Цилиндр-поршень топтары

Қарастырылып отырған автотрактор двигательдерінің цилиндрлері (18-сурет) алмалысалмалы келеді. Бөлек жасалған цилиндрді гильза деп атай­ды. Ендірмелі гильзаны пайдалану блок-картердің жұмыс істеу мерзімін ұзартады, себебі тозған гильзаны жаңасымен ауыстыруға болады. Цилиндр гильзасы қоспалы шойыннан жасалады. Гильзаның айна деп аталатын ішкі беті жақсылап өнделеді және шынықтырылады. Ішкі диаметрі бойынша гильзаны үш мөлшерлік топқа сорттайды: Б, С және М (үлкен, ортаціа және кіші). Мөлшерлік топтардың белгісі гильзаның ұшындағы кертпегіне (1) салынады.

 

Двигатель гильзалары

Сыртқы беті салқындатылған сұйықтыққа малынып тұратын гильзаны «ылғалды» деп атайды (18, а-сурет). Гильзаның сыртқы бетінде екі қондырма белдеу (2 және 3) жасалған, бұлар гильзаны блокқа нығыз орналастыру үшін қажет. Гильзаның төменгі белдеуі мен цилиндр блогының аралығына нығыздағыш резеңке сақина (4) орнатады, ол блоктағы су тысынан картерге су құйылмауына мүмкіндік береді. Кейбір двигательде резеңке сақина гильзаның төменгі белдеуінде жасалған қырнақтарға, ал басқа біреуінде — блоктың қашап кеңейтілген жеріне орнатылады. Гильзаның жоғарғы шеті блок бетінен шығып тұрады, мұның өзі металласбест төсемнің жақсы орналасуында және цилиндрден газды шығармай нығыз бекітілуіне мүмкіндік береді. Кейбір автомобиль двигательдеріне тоттанбайтын шойыннан жасалған тозуға төзімді ендірме (7) орнатқанда (18, б-сурет), гильзаның жоғарғы бөлігінін тозуы анағүрлым азаяды. Кейбір двигательдерде блок

картердің төменгі ойығының түбі мен төменгі кертпектің тірек

беті аралығына мыс сақиналы төсем (8) орнатылады.

 

Ауамен салқындатылатын қозғалтқыш цилиндрлері (18, г-сурет) сырт жағынан салқындатқыш қырларымен жабдықталған.

Цилиндрдің төменгі бөлігінде кертпек болады, ол картер бетіне тіреледі. Картер мен кертпек аралығына   мыс сақина орнатылады.

Әрбір цилиндрді қалпақшасымен қоса арнайы (анкерлі) шпилькамен картерге бекітеді.

 

Поршеньдер (19-сурет) газ қысымынан пайда болған күшті қабылдап, шатунға береді, сондай-ақ жұмыс циклінің барлық тактілерінің өтуін қамтамасыз етеді. Оларға жоғары температура мен қысым әсер етеді, әрі цилиндр ішінде едәуір жылдамдықпен қозғалады. Жұмыс жағдайына байланысты поршень материалының механикалық қасиеті өте жоғары, әрі қажалуға төзімді, жеңіл, жылуды тез шығаратын болуы тиіс. Сондықтан да [қазіргі кезде қозғалтқыш поршеньдерін жеңіл, бірақ та біршама төзімді алюминий қорытпасынан құяды.

 

Поршеньдердің

Поршень (19, а-сурет) түрі төңкерілген стаканға ұқсайды. Ол түбінен (А), қалпақшадан (Б) (немесе нығыздағыш бөліктен), және етегі деп аталатын бағыттауыш бөліктен (В) тұрады. Дизель двигателінің поршень түбін ойығы бар үлгі формасында жасайды, ал ойықтың өзі қоспа жасау тәсіліне және клапандар мен форсункалардың орналасуына байланысты болады. Поршень түбінің мұндай формада болуы цилиндрден келетін отынның ауамен жақсы   араласуына ж оның  толық жанүына   мүмкіндік ое реді.

Поршень қалпақшасының ішкі беті мен етегінде компрессиялық және май сыдырғыш сақиналарға арналған жырашықтар (5 және 2) жасалған. Поршеньге орнатылатын сақиналар саны двигательдің типіне және иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты. Тозуға^төзімділігін арттыру мақсатында кейбір двигательдерде жоғарғы компрессиялық сақинаның үстіндегі жырашыққа болат ендірме құяды, мұның өзі сақинаның үстіндегі жырашықпен түйіндескен тұсының төзімділігін арттыра түседі. Жырашық шеңбері бойында, май сыдырғыш сақина астында  тесіктер болады,  ол майды двигататель картеріне   жіберу үшін қажет.

 

Поршень етегінің ішкі жағында екі құйылма — бобышкалар (Г) бар, оның саңылауларына   поршень саусақтарьг орнатылады.   Бобышкалар   қырымен түп жағына жалғанады да, поршеньнің беріктігін арттыра түседі. Бобышкаға тоқтатқыш  сақиналар үшін дөңгелек  ойық (3) жасалады. Поршеньнің сыртбетіне, бобышкаға  қарама-қарсы кесік — «тоңазытқыштар»  жасалған, онда май жиналып, поршеньнің қалыңдау бөлігінің салқындауына мүмкіндік береді, әрі поршеньнің кептеліп қалуын болдырмайды. Дәл осы мақсатта етегінің диаметрі қалпақшасының диаметрінен үлкендеу, ал етегінің қимасы сопакша (сопакшаның үлкен осі поршень саусағына перпендикуляр) келетін поршень колданылады.

Поршень етегін,   сондайак цилиндрдін сырткы диаметрінің шамасы бойынша үш өлшемдік топқа сорттайды: Б, С және  М  өлшемдік  топтарының белгісін   поршеньнің   түбіне   салады. Құрастырған кезде   поршень топтары гильза топтарымен бірдей болуы тиіс. Поршеньдерді   поршень  саусақтарының   астындағы саңылау   диаметрі бойынша екі өлшемдік топқа сорттап, поршень бобышкаларын бояумен (қара немесе сары) таңбалайды.

Кейбір трактор двигательдерінін поршень қалпақшасына тереңдігі 0,3 мм сакиналы ойык салынған (19,  б-сурет). Онда майдын жанған калдықтары (күйе) іркіледі де, мұның өзі поршень саусақтарының мезгілсіз кокстануына жол бермейді.

Карбюраторлы двигательдерде түбі  жалпақ   поршеньдер   пайдаланылады (19, в-сурет), мұның  өзі жасалуы қарапайым және жұмыс кезінде шамалы  қызатындықтан кеңінен қолданылатын болады. Кейбір автомобиль двигательдерінде бобышка астындағы поршень етегінің бір  бөлігі алынып  тасталып, поршень  төменгі    қалпында   болған жағдайда иінді біліктің қарсы салмағы өтетіндей және оны оңайлататындай етілген. Поршеньдегі қалпақша астында көлденең тілік (7), ал поршень етегінде ұзынша Т тәрізді тілік болады. Тіліктер поршень етегінің серпімділігін арттырып, кептеліп қалу қаупінен қорғайды. Егер поршень етегінде тілік болса, онда оны двигательге орнатқанда, жұмыстық жүріс кезіндегі бүйірлік қысым кесіксіз поршеньнің бір бөлігіне ауысуы тиіс. Поршеньдерді двигательге дүрыс бағыттап орналастыруға поршень етегіндегі жазу көмектеседі.

Поршень саусақтары (19, г-сурет) ішкі қуыс болаттан жасалған. Поршень саусақтарын осьтік орын ауыстырудан қозғалтпай ұстап тұру үшін кысып ұстайтын бекіткіш сақина (8) колданылады, бұл сақина поршень бобышкасының ойығына орналасқан. Поршень саусағы поршеньді шатунмен жалғастырады. Шатунның жоғарғы қалпақшасының втулкасындағы тесікке саусакты саңылауына келтіріп, ал поршеньді — керіп орнатады. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде материалдардың сызықтық үлғаю (физиканы еске түсіріңіз) коэффициенті әр түрлі болғандықтан, жұмыстық температураға жеткенде поршень мен саусак арасында саңылау пайда болады да, саусақтың поршень бобышкаларында айналуына мүмкіндік туады. Мұндай саусақты қалқыма деп атайды.

Сырткы диаметірінің шамасына қарай саусақтарды екі өлшемдік топқа бөледі. Бұл өлшемдік топтарды, поршень бобышкаларындағы саңылау секілді, қара және сары түстермен таңбалайды. Бояуды саусақтың (8) ішкі бетіне салады. Саусақты поршеньмен коса құрастырған кезде олардың өлшемдік топтары бірдей болуы ескерілуі тиіс.

 

Поршень сақиналары (20-сурет) поршень мен цилиндрді нығыздауға, жылжымалы байланыс аралығына қолданылады. Олар пайдалануына қарай компрессиялық (1) және май сыдырғыш (2) деп бөлінеді. Компрессиялык сақина жану камерасындағы газдың картерге енуіне мүмкіндік бермейді. Май сыдырғыш сақина картердегі майдың жану камерасына енуіне бөгет жасап, цилиндр кенересіндегі артық майды жинап алады.

Поршень сақиналары

Сақинаны қоспалы шойыннан немесе болаттан жасайды. Сақинаның бос тұрған кездегі сыртқы диаметрі цилиндрдің ішкі диаметрінен   үлкен болады. Сақина бөліктері кесілген, сондықтан, цилиндрге орнаткан кезде сақина серіппеленіп, оның беткі жағына тығыз орналасады. Поршень cақинасындағы   ойындыны   жапқыш   деп атайды. Поршень   сакинасының жапқышы киғаш немесе тік болуы мүмкін. Көбірек кездесетіні тік кесікті жапқышы бар сақина. Оны жасау қарапайым әрі арзанға түседі. Жапкыштың саңылауы арқылы газдың неғүрлым аз шығуын  қамтамасыз ету   үшін   сакина жапқыштарын әр жакты, мүмкіндігінше шеңберден бірдей ара кашықтықта орналастырады. Цилиндрдің герметикалығын (нығыз жабылуын) қамтамасыз   ету   мақсатында   карбюраторлы двигательде поршеньге 2—3, ал цилиндрлеріндегі газ кысымы едәуір жоғары келетін дизельдерде 3—4 компрессиялы сақина орнатылады. Поршень ойығына сақинаны аздаған санылау калдырып орнатады және олар поршеньде біршама бос орналасуы мүмкін. Егер поршень саусақтары цилиндр кенересіне  нығыз орналаспаса,  онда цилиндр мен сакина арасындағы   саңылаудан газ шығып, сақинаны кыздырып жібереді. Мұндайда   пайда болған қоқыстар сакина мен поршень кенересі ойығының аралығындағы саңылауды бітеп тастайды.   Соның салдарынан сақина еркін қозғала алмайды, әрі серіппелігінен айырылады. Бұл құбылысты сақинаның күюі (кокстануы) деп атайды және де мұның  қозғалтқыш қуатының жоғалуына, майдың   көп жұмсалуына әсер етеді.

Компрессиялық сақинаның көлденең қимасының формасы әр түрлі келеді. (20, б-сурет). Қимасы тік бұрышты сақинаға қарағанда конус қималы сақинаның сыртқы таяныш беті шамалы болады, мұның өзі оның жақсы жұмыс істеуіне, әрі цилиндрдің бүкіл шеңбері бойынша жақсы жанасуын қамтамасыз етеді. Кейбір двигательдердің компрессиялық сақинасындағы ішкі диаметрдің сақинадан жоғары тұсында фаска немесе қырнақ болады. Мұңдай сақинаны орнатқанда ол деформацияланады (бұралады) да, цилиндр айнасының төменгі жиегіне жабысады. Сондықтан да бұралатын сақина кәдімгі конус сақина секілді жұмыс істейді, сонымен қоса ол поршеньде тік бағытта шамалы ғана орын ауыстырады. Формасы бір жақты трапеция түріндегі сақина поршень ойығында күйе көп бөлінген жағдайда онша майыспайды, әрі цилиндр кенересіне берік орналасады.

Жоғарғы компрессиялық сақинаның цилиндрге  үйкелетін бетіне хром

жалатылады, мұндағы мақсат барлық сақина мен цилиндрдің ұзаққа шыдауын қамтамасыз ету. Көпшілік двигательдердегі поршень сақиналарының қажалатын беттері ұзақ жұмыс істеуі  үшін қапталады.

Май сыдырғыш сақинаны (біреуін немесе екеуін) компрессиялық сақинанын астына орнатады. Олардың компрессиялық сақиналардан айырмашылығы — тілігі болады немесе біріккен екі сақинадан тұрады. Кейбір двигательдердің поршеніне құрамдас май сыдырғыш сақина орнатылады (20, в-сурет). Бұл сақиналар екі болат дискіден және екі гофрирленген (иректелген) кеңейткіштен (осьтік және радиалдық) жасалады. Диск аралықтарына орналасқан осьтік кеңейткіш, поршень жырашығының кенересіне нығыз орналасады. Радиалды дискілерді цилиндр айнасына нығыз қысады.

Құрастырмалы сақиналар цилиндр бетіне жақсы орналасатындықтан картер майының аз жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Comments

  1. 2 тактілі карбюраторлы Іштен жану ?оз?алт?ышыны? ж?мысты? циклі поршеньні? 2 ж?рісі кезінде, я?ни иінді білікті? 1 айналысында орындалады. М?ндай ?оз?алт?ышта?ы сы?ылу, жану ж?не ?л?аю процестері іс ж?зінде 4 тактілі Іштен жану ?оз?алт?ышымен ??сас. 4 тактілі Іштен жану ?оз?алт?ышымен салыстыр?анда 2 тактілі ?оз?алт?ышты? ?уаты аз болады.

  2. Приветик всем обитателям aksha-zhasau.ru ну и конечно главе портала 🙂

    Мне у Вас нравится и я тоже начала делать сайты, но я девочка…. Кстати зовут меня Алиса (в стране чудес) есть в ВК только не надо гадости писать, а так дружу общаюсь.

    Глава сайт aksha-zhasau.ru с Новым 2016 годом, успехов в делах с сайтом 🙂

  3. Цилиндр:
    Көлікте қолданылатын цилиндрлердің түрлері

    Тежеуіштің негізгі (басты) цилиндрі — поршеннің механикалық қозғалысын тежеуші тетіктеріне жіберілетін сұйықтың қысым күйіне түрлендіретін цилиндр.
    Қозғауыш цилиндрі — қозғауыштың поршенінің жұмыс процесі өтетін цилиндр.
    Екі жолды цилиндр — екі өздігінен жүретін тежеуіш контурына әсер ететін, екі бөлек поршендерден тұратын басты тежеуіш цилиндр.
    Жұмыстық тежеуіш цилиндр — цилиндр түріндегі тежеуіш жетегінің белгілі, басты тежеуіш цилиндрден сұйық тобына берілген поршень цилиндрі.
    Осылай

Добавить комментарий