Трактордың басқару органы және оның двигателін жүргізу

Дизельді двигательмен (дизельмен) жабдықталып, қосалқы двигательмен жүргізілетін казіргі ауыл шаруашылық тракторларында басқару органдары мен екі қозғалтқыш де кабинада орналасқан (мәселен, ДТ —75 М трак торында, 5сурет). Мұның өзі жүргізу жүйесін дистанционды басқару арқылы жүзеге асырылады.

Іске қосқыш двигательді жұмысқа әзірлеу және оның жұмысын басқару үшін мыналарды пайдаланады: бензин бачогінің шүмегін басқаратын тұтқа (1), карбюратордын ауа жапқышын басқаратын тұтқа (5), магнето оталдырғышын ажыраткыш (11), стартерді қосқыш (15), жүргізу құрылғысының  редукторын іліністіруді және шестерняны жүргізуді қосуды басқаратын рычаг (27).

Негізгі двигательді жұмысқа әзірлеу үшін декомпрессиялық механизм (декомпрессор) рычагы (8), отын жіберуді баскару рычагы (20), «массаны» қосқыш (20), отын багының шүмегі және айдайтын кол насосы (кабинадан тыс орналасқан) қолданылады.

Тракторды басқару үшін кабинада мынадай рычагтар мен педальдар орналасқан.

Шынжыр табанды трактордың бұрылысын басқару механизмінін рычагтары (9 және 10). Тракторды үлкен доға радиусы бойынша бұру үшін тиісті рычагты жайлап артқа тартады.

Бұраушы моменттің арттырғышын қосатын рычаг (10). Рычагты өзіне қарай тартқанда бұраушы моментті арттырғыш қосылады. Рычаг қосылған қалпында ілгешекпен тоқталады.

Отын жіберуді басқару рычагы (20). Рычагты төмен қарай қозғағанда отынның келуі артады. Отынның келуін тоқтату үшін рычагты ең жоғарғы қалпына ауыстырады.

Бас іліністі басқару педалы (21). Егер педальды аяқпен тірелгенінше басса, бас ілініс ажыратылады.

Қуат алу білігінің рычагы (23). Қуат алу білігін қосу үшін рычагты артқа жылжытады. Ал рычаг алдына қарай жылжытылғанда куат алу білігі ажыратылады.

Оң және сол жақ тежеуішінің педальдары (25 және 26). Тракторды шұғыл бұру үшін бұрылатын жақтың рычагын тартып, сол бұрылатын жағындағы педальды ғана басады.

двигательді

Берілісті ауыстырып қосқыш ры•чаг (28). Берілісті ауыстырып, қосу үшін бас ілішсті толық ажырату қажет.

Аспалы құралдардың негізгі және шығарылмалы цилиндрлерін басқару рычагтары (30, 29 және 31) трактордың артында, оң және сол жақтарында тиісінше орналасқан. Әрбір рычагтың орналасуына карай аспалы құралдардың мынандай қозғалысы мен күйінің түрлері болуы мүмкін: жоғарғы орын ауыстыру — көтерілу, біріншіге дейінгі төменгі ұсталатын қалпында — бейтарап, екіншіге дейінгі ұсталатын қалпында — түсірілу, төмен тірелгенше — қалқыма қалпы.

Бақылап-өлшеу және сигнал приборларына мыналар жатады: тахоспидометр (2), отын қысымын көрсеткіш (4), амперметр (6), двигательдің салқындатқыш сұйығының температурасын көрсеткіш (12), двигательдің майлау жүйесіндегі майдың қысымы қызғанын сигналдайтын бақылау лампасы (13) бұраушы моментті арттырғыштың майлау жүйесіндегі май қысымын көрсеткіш (15), двигательдін майлау жүйесіндегі май қысымын көрсеткіш (16), аккумулятор батареясының (массаға қосылғанын сигналдайтын бақылау шамы (17), дыбыстық сигналдың кнопкалы қоскышы (18).

    Двигательді жүргізуге әзірлеу. Салқын двигательді жүргізер алдында смена сайынғы техникалық күтім oneрацияларын атқару қажет/коректендіру жүйесіндегі ауаны шығарып (егер қозғалтқыш көптен бері жүргізілмеген болса), оны отынмен толтырады, ол үшін copy помпасының қол насосын пайдаланады, берілісті ауыстырып қосқыш рычагтың (28), аспалы гидрожүйені басқару рычагтарының (29, 30, 31) бейтарап қалпында тұрғандығына, ал қуат алу білігінің басқару рычагы (23) ажыратылғандығына кез жеткізу, радиатор пердесін жабу, қозғалтқыш капотының оң жақ бүйіріндегі калканын шығару керек.

 

Двигательді жүргізу. Иінді біліктің айналуын жеңілдету ушш декомпрессорды косып, рычагты (8) шеткі төменгі қалпына қояды. Егер қозғалтқыш ұзак уақыт бойы іске қосылмаған болса, иінді білікті тұтқамен екі-үш рет айналдырады.

Негізгі және іске қосылатын отын багының шүмегін ашады. Іске қосылатын отын багынын шүмегін ашу үшін тұтқаны (1) сағат тіліне қарсы бұрайды. Отын беруді басқару рычағын (20) шеткі жоғарғы қалпына — отын беруді тоқтатуға сәйкес келетіндей етіп қояды. Жүргізілетін шестерняны дизель маховигінің тәжіне ілінісетіндей етіп енгізеді, ол үшін рычагты (27) тірелгенінше жоғары бұрайды, содан соң оны төмен түсіріп, жүргізу құрылғысының ілінісін ажыратады.

Тұтқаны (5) өзіне тартып, жүргізілетін қозғалтқыш карбюраторының ауа жапқышын ашады. «Массаға» тиетін үлкен кнопка бекітілгенше басып, аккумулятор батареясын электр тізбегіне қосады.

Осыдан кейін стартер қосқышынын, (15) рычагын тірелгенінше сағат тілі бойынша бұрап стартерді қосады.

Іске қосқыш қозғалтқыш жұмыс істей бастасымен карбюратордын, ауа жапқышын толық ашып, тұтқаны (6) алдыңғы қалпына қояды да, двигательді 2 минуттей бос жүріспен істетеді. Іске қосқыш двигательді үзақ уақыт бойы бос жүріспен жұмыс істету шектен тыс қыздыруға соқтырады.

Іске қосқыш двигательді қыздырып алғаннан кейін жүргізілетін құрылғының редукторын жайлап іліністіреді. Негізгі двигательді қыздыру үшін декомпрессорды 1—2 минут бойына — двигательдін май магистралында қысым пайда болғанша қосып содан кейін декомпрессорды ажыратады. Егер мұндайда іске қосқыш қозғалтқыш айналу жиілігін бәсеңдете бастаса, декомпрессорды қосып дизельді двигательді тағы да қыздырып, оны қайтадан ажыратады. Іске коскыш қозғалтқыш тұрақты жұмыс істей бастағанда майды барынша жібереді. Дизельді қозғалтқыш тоқтаусыз жұмыс істей бастағаннан кейін редуктор ілінісін ажыратып, магнето оталдырғышын ажыратқыш (11) кнопканы басып, іске қосқыш двигательді өшіреді және отын беру рычагын ортаңғы қалпына қояды. Іске қосқыш двигательді 15 минуттан артық тоқтаусыз жұмыс іететуге болмайды.

Егер стартер немесе аккумулятор батареясы ақаулы болса, онда іске қосылатын двигательді қолмен жүргізуге болады. Ол үшін іске қосылатын двигательдің маховик күндағын стартермен қоса шығарып алып, іске қосатын баудың түйінін оталдыратын двигательдің маховигіндегі ойықтын. біреуіне енгізеді, осыдан кейін маховик стрелкасында көрсетілген айналу бағытына қарай бауды ойыққа 1,5—2 орам айналдырып, бау тұтқасынан қатты тартып іске қосқыш двигательді оталдырады. Маховикті айналдырған кезде тек бау тұтқасынан үстауға болады. Бауды қолға орауға болмайды. Өйткені іске қосу кезінде иінді білік кері айналып кетіп, қол бау мен маховик арасында қысылып қалуы мүмкін. Егер бауды 34 рет тарту әрекетінен соң, қозғалтқыш оталмаса, онда оталғышты және отынның карбюраторға келуін тексереді; байқаған ақауды түзетіп, двигательді оталдыруды қайталайды. Негізғі қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін іске қосылатын двигательдің шүмегін жауып, капот жақтауын орнына қояды да, аспаптарды жинап алады.

Дизельді жүргізгенен кейін қыздырады, ол үшін онын айналысын 2—3 минуттың ішінде орташа қалпынан максимал шамасына дейін жеткізеді. Мұндайда двигательді мұқият тыңдап, бақылау приборларының көрсеткішін тексереді. Қозғалтқыш біркелкі узіліссіз және тарсылсыз жұмыс істеуі, әрі шыққан газы түтіңсіз болуы тиіс. Салқындатқыш сұйықтың температурасы кемі 50°С-қа дейін қызғанда ғана двительдерге күш түсіруге болады. Су температурасы 75°С-қа жеткенде радиатор пердесін толык. ашады.

Кызған двигательдің майлау жүйендегі май қысымы 0,3—0,5 МПа шамасында болуы тиіс. Егер қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде манометр май қысымын көрсстпесе, онда двигательді дереу тоқтатып, акауын тузету ерек.

Күн жылы кездерде декомпрессорды қоспай-ақ двигательді іске қосуға болады. Мұндай жағдайда отын жіберуді қоспай-ақ двигательдің майлау жүйесінде май кысымы байқалғанша інді білікті бұрап, содан кейін отын жіберуді қосу қажет.

Төмен   температура   жағдайында двигательді іске қосуды оңайлату үшін жылытқышпен жылытады, немесе салқындату жүйесіне ыстық су, ал картер түбіне — ыстық   май   құяды.   Қатты аязда салқындату жүйесіне су кұятын ашық шүмектен әуелі 60—70°С температураға дейін қыздырылған су өт:ізіп, сонан соң ағызу шүмегін жабады ,а, оған температурасы 90—95°С ысық су құяды. Іске қосуды оңайлату үшін қозғалтқыш цилиндріне шүмек қалпақшасы арқылы бензин мен май қоспасынан 2—3 см3 құяды, сондай-ақ дизельдің отын насосындағы байыткыш кнопканы тартады.

Дизельді двигательді тоқтату үшін отын беруді доғарады. Дизельді тоқтатар алдында иінді біліктің орташа және баяу айналу жиілігінде 3—5 минут бос жүргізеді. Мұндағы мақсат — май мен су температурасының біркелкі төмендеуіне мүмкіндік беру. Отын багының шүмегін жауып тастап дизельді тоқтатуға болмайды. Мұндайда қоректендіру жүйесіне ауа сорылып, двигательдің келесі жолы іске қосылуын қиындатады. Дизельді тоқтатқаннан кейін, бүйірдегі «массаны» қосқыш шағын кнопканы басып тұрып, аккумулятор батареясын ажыратады. Сонда бақылау лампасы (17) өшуі тиіс.

 

Comments

Добавить комментарий