ҚАЙРАУ

Шапқы мен крейцмейсель қарапайым қайрау станоктарына орнатылған корундты ажарлайтын   шарықпен   қайралады. Қайрау   үшін   (36-сурет, а)   станокты жүргізіп, ажарлайтын шарықты айналдырып қояды да, шапқыны тіректің үстіне салып ақырын ғана басып ұстайды. Аспап жүзі бір тегіс қайралу үшін, оны біресе оңға, біресе солға жылжытып, астыүстін аударыстырып отыру керек. Негізгі қайрауды бітірген соң аспаптың жүзін қол қайрақпен түзейді. ,     Қайрау кезінде шапкы жүзінің керекті бұрышының сакталуын қадағалау керек; кесетін  жиек түзу немесе сәл ғана  дөнестеу болғаны жөн; жүздің екі жаны оське қарай  біртегіс көлбеу жазықтык, болу керек.

ГОСТ 7211—54 бойынша шапқы мен крейцмейсельдің ең дұрыс қайрау бұрыштары.

Аспаптарды қайрау

Қатты материалдар үшін (шындалған болат, шойын) —70° Қаттылығы орташа материалдар үшін (болат) —60° Жұмсақ материалдар үшін (мыс, жез) —45° және одан аз.

Қайрау кезінде аспапты ажарлатқыш шарықпен қатты басып өте қыздырмау керек, олай етсе құралдың кесетін бөлігі қаттылығын жояды. Шамадан тыс қызбас үшін құралдың қайралып тұрған ұшын мезгіл-мезгіл суға малу керек.

Қайрау кезінде шапқының үшкірлену бұрышын үлгінің көмегімен бақылап тұрған жөн (36-сурет, б).

 

Comments

  1. Қайрау, шарықтау (Заточка) — құралдық материал түпкілікті механикалық қасиеттерге ие болған соң тиісті геометриялық параметрлер мен кескіш жиектердің жасалуын немесе қалпына келтірілуін қамтамасыз ету мақсатында кескіш құралдың алдыңғы, артқы және өтпелі беттерін өндеу процесі. Қайрау әмбебап және арнайы қайрағыш білдектерде қажақ-алмас құралдардың көмегімен, сонымен қатар өндеудің электрохимиялық және электрофизикалық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жону арқылы өңдеудің өнімділігі, өңделген беттердің кедір-бұдырлығы және құралдың тұрақтылығы Қайрау сапасына байланысты болады.

Добавить комментарий