1. Жазықтықта белгі салу

Бұл тарауда металдарға белгі салудың мәні мен мақсаты, қолданылатын құралдар туралы мәлімет беріледі.

ЖҰМЫС ОРНЫН ДҰРЫС ҰСТАУ. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Белгі салу процесі кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау шарт. Чертилкалармен жұмыс істегенде, олардың өткір ұшымен өзіңді жаралап алмай, сақ болу керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін чертилкаларға қорғағыш қалпақша кигізіп қою керек. Детальдарды тақтаның, верстактың үстіне қойғанда абайлау керек, детальды орнықтырып қойған жөн, орнықсыз қойылып құлап кетсе бір жерді зақымдауы мүмкін. Электрлік кернермен жұмыс істегенде электр […]

БЕЛГІ

   Белгі салу жұмысы белгісалутақтада орындалып (19-сурет), ол сапалы сұр шойыннан жасалады. Оның жұмыс істейтін беті жақсы өңделген болады. Тақта ағаш столға не тағанға оның жоғарғы беті горизонтальды (тегістікті өлшейтін аспаппен тексеріледі) болатын етіп қою керек.    Белгі сызықтарын жүргізу жұмысы мынадай ретпен орындалады, ең алдымен горизонтальды (чертилкамен және сызғыштың көмегімен), одан кейін вертикальды (чертилкамен […]

БЕЛГІ САЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ

    Белгі салуға кіріспей тұрып болашақ детальдың чертежім е н танысу, оның формасын, құрылысының ерекшеліктерін көз алдыға келтіру, белгі салу жоспарын ойлап жасап алу керек. Онан соң дайындаманытексеріп қарау қажет, мұнда оның үстінде жарылған, қуыс боп қалған және басқа кемшіліктері бар жоқтығы анықталады. Тексеру дайындаманың сыртын қарап көру, тықылдатып тыңдау жолымен (даусы дірілдеп шықса, ішінде […]

ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР

Жазықтыққа белгі салғанда қолданылатын құрал-саймандарға үшкір металл таяқшалар (чертилкалар), сызғыштар, бұрыш өлшеуіштер, белгі салғыш циркульдер, кернерлер, орталық нүктені табу аспаптары (центроискатели) т. б. жатады. Белгі сызықтарын жүргізуге арналған чертилкалар жақсылап үшкірленген және суарылып шыңдалған болаттан жасалған стерженьдер болып келеді. Олар аспап жасауға арналған У7, У8 маркалы көміртекті болаттардан жасалады

ЖАЗЫҚТЫҚТА БЕЛГІ САЛУ. БЕЛГІ САЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ.

Жұмысқа кірісе отырып, слесарь болашақ детальдың чертежін, қажетті бұйымды жасауға керекті металл кесегі және дайындаманы алады. Дайындаманың көлемі жасалатын бұйымның көлемінен әрқашан да үлкен болады. Оның керекті формасы мен көлемін алу үшін оның сыртқы бетінен металдың белгілі бір қабатын алып дайындаманы өңдеу қажет. Өңдеу кезінде жонылып алынып тасталатын металл қабатын қалым деп атайды.