

    Декомпрессордың құрылысы мынандай. Күйентенің ұзын иық-тары ұштарының үстіңгі жағында оған қарама-қарсы тұсында ойығы бар құрама білікше 7 орнатылған. Бүл ойық күйентенің жұмысына кедергі жасамайды. Бірақ егер білікше айналатын болса, онда ол өзінің цилиндрлік бөлігімен күйентеге тіреледі де клапандарды ашады. Декомпрессордың түтқасында осы қажеттікті қалпында ұстап түратын серіппелі бекіткіш бар.

Добавить комментарий