Бу-ауа клапаны

Бу-ауа клапанының жұмысы

 

 

Бу-ауа клапаны (36, в, г-суреттер)— мұның көмегімен радиатордың ішкі қуысы атмосферамен жалғасады. Бу-ауа клапаны радиатордың су құятын аузындағы қақпаққа (12) қондырылған. Ол бу-ауа клапанынан (7) және оның ішіне орналастырылған ауа клапанынан (10) тұрады. Бу клапаны серіппе әсерінен (8) радиатор аузын берік жауып тұрады, Егер радиатордағы су температурасы 105°С дейін көтерілсе, онда бу қысымының әсерінен бу клапаны ашылып, артық бу сыртқа шығады.

 

Бу-ауа клапаны

Бу-ауа клапаны

в — бу клапаны ашық, г — ауа клапаны ашық; 7 — бу клапаны. 8 — бу клапанының серіппесі, 9 6v бұратын тутік 10 —ауа клапаны, 11 — аүа клапанының серіппесі, 12 — радиаторға су құятын қылта ауыз қақпағы

 

Радиатордағы су салқындап, буы бәсендегенде, сиретілу салдарынан ауа клапаны ашылып, радиаторға атмосфера ауасы енеді, Радиатор ішіндегі ауа кысымы атмосферадағы ауа қысымымен теңгерілгенде ауа клапаны серіппе (11) әсерінен жабылады. Ауа клапаны салқындату жүйесіндегі суды, оның аузы қақпак пен жабулы тұрған кезде суды толык ағызуды қамтамасыз етеді және двигатель салқындаған кез­де радиатор түтігін атмосфера кысы мының әсерінен бүлінуден сақтайды.

Салқындаған сұйықтықтын температурасын бақылау үшін сигнал шамы мен дистанциондык термометр орнатылған. Шам мен термометр көрсеткіші приборлар қалқанына, ал олардын датчигі цилиндрлер қалпақшасына немесе радиатордың жоғарғы бачогына орнатылған.

 

Comments

Добавить комментарий