Шатунды кривошипті топтар

Шатундар (21, а-сурет) поршеньдерді иінді білікпен жалғастырады және поршеньдер арқылы алатын газ қысымының күшін береді. Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде шатунға газ бен инерция қысымының күші әсер етеді. сондықтан ол өте берік, қатты, әрі жеңіл болуы тиіс. Шатун жоғары сапалы болаттан жасалады, түрі екі қалпақшалы стержень тәрізді.

Шатунды кривошипті топтар

Шатун стерженінде (3) қос таңбалы қимасы болады. Шатунның жоғарғы қалпақшасына қола втулканы (2) престеп салады.

Шатунның төменгі қалпақшасы ажыратылмалы, оның алмалысалмалы бөлігі — қақпақ (6). Қалпақшаның жоғарғы жартысы шатунмен тұтастырыла жасалған.

Шатунның төменгі қалпақшасының ішкі бетін механикалық өңдегенде қақпақты құрастырған күйінде қояды. Сондықтан шатунның төменгі қалпақшасындағы қақпақтың өзара ауыстырмалығы мүлде болмайды. Оларды дұрыс орналастыру үшін шатунның төменгі қалпақшасының бүйір бетіне және қақпаққа рет нөмірі салынады да, бірінші нөмір радиатор жағынан басталады. Құрастырған кезде осы цифр жиынтықтары сәйкес келуі тиіс. Қалпақшаның екі жартысын өте берік арнайы шатун болттарымен (10) қосады. Болат гайкаларын динамометрлік кілтпен бұрап қатайтады және шплинттейді (мұрындықтайды). Шатунның төменгі қалпақшасына екі ілмектен (5)—жоғарғы және төменгіден тұратын подшипниктер орнатады. Ішпектердің осьтен ығысуын және бұрылуын болдырмас үшін шатунның бір жақ тұсындағы ойықтан мұртша (9) жасалған. Автомобиль двигателі шатунының төменгі қалпақшасында цилиндр кенересіне май жіберетін тесік болады.

Поршень саусағына май тесік (11) немесе канал (12) арқылы беріледі (21, б-сурет). Бұл тесік пен канал шатунның өзінде жасалған. Шатунның төменгі қалпақшасы тік ажыратылмалы, яғни шатун осіне тік бұрыш жасап орналасқан.   Кейбір   двигательдерде шатунның төменгі қалпақшасынын ажыратылмалы жазығы бұрышты етіп жасалған (21, в-сурет). Қиғаш ажыратылма поршень топтарын монтаждаған кезде шатунның төменгі бөлігінің гильза арқылы өтуі үшін қажет. Мұндай конструкцияда шатун болттарын қақпаққа гайкамен бекітпейді, шатунның өзіне бұрап кіргізеді. Қиғаш ажыратылмалы жазығының жанасу аумағын арттыру үшін шатунның төменгі қалпақшасы тегіс емес, жырашықты (щлицті) етіп жасалған, мұның өзі шатун болттарының кесілуін болдырмайды. Өздігінен бұралып кетпес үшін болт қалпақшасының астына бекіткіш шайба (14) орнатады (21, г-сурет).

Comments

Добавить комментарий