Өртке қарсы шаралар

Өртке қарсы ережелер.‘Өрт шығу қаупін алдын ала болдырмас үшін, оның ең басты ережелерін бұлжытпай орындау қажет. Май құятын жерде темекі тартуға, от жағуға, бөшкеде және бакта майдың баржоғын білу мақсатында лаулаған отпен жарық беруге болмайды, Тракторға немесе автомобильге жұққан май шүберекпен сүртілуі тиіс. Майлы шүберекті темір қақпағы бар жәшікке салып қояды.

Электр сымдары мен электр жабдықтарының бүтіндігі ұдайы тексеріліп тұрады, өйткені электр үшқыны өрт шығуға себепші болуы мүмкін. Егер қыска түйықталу салдарынан электр сымдары жана бастаса, онда ток тұтынатын орындар дереу ажыратылуы немесе электр сымдары шығарып алынуы тиіс, тек содан кейін ғана өртті өшіру әрекеті жасалады.

Май киіммен отқа жақындауға, ал қыста лаулаған отпен двигательді қыздыруға, бензин қүйылған темір , бөшкенің тығынын металл кесегімен үрып ашуға болмайды.

Астық жинағанда және бастырғанда трактордың түтін шығаратын түтігі ұшқын сөндіргішпен жабдықталып, оның түзіктігі әр үш күн сайын тексеріліп түрады. Тексеру кезінде түтіктің, үшқын сөндіргіштің және өшіргіштің күйесі тазартылады. Әрбір трактор мен автомобильде өрт сөндіретін жабдықтар болуы тиіс.

Найзағай жарқылдаған кезде трактор мен автомобильге май құюға, отын мен майды сабан, пішен маясында, бастырылмаған астыққа сақтауға болмайды.

От түтана бастаған жағдайда дереу майсыз киіммен, брезентпен, киізбен жауып, су құйып, сондай-ақ топырақ немесе кұм сеуіп өшіреді. Мүнай өнімдері    тұтана бастаған жағ­дайда өрт сөндірпшпен өшіреді, топырақ, құм себеді, брезент, киіз жабады.

Жанған   мұнай   өнімдерін   сумен өшіруге болмайды.

Comments

  1. Приветствую хозяина и гостей сайта aksha-zhasau.ru

    Меня зовут Алиса, и я гостья на вашем сайте, честно я просто читаю и смотрю как и что сделано 🙂

Добавить комментарий