Қозғалтқыш

Двигательдің жіктелуі. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық тракторлары мен автомобильдерінде іштен жанатын прршеньді двигательдер орнатылған. Іштен жанатын двигательдер деп отынның жануы және оның жылу энергиясынын механикалық энергияға айналуы цилиндр ішінде өтетіндігін айтады. Бұл  двигательдер мынадай негізгі белгілері бойынша бөлінеді:

а)     қоспа түзілу әдісі бойынша: сыртқы қоспа түзілу — карбюраторлы және газды, ішкі қоспа түзілу — дизельді;

ә) жанғыш қоспаның тұтану әдісі бойынша: электр ұшқынынан еріксіз тұтану — карбюраторлы және газды, сығылу нәтижесінде тұтану — дизельді двигательдер.

б)     жұмыс циклі тактісінің саны бойынша — төрт тактілі және екі тактілі.

в)     қолданылатын отын түрі бойынша: бензинді, газды, дизельді;

г)     салқындату әдісі бойынша -сұйықпен және   ауамен салқындату;

д)     цилиндр саны бойынша — бір цилиндрлі және көп цилиндрлі (екі,төрт, алты, сегіз, он екі   цилиндрлі);

е) цилиндрдің орналасуы бойынша — бір қатарлы және екі қатарлы немесе V тәрізді (цилиндрдің екі қатары бір-біріне бұрыштана орналасқан).

Негізгі ұғымдар. Отын жануы үшін оттегі қажет, сондықтан отынды оттегімен араластырады. Тозаңдатылған отынның ауаның белгілі бір салмақ пропорциясымен араласқан қоспасын жанғыш қоспа деп атайды. Жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндрінде жанғыш қоспа қалдық газбен араласып, жұмыстық қоспа құрайды.

Егер двигательдегі отын ауамен арнайы прибор — карбюратор арқылы араласса, онда мұндай двигательді карбюраторлы деп атайды. Онда жанғыш қоспа электр ұшқынымен тұтанады. Дизельді двигательде жанғыш қоспа цилиндр ішінде пайда болады және сығылған ауа қызуынан тұтанады. Карбюраторлы двигательді негізінен алғанда жүк көтергіштігі шағын және орташа автомобильдерге сондайақ тракторларда негізгі двигательді жүргізу үшін қолданады. Қазіргі кездегі тракторлар мен жүк көтергіштігі жоғары автомобильдерге негізгі қозғалтқыш ретінде дизельді двигательдер немесе дизельдер қолданылады.

Дизельді қозғалтқыштың жұмыс принципін қарапайым схема үлгісімен қарастырайық (6-сурет).

іштен жанатын қозғалтқышЦилиндрге (6) поршень (7) орнатылған. Поршень шатун (9) арқылы иінді білікпен (12) қосылысқан. Егер цилиндрдегі   поршень   жоғары-төмен орын ауыстырса, онда оның тура сызықты қозғалысы   шатун мен кривошип арқылы   иінді біліктің айналма қозғалысына айналады. Иінді біліктің шетіне    маховик    (10)  бекітілген. Ол-двигатель жұмыс істегенде біліктік бір қалыпты айналуы үшін қажет. Цилиндр қалпақшамен (1) нығыз ,жабылған.   Цилиндр қалпақшасында екі клапан бар. Енгізу клапаны (5) цилиндрге ауа енгізетін канал тесігін ашады. Шығару клапаны (4) пайдаланылған   газды    шығаратын    тесікті ашады.    Клапандар   клапан   серіппесі    арқылы   жабылып,   таратқыш (жұдырықшалы) біліктің (14) беріліс деталы (16) арқылы орын ауыстыратын күйентенің (2) көмегімен ашылады. Таратқыш білік пен отын насосының білігі (дизельді двигательде) иінді біліктің шестерняларымен (13) айналады. Дизельді двигательде отын цилиндрге форсунка  (3)  арқылы отын насосынан келеді.

6-суретте дизельді бір цилиндрлі қозғалтқыштың схемасы көрсетілген. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің айырмашылығы, мұнда клапанмен (5) жабылатын енгізу каналы арқылы цилиндрге жанғыш коспа сорылады, ал форсунканың (3) орнына цилиндр қалпақшасына оталдыру свечасы орнатылған.

Негізгі анықтамалар. Поршень цилиндр ішінде еркін қозғала отырып, екі ең шеткі қалпына орналасады (7сурет). Поршеньнің ең шеткі қалпын жоғарғы өлі нүкте, ал ең шеткі төменгі қалпын — төменгі өлі нүкте деп атайды. Поршеньнің бір өлі нүктеден екіншісіне барған ара қашыктығын поршень жүрісі деп атайды. Поршеньнік бір жүрісінде иінді білік жарты айналым жасайды.

Жоғарғы өлі нүктеде орналаскан цилиндр калпакшасы мен поршень арасындағы кеңістік жану камерасы немесе сығылу камерасы деп аталады. Поршеньнін жоғарғы өлі нүктедсн төменгі өлі нүктеге орын ауыстырғанда босаған кеңістікті цилиндрдің жұмыстық көлемі (V) деп атайды.

Цилиндр көлемі литрмен өлшенеді. Двигательдің барлык цилиндрінің жұмыстык көлемі литраж деп аталады. Шағын көлемде (1 л-ге дейін) ол куб сантиметрмен, ал үлкен көлемде-литрмен өрнектеледі.

Жану камерасының көлемі мен жұмыстык көлем жиынтығы цилиндрдін толык көлемін құрайды. Цилиндрдің толық көлемінің жану камерасынын көлемінен канша есе артық екендігін көрсететін санды сығылу дәрежесі деп атайды. Қазіргі кездегі карбюраторлы двигательдерде сығылу дәрежесі 6-9, ал дизельді двигательдерде 15-20 шамасында.

Двигатель жұмыс істеген кезде онын цилиндрлерінде біркатар процестер өтеді. Әуелі цилиндрлерге жанғыш қоспа немесе ауа толады. Сонан кейін жанғыш коспа немесе ауа сығылады. Ауамен орналаскан отын коспасы тұтанғаннан кейін жанады да, пайда болған газ ұлғайып, поршеньді қысып, оны козғалтып механикалык жұмыс жасайды. Сонан кейін пайдаланылған газ цилиндрден шығады. Белгілі бір ретпен қайталанып отыратын бұл аталған процестер двигательдің жұмыстык циклін кұрайды.

Добавить комментарий