Сақтық шаралары

Қазіргі кездегі тракторлар мен автомобильдердің конструкциясы қауіпсіз жұмыс істеуді камтамасыз етеді. Тракторлармен және автомобильдермен жұмыс істеген кезде жазатайым жағдайларға ұшырамас үшін мынадай  негізгі қауіпсіздік ережелерін білу және оны бұлжытпай орындау кажет.

Тракторлар мен автомобильдерде жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, арнайы дайындықтан өтіп, тиісті куәлік алған адамдар ғана жіберіледі. Двигательді іске қосуға және тракторлар мен автомобильдерде жұмыс істеуге бөгде адамдарды жіберуге болмайды. Егер тракторлар мен автомобильдер^ дің тежеуіші, рульдік басқаруы неме’ се жүріс доңғалағы ақаулы болса жұмыс істеуге рүқсат етілмейді. Жүргізушінің киімінде салбырап тұрған ұштары болмауы тиіс. Тракторлар мен автомобильдерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсететін дәрідәрмектер болуы тиіс.

Двигательді іске қосар алдында берілісті ауыстырып қосқыш рычагтың бейтарап қалпында тұрғанына көз жеткізеді.

Жүргізуші машинаны орнынан жылжытар алдында жанжағын тұтас шолып карап, тиісті сигналдар беріп, тек содан кейін ғана жайлап жүргізеді. Доңғалақты тракторды немесе автомобильді тоқтатар алдында күні бұрын тоқтайтын орын белгілеп, өз екпінімен тоқтайтындай жүріс жылдамдығын азайтып, тежеуішті машина әбден тұрған кезде ғана қолданады. Түнде жүріп келе жатқанда жол жиегіне тоқтағысы келсе габариттік фонарьды жағу керек, ал мүмкіндігі болса жол жиегінен алысырак тоқтаған жөн. Шұғыл тоқтату қажет болғанда жол жағдайын ескереді, ал тайғанақ

‘жолда әуелі іліністі ажыратпай тұрып тежейді де, ал жүріс едәуір баяулағанда іліністі ажыратады. Тайғанак жолда аударылып кетпес үшін двигательдін баяу жүрісімен тежеген жөн.

Әрбір жекелеген жағдайда жүру жылдамдығы сыртқы ортаға, жүргізушінің тәжірибесіне, қозғалыс интенсивтілігіне және жол жағдайына карай үйлестірілуі тиіс. Жол жағдайы нашар лағанда қозғалу жылдамдығы баяулайды.

Пневматикалық жетек тежеуіші бар тракторлар мен автомобильдерде еңістен түскенде двигательді тоқтатуға болмайды, өйткені ауа баллондарындағы артык ауа тежеуішті бір сәтке ғана камтамасыз ете алады.

Тракторды және автомобильді басқару кезіндё қимылдамай отыру салдарынан жүргізушінің қол-аяғы, белі талып қалжырайды. Сондықтан жүргізуші кабинада жайланып отырғаны жөн. Тым еркін отыру және рульді жайбарақат ұстау да дұрыс емес. Мұндайда жүргізушінің назары басқа жаққа ауып, қажет кезінде шұғыл әрекет жасай алмай қалады.

Теміржолдың тек көрсетілген тұсынан ғана баяу жүріспен өтеді. Көпір мен өткелден өткенде әуелі оны бақылап, жүк көтерімділігін алдын ала тексереді.

Биік беткейде трактормен және автомобильмен жүргенде әсіресе сақ болып машинаны аударып алмау жағын қарастырғаны жөн.

Бір егіс танабынан екінші егіс танабына барғанда қалын бұта мен биік шөп үстінен жүруге болмайды. Түнгі уақыттарда немесе қалың тұманда жарықты қосу керек. Түнде биік беткейде және қыратты жерлерде жұмыс істеуге болмайды. Трактор агрегаттары жұмыс істеп жатқан жердегі пішен мен шөмелеге, сондай-ақ боразда мен шөпке жатып тынығуға болмайды.

Ұзақ уақыт бойы жүргізбей тоқтатып қойған жағдайда двигательді өшіріп, трактордың немесе автомобильдің жылжып кетпейтіндігіне көз жеткізеді, ауыл шаруашылық машиналарының аспалы күрылғыларын түсіреді.

Тракторлар мен автомобильдерді жүргізушілер жолда жүру ережелерін мүлтіксіз білуі және оны бұлжытпай орындауы тиіс.

Тракторларда жұмыс істеген кездегі ерекше қауіпсіздік шаралары. Жұмыс істер алдында тракторға агрегатталған ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын қарап шығу керек. Тіркеме кұрылғылар түзік болуы тиіс. Ауыл шаруашылық машиналарымен жалғасқан қуат алу біліктері металл каптамамен қоршалуы тиіс. Егер қуат алу білігі пайдаланылмайтын болса, онда оның бос шеті қалпақпен жабылады.

Тым қызған двигательді оталдыруға болмайды, себебі мұндайда қоспа күні бұрын түтанып кетеді. Двигательді оталдыратын бау мықты, әрі құрғак болуы тиіс. Баудын, шетінде диаметрі 20 мм және ұзындығы 50—70 мм ағаш тұтқа болуы тиіс. Бауды ортаңғы және аты жок саусақтар арасынан еткізіп алады. Магнето сымын оталдыру свечасынан ажыратпай тұрып, қозғалтқыш маховигін айналдыруға болмайды.

Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде трактордын тетіктерін реттеу жұмыстарын атқаруға және трактордын немесе ауыл шаруашылық машиналарынын. астына кіруге болмайды. Трактор кабинасына отырар алдында аяк киімді ластан тазартып, аяктыц еденге және басқару педалына тайғанамау жағын қарастырады.

Егер трактор мен ауыл шаруашылық машиналарының, арасында немесе агрегаттың жүретін жолында адамдар болса берілісті қосуға болмайды. Тракторды   орнынан   қозғалтар   алдындатракторшы тіркеме машинада отырған адамдарға ескертуі тиіс. Артқы жүріспен агрегатталатын машинаға өте баяу жылдамдықпен жақындауы, кез келген сәтте тракторды тоқтатуға әзір тұруы қажет.

Аспалы машинаны тракторға жалғастырған кезде тартқыш механизмдердің аралығына кіруге болмайды, аспалы машинаны тракторға толык жалғастыру ісі гидрожүйе тартқышының рычагы қалқыма қалпында тұрғанда жүзеге асырылады. Аспалы құралдарды көтерерде, түсірерде және бұрған кезде біреуге тиіп кетпеу жағын қатаң қадағалайды. Үзақ уақыт тұрған жағдайда аспалы құралдарды көтерілген қалпында қалдыруға болмайды.

Бір жерде тұрақтап жұмыс істеген жағдайда шкивтер мен жетек ременьдері қорғаныш калқанмен және тормен қоршалуы тиіс. Шкивті тоқтатпай тұрып жетек ременін салуға және шығаруға болмайды. Агрегатты қарап шығар алдында әуелі жұмыс істеп тұрған қуат алу білігін тоқтатады. Тракторды тіркеме машиналармен және тележкалармен жалғастыратын ілінісу құрылғылары өте мықты болуы тиіс.

Жұмыс кезінде және жүксіз немесе бос жүргенде трактордың аспалы құралдарына немесе тіркеме қапсырмасына тұруға не отыруға бо*лмайды. Жүріп келе жатқан трактордан түсуге және оған отыруға, трактордан тіркеме машинаға ауысып отыруға мүлде рұқсат етілмейді.

Тасымал жұмыстарында мынадай қосымша ережелерді орындау қажет. Трактор колеясы — доңғалақтар аралығы ең кемі 1600 мм болуы тиіс. Тежеуіштің бір мезетте әсер ететіндігі тексеріледі, әрі қажет болған жағдайда тетіктері ретке келтіріледі және тежеуіш педалы блокталады. Тіркемелер тежеуішпен жабдықталуы тиіс. Тіркемемен адам тасуға   мүлде бол­майды. Тіркемесі бар трактормен еңістен жылжи түсіп беріліс қорабын немесе іліністі ажыратуға мүлде болмайды.

Comments

  1. Автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылады:
    1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы;
    2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi;
    3) тұтынушыға автомобиль көлiгi саласындағы көрсетілетін қызметтерді таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;
    4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету.

Добавить комментарий