Трактордың құрылысы

Трактор типажы

Типаж — бүл біздін, еліміздегі ауыл шаруашылығы ендірісінде қолданылатын барлық тракторлар моделінің техникалық және экономикалық тұрғыда негізделген (олардың негізгі көрсеткіштері керсетілген) жиынтығы.

Қазіргі қолданылып жүрген типаж бойынша тракторлар тарту класы, яғни оның топырақпен ілінісуіне байланысты болатын номиналдық тарту күші бойынша жіктеледі.

Тарту күші — тракторлардың ауыл шаруашылығы машиналарымен агрегатталу мүмкіндігін айқындайтын, олардың тарту кедергісі тракторлардың белгілі бір класына сәйкес келетін негізгі шама. Қласс — трактордың габариттік өлшемін білдіреді. Трактор массасы шамамен оның тарту класынан екі еседей артық. Номиналдық тарту күші деп трактордың аңыздағы орташа ылғалды топырақта оның қозғалтқыш органдарының тығылып қалуы (буксование) доңғалакды тракторларда 15 процентке, ал шынжыр табандыларда — 5 процентке дейін бол­ған жағдайда жұмыстық жылдамдыкпен қозғалған кездегі тарту күшін (килоньютон немесе тоннкүш есебінде) атайды.

Трактордың әрбір класының номиналдык тарту күшінде тартудың пайдалы әсер коэффициенті ең жоғарғы мәнге жетеді.

Әрбір кластын негізгі моделі (яғни ең көп шығарылатын негізгі тракторлар) және арнайы жұмысқа керекті өзгертілген түрі (модификациясы) болады. Тракторлардың өзгертілген түрлеріне негізгі модельдің үйлестірілген двигателі және бірқатар құрамды бөлшектері орнатылған.

Құрамды бөлшектерді үйлестіру (бірыңғайлау) тракторды жасауды және пайдалануды жеңілдетеді.

Класс 0,2. Бүл шағын габаритті доңғалақты трактор. Оның доңғалақ формуласы 4×2 (яғни трактордың төрт доңғалағы бар, оның екеуі жетекші). Олар шағын алаңда, селекциялық және мектеп учаскелерінде жұмыс істеуге арналған. Тракторлар арнайы жасалған тіркемелі тележкамен, плугпен, шөп шапқышпен, культиватормен және басқа да машиналармен жұмыс істей алады.

Осы кластың негізгі тракторларынан двигателінің қуаты 7,36—8,83 кВт (10 —12 ат күші) келетін жаңа өндірістік, ал өзгертілген түрлерінен — селекциялық (селекция мен түқым шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру үшін) тракторлар жасалуда. Бүл тракторлардың әзірше маркасы жоқ.

 

Класс 0,6. Бүл кластағы тракторлар көкөніс дақылдары мен бақшаның қатар аралықтарын өңдейді, егіс алдындағы күтіпбаптау жұмыстарын атқарады, көкөністерді егеді және отыр­ғызады, егісті баптайды, пішен жинайды, транспорт жұмыстарын атқарады, стационарлық машиналарды қозғалысқа келтіреді.

 

Трактор конструкциясы оның бойлық базасын және агротехникалық саңылауын (клиренс) тракторды үш түрлі жолмен (орташа, төмен, жоғары) ретке келтіру арқылы өзгертуге мүмкіндік береді. Төменгі жолмен ретке келтірілген трактор бақта, ал жоғары жолмен ретке келтірілгені бақшада жұмыс істеуге ыңғайлы. Бұл тарту класында түрі өзгертілген трактордың бірі — ездігінен жүретін шасси. Аспалы машиналармен агрегатталған өздігінен жүретін шассидің көмегімен көкөніс пен мал шаруашылықтарында, бақ пен егістікте алуан түрлі жұмыстарды атқаруға болады.

 

Класс 0,9. Бүл кластағы тракторлардың беріліс ауқымы кең, барлық берілісте айналу бағытын езгерту мүмкіндігі мол, алдыңғы және артқы доңғалақтарының із аралығы реттелетін болғандықтан, олар ауыл шаруашылығында егіс алдындағы өңдеу, егу, зиянкестермен күресу, қатар аралыктарды өңдеу, отамалы, техникалык және көкөніс дақылдарын жинау; пішен жинау секілді жұмыстарды атка’ ра алады. Оларды сонымен қоса транспорт жұмыстарында және стационарлық машиналарды іске қосуға пайдаланады.

 

Класс 1,4. Бұл класка жұртка белгілі «Белорусь» тобындағы тракторлар жатады. Оларды техникалық және көкөніс дақылдарын егу мен жинауды комплексті механикаландыру үшін пайдаланады. Трактор аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылық машиналарына агрегатталып — жер жырту, культиваторлау, тырмалау, егу, отырғызу, азық дайындау, әр түрлі жүктерді тиеу — түсіру, тынайтқыш шашу, стационарлық машиналарды іске қосу секілді жұмыстарды атқарады. Оны тіркеме агрегаттарыменқоса шаруашылық ішіндегі тасымал жұмыстарына пайдаланылады.

 

0,6, 0,9 және 1,4 кластарынын, базалық модельдері — доңғалақты универсалды-отамалы тракторлар. Олардың өзгертілген түрлерінен барлык доңғалақтары жетекші келетін, әрі жол кедергілерінен өте жақсы өтетін универсалды-отамалы тракторлар, жол саңылауы биік келетін, әрі биік сабақты дақылдарға арналған отамалы тракторлар, биік тау беткейіне арналған тракторлар шығарылады.

 

Класс 2. Қазіргі кезде бұл кластағы шынжыр табанды тракторлар өндірісте қызылша, жүзім, бақ жұмыстарында пайдаланылады. Бұл шынжыр табанды тракторлардың двигателін, моделі 1,4 класты доңғалақты тракторлармен ауыстырып салуға болады. 2 және 1,4 класты тракторлар агрегаттық жолмен үйлестірілетін бірыңғай топқа жатады.

 

Қласс 3. Бұл кластың базалық моделі жер жыртатын шынжыр табанды тракторлар. Оның батпақта және құламалы тау беткейінде жүретін шынжыр табанды түрлёрі бар. Сонымен қоса, осы класта барлық доңғалақтары жетекші және олардың мөлшері бірдей доңғалақты трактор түрлері де бар. Бір заводтан шығарылған доңғалақты және шынжыр табанды тракторлардың базалық моделінің 70 проценттей деталы жалпылама уйлестірілген. 3класс тракторлары негізінен топырақты өңдеуге, астықты егуге және жинауға, сондай-ақ тасымал жұмыстарына арналған. Бұл кластағы тракторларды Харьков және Волгоград трактор заводтары шығарады.

 

Класс 5. Онбірінші бесжылдықта 4кластық тракторлар өндірістен алынады. Оның орнына жер жыртатын шынжыр табанды 5кластық тракторлар шығарылады. Қазіргі кезде бұл класс бойынша өнеркәсібіміз жұртқа белгілі барлық донғалақтары жетекші «Кировец» тракторын шығарады.

Бұл кластағы тракторлар жер жыртады, тырмалайды, аңызды сыдыра жыртады, тұқым себеді, қар тоқтатады. Доңғалақты тракторлар тасымал жұмыстарында да ойдағыдай пайдаланылуда.

Класс 6. Бұған Челябинск трактор заводында шығарылатын шынжыр табанды тракторлар жатады. 6кластық тракторлар энергияны көп қажет ететін ауыл шаруашылық және агромелиоративтік жұмыстарға пайдаланған тиімді.

Класс 8. Тракторлар қазір машина сынау станцияларында сынақтан өтуде. Бұл біздің отандық енеркәсібіміз жасайтын аса қуатты доңғалақты ауыл шаруашылығы тракторы. Оларды он екінші бесжылдықта сериялап шығару кезделген. Бүл трактор энергияны көп қажет ететін ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқаруға арналған.

 

Comments

  1. Ашық сабақ нұсқасы:
    Міне жақсы сабақ, осы үлгісі:
    Тақырыбы: Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі
    Трактордың жалпы құрылысы.
    1. Сабақтың мақсаты:
    2. Білімділігі: Оқушылардың теориядан алған білімін өндірістік оқумен ұштастыру, тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмін, трактордың жалпы құрылысын оқып үйрену.

    3. Дамытушылық: Оқушылардың мамандығына ынтасын арттыру, шеберлік және іскерлік қасиеттерінің дұрыс қалыптасып дамуына ықпал жасау, дұрыс шешім таба білу дағдыларын қалыптастыру, олардың өндірісте жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
    4. Тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, азаматтылықпен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
    5. Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті заттар:
    Двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар.
    6. Сабақтың көрнекілігі. Плакаттар, тех. карталар, макеттер.
    7. Пәнаралық байланыс: арнаулы материал тану, физика, электро техника, газбен пісіру пәндері бойынша
    9. Сабақтың әдісі: зертханалық жұмыс. Оқушылардың дербес жұмыстарын ұйымдастыру. Сұрақ – жауап әдістері.
    Сабаққа қажетті оқу материалдық жабдықтар:
    10. Сабақтың ұйымдастыру түрі:
    Топқа бөлу:
    Барлық оқушы саны: 25
    11. Тақырыпқа байланысты білулері және істей алулары керек:
    — Құрал — жабдықтарды пайдалану
    — Жұмыс орындарын дайындау
    — Техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелері
    Сабаққа қойылатын талаптар:
    • Уақытты нормаға сәйкес үнемдеу
    • Техника қауіпсіздік ережесін сақтау
    • Арнаулы киімдерді, құрал — жабдықтарды ережеге сәйкес пайдалану
    12. Пайдаланатын оқулықтар тізбесі:
    Сабақтың барысы

    I. Ұйымдастыру бөлімі: 08: 30 — 08: 45
    Оқушылармен сәлемдесу.
    Топ басшысынан оқушылардың қатысуы жөніндегі мағлұмат алу.
    Оқушылардың арнайы киімдерінің ережеге сай келулерін тексеру (костюм — шалбар, қолғап, бас киім)
    Құрал жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру.

    II. Кіріспе нұсқау: 08: 45 — 09: 15
    Өтілген сабақты еске түсіру, қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қою:

    Жаңа сабақты түсіндіру. 09: 20 — 10: 00
    Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар. Олардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т. б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды.

    Керегін интернеттен табуға болады.

Добавить комментарий