ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР

Жазықтыққа белгі салғанда қолданылатын құрал-саймандарға үшкір металл таяқшалар (чертилкалар), сызғыштар, бұрыш өлшеуіштер, белгі салғыш циркульдер, кернерлер, орталық нүктені табу аспаптары (центроискатели) т. б. жатады.

Белгі сызықтарын жүргізуге арналған чертилкалар жақсылап үшкірленген және суарылып шыңдалған болаттан жасалған стерженьдер болып келеді. Олар аспап жасауға арналған У7, У8 маркалы көміртекті болаттардан жасалады.

Өндірісте чертилкалардың бірнеше түрі қолданылады.

а)Сымнанжасалған чертилкалар (12-сурет, а).Оның бір басы үшкір, екіншісі шығыршықша иілген, бұлар жұмыста қауіпсіз, сақтауға ыңғайлы келеді.

құрал саймандар

б)      ү ш к і р  қ а й р а л ғ а н чертилка (12-сурет, б), оның сызатын басы үшкір ұшталған, қолға ұстайтын жағы жіңіщке цилиндрлісабына ұстауға ыңғайлы болу үшін бедер салынған;

в)      бір басы иіліп жасалған е к і ұ ш т ы чертилка (12-сурет, в). Оның иілген жағымен ойлышұңқыр, қиынға соғатын жерлерге белгі салынады;

г)       с т р е л к a с ы з ғ ы ш (12-сурет, г),үшкір ұшты тік қиындыболып келеді. Жазық беті жақсылап өңделген, бұрыш өлшеуіштің,текшенің бойымен бұл оның жақсы сырғуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар штангенрейсмас та қолданылады.

Практикада алыпсалатын инесі бар чертилкалар да қолданылады. Ол үшін кәдімгі патефон инесін пайдалануға болады.

Жақсы өңделген беттерге белгі салғанда оларды бүлдіріп алмау үшін жұмсақ материалдардан жасалған чертилкалар қолданылады. (Болат бұйымдар үшін латунь чертилкалар алюминийге ушталған қарындашпен риска салуға болады). Бұл жағдайда жұмсақ заттардың жүғуынан бұйым бетіне белгі түседі.

Чертилка өткір ұшталған болуға тиіс. Олардың үші неғүрлым өткір болса, белгі сызығы соғүрлым жіңішке, демек белгі салу дәлдігі соғұрлым жоғары болады. Чертилкаларды қайрау станоктарында қайрап еткірлейді. Бұл үшін оларды айналмалы құмшарыққа баса ұстап бір қалыпты айналдырып отыру керек.

Түзу сызық жүргізу үшін сызғыштар қолданылады. Белгі салу кезінде темір сызғыш пайдалануға болады. Мұнда сызғыштың қалыңдығы мен чертилка ұшының өткірлігін есепке алу керек. Сызық керекті орынға түсу үшін сызғышты әрліберлі қозғап байқап алған жен.

Сызатын қыры жұқартылып қиылған сызғыш анағүрлым қолайлы болады. Бұларды қолданғанда белгінің дәлдігі артады.

құрал-саймандар

    Тік бұрыш жасап рискалар салу үшін бұрыш өлшеуіштер

(угольниктер) қолданылады. Белгі салу үшін (13-сурет) жадағайслесарьлық тік бұрыш (13-сурет, а),бір жақтауы қалың тіреуіш

жақтаулы (анлажды) тік бұрыш, (13-сурет, б), жақтаулары Т тәрізді тік бұрыш (13-сурет, в)қолданылады.

Бұлардың ішіндегі қарапайым, ең көп қолданылатын жадағайслесарьлықтікбұрыш. Бірақ мұның көмегімен жеткілікті дәл перпендикуляр сызықтар жүргізуге болмайды. Оның себебі, біріншіден, екі жақтаудың арасындағы тік бұрыш басталатьш нүкте әрқашан да дәл орнында болмай шығады, перпендикуляр сызықтарды көзбен шамалап жүргізуге тура келеді, екіншіден, бір сызықтың екі жағына да перпендикуляр жүргізу үшін бұрыш өлшеуішті екі рет салып, дәлдеп қарау керек болады: әуелі оны тек сызықтан жоғары, содан кейін төмен жүргізу керек болады, ал бұл үшщ тік бұрышты алмастырып қою «ерек болады, бұл қате жіберүге әкеп соғады.

АнлаждынежақтауларыТ тәрізді тік бұрыш тарды қолданғанда оларды детальдардың өңделген бетінің бойы мен немесе белгі салу тақтасының бойымен (14-суретте көрсетілгендей) жүргізуге болады. Сөйтіп тік сызықтарды оңай да қатесіз жүргізе алады.

Белгі салу циркульдері шеңбер, доға сызу үшін, кесінділерді оөліктерге бөлу, белгілі өлшемді бір бөліктен екінші белікке көшірш салу үшш т. б. пайдаланылады. Циркульдердің кәдімгі қарапаиым түрі, серіппелі тетігі бар циркуль және ауыстырмалы таяқшалары бар циркуль қолданылады. Белгі салу үшін дәлдігі 0,05 MM штангенциркульдер кеңінен пайдаланылады.

Қарапайымциркуль (15-сурет, а)топса 2мен біріктірілген екі таяқша 1ден тұрады. Оның біріне кертікті имек тетік 3 дәнекерленген, екіншісінде винт 4 бар. Винтпен имек тетікті қысып, циркульдің керекті қалпын сақтауға болады.

циркульдер

Серіппеліциркуль (15-сурет, б)неғұрлым дәл белгі салуды қамтамасыз етеді, онымен жұмыс істеу қолайлы келеді. Жалпақ серіппе 2 циркульдің жоғарғы жағында таяқша 1ді ось 3тен айналдырып арасын ашуға тырысады. Винт 5 пен гайка 4 оған кедергі жасайды. Гайканы айналдыра отырып циркульді берілген өлшемге дәл келтіріп қоюға болады.

Циркуль таяқшалары маркалары 45, 50 болаттан жасалып, шыңдалады. Цир

кульдің негізгі өлшемі таяқшаларының барынша ажыратылған кездегі ара қашықтығы болып саналады. Кәдуілгі циркульдердің өлшемі 280, 350, 430 және 500 мм, серіппелі циркульдікі — 50, 80, 120 және 150 мм етіліп жасалады.

Кернерлеролардың үстіне шағын сызаттар — керндер түсіру жолымен белгі салу сызықтарын бекіту қызметін атқарады. Кәдімгі,.механикалық және электрлік кернерлер қолданылады.

Кәдуілгікернер (16-сурет, а)жұмыстық, орта және соққы бәліктен тұрады. Жұмыс белігі конус формалы етіліп жасалады,

кернер

белгі сызықтарын керндеу үшің ол 60° бұрышта, тесілетін жердің ортасын белгілеу үшін 75° бұрышта сүргіленеді. Мұнда шұңқыр терең болып шығады. Орта бөлік цилиндр формалы келеді, үстіне тор көз бедер салынған болады. Кернердің соққы бөлігінің формасы ұшпасы дөңгеленген конусты болып келеді. Осындай құрылысының арқасында, соққы әрқашан да аспаптың ортасына келеді де, ол нақтылы да дәл тиіп отырады.

Кернерлер У7, У8 маркалы көміртекті аспаптарға арналған болаттан жасалады. Кернердің үші, желке бөлігі суарылып шыңдалады.

Керндеу үшін салмағы 100—200 г балғашалар қолданылады.

 

Механикалықкернердің (16-сурет, б)корпус 4 ішінде серіппе 1, жалпақ серіппе 5-ші жылжыма 3-і, втулка 6-ы, бағыттап тұратын втулка 8 ішінде орнын алмастыратын серіппе 7, кернер 9 болады. Корпустың жоғарғы жағына шоқпар басты гайка 2 бұралып кигізіледі.

Кернер былай жұмыс істейді. Оны риск үстіне тік ұстап басынан басады. Сол сәтте корпус пен бағыттаушы втулка төмен жылжиды, серіппелер қысылады, кернер өзінін, жоғарғы ұшымен жылжыманы босатып жібереді, ал ол серіппенін, күшімен кернерді соғады. Соғу күші гайка 2 арқылы реттеледі.

Электркернер (16-сурет, в)корпус 1ден, электрмагнит 4тен және өзек темір 3 тен тұрады. Электр тогы өткізілгенкезде электрмагнит катушкасы өзек темірді өз ішіне қарай тартып алады. Осы сәтте төмен жылжи отырып, ол жүріс аяғында кернер болып келетін наконечник 5ке келіп соғады.

Керндеу үшін электр кернерді риск үстіне қойып, оның корпусын аздап сызып басады. Төмен басылғанда корпус электр контактыны тұйықтайды, электрмагнит желісі іске қосылып соққы беріледі.

іздегіш

Соққы берілген сәтте электр желісі үзіліп, серіппе 2нің әсерімен өзек темір бұрынғы орнына қайта барады.

Центроискатель (орталық нүктені табу аспабы) жасалатын тесіктің орталық нүктесін табуға мүмкіндік береді.

Ең қарапайым центроискатель (17-сурет, а)тік бұрыштын. бис­сектрисасы болып табылатын сызғышты оған бекіткен бұрыштықболып табылады. Бұрыштық —центроискательді бұйымның сыртқы бетіне қойып, чертилкамен түзу сызық жүргізеді. Ол шеңбердіңортасы арқылы өтеді. Бұрыштықты біраз бұрышқа бұрып екіншітүзу сызық жүргізіледі. Осы екі сызықтың қиылысқан жерінен іздеп отырған орталық нүкте табылады. 

Центроискатель — транспортир (17-сурет, б) бұрыштық — центроискательдің өзгешелігі транспортир 2сі болады, бұл қозғағыш 4 көмегімен сызғыш 3тің бойымен жылжып, керекті қалыпта гайка 5пен бекітіледі. Сызғыш бұрыштық 1ге бекітілген. Транспортир цилиндр детальдың ортасынан берілген аралықта орналасқан тесіктердің орталық нүктелерін табуға мүмкіндік береді (17-суретте, б детальдың ортасынан 25 мм қашықтықта және 45° бұрыш жасай орналасқан d нүктесінің орны табылған).

Қолда бар тесіктің орталық нүктесін сызғыш 2-ден және екі штифті 1-і бар планкалар 3-тен тұратын центроискательмен табады (17-сурет, в). Белгі салу үшін центроискательді тіреуіштері тесіктің сыртқы бетіне тиетіндей етіп орналастыру керек. Онымен бұрыштық центроискательмен істегендей жұмыс істейді.

Comments

  1. Медициналы? ?йымдарды? ?алды?тарын жинау?а, пайдалану?а, зарарсыздандыру?а, тасымалдау?а, са?тау?а ж?не к?муге ?ойылатын санитарлы?-эпидемиологиялы? талаптар санитарлы?-эпидемиологиялы? ережелері ж?не нормаларын бекіту туралы

Добавить комментарий