Тракторлар

Трактор деп арнайы жұмыс органдарымен жабдықталған ауыл шаруашылық, жол және басқа машиналарды қозғалтатын энергетикалық құрал ретінде, сондай-ақ тіркемелерді буксирлеу мақсатында пайдаланатын доңғалақты немесе шынжыр табанды машиналарды атайдьі. Трактор двигателі қуат алу білігі арқылы активті (қозғалмалы) жұмысшы органдарды немесе шкивтік құралдары арқылы стационарлық (қозғалмайтын) ауыл шаруашылық машиналарын іске қосуы мүмкін. 4

Тракторлар ауыл шаруашылығының алуан түрлі саласында қолданылады. Әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарын атқару үшін алуан түрлі мақсатта қолданылатын тракторлар қажет.

Ауыл шаруашылығы тракторлары мынадай белгілері бойынша жіктеледі (1сурет).

Қолданылуына қарай қазіргі кездегі ауыл шаруашылық машиналары үш топқа бөлінеді: жалпы пайдаланылатын (жер жыртатын), универсалды-отамалы және арнаулы.

Жалпы пайдаланылатын тракторлар ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстарды атқаруға, өсімдіктердің көпшілігін егіп-өсіруге, күтіп-баптауға: жер жыртуға, дискілеуге, жаппай культивациялауға, тырмалауға, егуге, жинауға пайдаланылады. Олардың басты айырмашылығы — жол саңылауының шағындығымен, двигателінін аса қуаттылығымен, шинасының немесе шынжыр табанының жалпак болуы нәтижесінде топыракпен жақсы ілінісетіндігімен, сол себепті тарту күшінің молдығымен ерекшеленеді.

Универсалды-отамалы тракторлар отамалы дақылдар мен баска да көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының қатар аралықтарын еңдеуге пайдаланылады. Осы мақсатқа орай кейбір универсалды-отамалы тракторларды жалпы мақсатта пайдалану үшін ауыстырып салатын жалпақ шиналы жетекші доңғалақ және қатар аралықтарды өңдейтін жіңішке шиналы доңғалак, болуы ескерілген. Өсімдіктерді бүлдірмеуі үшін трактордың жол саңылауы үлкен және доңғалақ аралығы кең (қатар аралықтардың еніне сәйкес ретке келтірілетін етіп жасалған).

Арнаулы тракторлар жалпы мақсатта пайдаланатын кез келген трактордың немесе универсалды-отамалы трактордың өзгертілген түрі. Олар жұмыстың белгілі бір түрін немесе әр түрлі жұмыстарды (жүзімдікте, мақталықта), тек белгілі бір жағдайда ғана (батпакты топырақта, таулы жерлерде) аткаруға арналған. Мәселен, мақта егуге арналған тракторлардың алдында бір доңғалағы (басқарылатын), ал батпақты жерде жұмыс істейтіндердін, жалпақ шынжыр табаны болады, биік тауға арналған тракторлар 16° тікте жұмыс істей алатындай етіп жабдықталады.

Жүріс бөлігінің конструкциясы бойынша тракторлар шынжыр табанды және доңғалақты болып бөлінеді.

Шынжыр табанды тракторлар тіреу бетінің үлкендігімен ерекшеленеді, сондықтан да ол топырақпен жақсы ілшіседі, әрі оны шамалы ғана езіп, нығыздайды. Мұндай трактордың жол кедергілерінен өту кабілеті де, тарту күші де өте жоғары.

Доңғалақты тракторлар шынжыр табандыға қарағанда едәуір универсалды, сондықтан да оны егіске де, транспорт жұмыстарына да пайдаланады. Шынжыр табанды тракторларға қарағанда   онын топырақпен ілінісуі а төмендеу.

Қаңқатипібойынша тракторлар рамалы, оның қаңқасы тойтармаланған немесе пісіріп үстатылған; жартылай рамалы, оның қаңқасы екі қысқа бойлық арқалықтан түрады, бұлар артқы белдікке бекітілген немесе пісіріп ұстатылған; рамасыз, онын қаңқасы корпустары өзара жалғасқан жекелеген механизмдерден тұрады.

Номиналдықтартукүші б о й ы н ш а тракторлар он класка бөлініп, олар құрылысы бойынша ерекшеленеді.

Тарту күші бойынша бөлінетін он класс ауыл шаруашылығы тракторларының типажын құрайды.

Comments

Добавить комментарий