Слесарь ісі

Слесарь ісі рубрикасында осы мамандық бойынша керек материалдар жарияланады. Материалдар «Слесарное дело» Крупицкий Эммануил Иосифовичтің оқулығынан алынған. Арнайы пәндерден кәзіргі кезде қазақ тілінде оқулықтар жетіспейді, осы сайта жария көретін материалдар сізге кішкентай да көмегін тигезсе біз қуаныштымыз! Материалдардың барі тегін.

ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР

Жазықтыққа белгі салғанда қолданылатын құрал-саймандарға үшкір металл таяқшалар (чертилкалар), сызғыштар, бұрыш өлшеуіштер, белгі салғыш циркульдер, кернерлер, орталық нүктені табу аспаптары (центроискатели) т. б. жатады. Белгі сызықтарын жүргізуге арналған чертилкалар жақсылап үшкірленген және суарылып шыңдалған болаттан жасалған стерженьдер болып келеді. Олар аспап жасауға арналған У7, У8 маркалы көміртекті болаттардан жасалады

ЖАЗЫҚТЫҚТА БЕЛГІ САЛУ. БЕЛГІ САЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ.

Жұмысқа кірісе отырып, слесарь болашақ детальдың чертежін, қажетті бұйымды жасауға керекті металл кесегі және дайындаманы алады. Дайындаманың көлемі жасалатын бұйымның көлемінен әрқашан да үлкен болады. Оның керекті формасы мен көлемін алу үшін оның сыртқы бетінен металдың белгілі бір қабатын алып дайындаманы өңдеу қажет. Өңдеу кезінде жонылып алынып тасталатын металл қабатын қалым деп атайды.