МЕТАЛЛ КЕСУ

    Шапқымен кескен кездё кесу аспабы металды бөліктерге бөледі немесе жоңқалайды.

Кесу процесіне қолайлы жағдай туғызу үшін кескіш аспаптардың кесетін белігін сына тәрізді пішінді етіп жасайды. Сондықтан, соққан кезде олар кесетін материалға сынаша қадала кіріп, оны бөліктерге беледі.

Сынаныңқалайжұмысістейтінін қарастырайық (32-сурет, а).Егер сынаға біршама күшпен Рәсер етсек, оның бүйір беттеріне тік бағытталған металдың молекулалық бөлшектерін ажырататын нормаль кұштер N пайда болады.

Сынанын. үшкірлену бұрышы р үлкейген сайын нормаль кұштер азаяды да, кесу қиындай түседі. Демек, кесуді оңайлату үшін сынаның бұрышын кішілеу жасау керек.

Бірақ сынаның бұрышын тым кішірейтіп жіберсек, онын, кесетін жүзінің беріктігі азаяды. Сондықтан жұмсақ материалдарды кесетін құралдардың үшкірлену бұрышы аз, жүзі жалпақ болып жасалады. Ал қатты материалдарды кесу үшін көп күшке төтеп беретін куатты қалың жүзді құралдар керек, демек олардың жүзінің үшкірлену ұшталған бұрышы үлкен болып жасалады.

Металды шауып бөлікке бөлген кезде, сынаны соғып кіргізгендегі сияқты, оның екі жақ жанында да үйкелу күші пайда болады. Ол үйкелу күші сынаның кіруіне едәуір кедергі келтіреді.

Металды жоңқалап бөлікке бөлген кезде құралдың жүзін өңдейтін бетке көлбете, үйкелу күші оның бір жақ жанына ғана әсер ететіндей ғып ұстайды (32-сурет, б).

металды кесу

Құрал үшінің өңделетін бетке қараған жағын артқы қыры деп атайды да, жоңқаланатын шетке қараған жағын алдыңғы қыры дейді. Ол екеуінің қиылысқан тұсында кесетін жиегі (кесетін жүзі)

болады.

Құралдың артқы қырымен өңделген беттің арасындағы а бұрышын артқы бұрыш деп атайды. Ол аспаптың артқы қыры мен өңделетін беттің арасында үйкелу кедергісі болмас үшін керек.

Құралдың алдыңғы және артқы қырларының арасындағы бұрышын үшкірлвну бұрышы дейді.

Өңделетін бетке жүргізілген перпендикуляр сызықпен құралдың алдыңғы жанының арасындағы ү бұрышын алдыңғы бұрыш деп атайды.

Бұлардың қосындысы 90° тең болу керек:

а + р + ү = 90°.

Осы жағдайда ү бұрышы формулаға плюс белгісімен кіріп түр. Мұндай алдыңғы бұрыштарды оңбұрыштар дейді.

Кесу аспабының алдыңғы бұрышы үлкен болса, үшкірлену бұрышы аз болады, сонымен кесу үшін көп күш жұмсалмайды, сондықтан аспаптың кесу бөлігінің беріктігі кемиді. Бұл айтылғандарДан шапқымен металл кескен кезде негізгі роль атқаратын келбеу бұрышының алдыңғы қыры мен өңделген бет арасындағы о бұрышын кесу бұрышы деп атайды. Ол үшкірлену бұрышы мен артқы оұрыштың қосындысына тең болады.

б = а + р.

Артқы бұрыш кесу жұмысына әсерін тигізбейді және белгілі бір аспаппен жұмыс істеген кезде оның шамасы тұрақты болып, кесу бұрышы негізінен үшкірлену бұрышына байланысты болады. Кесу бұрышы аз болғанда кесу үшін соғұрлым аз күш жүмсалады, бірақ құралдың беріктігі кемиді. Сондықтан қатты материалдарды кесу үшін кесу бұрышы үлкен болады да, жұмсақ материалдар үшін аз болады (қатты материалдарды кесетін шапқының кесу бұрышы 70°, жұмсақ материалдардікі — 50°).

металды кесу

Аспаптың кесетін бөлігі осал болмас үшін артқы бұрыштың шамасы мүмкіндігінше аз болу керек.

Ол шапқы үшін 5° шамасында. Шын мәнісінде оны ешкім де өлшемейді, жұмыс кезінде өзіненөзі пайда болады. Егер шапқыны бүдан үлкен бұрышпен ұстап соқсақ, ол өңделетін бетке қадалып жүрмейді, ал бүдан аз бұрышпен ұстасақ, ліапқы қашамай құр сырғанай береді.

Сыналап кескен кезде оның жүзі мен алдыңғы жаны металл қабатын итеріп қысады, қысым күші материалдың беріктігінен артылғанда оның беліктері ығысады (жарылады). Соның нәтижесінде жоңқаның элементтері пайда болады. Осы элементтер жоңқа құрайды.

Жоңқалар біртұтс, жарылған және опырылған болып бөлінеді.

Біртұтас жоңқа (33-сурет, а)созылғыш материалдарды (жұмсақ болатты, мысты, алюминийді) өңдегенде пайда болып, онын, түрі үздіксіз бұралған спираль лента тәрізді болады. Ж aр ы лғ а н жоңқаның (33-сурет, б)аспаптың кесетін жүзіне қараған жағы біртүтас жылтыр бет болады да, қарамақарсы жағы өзара осал біріккен элементтердің кедір-бұдыр беттерінен тұрады. Мұндай жоңқа қатты материалдарды (болатты) жонғанда пайда болады. Опырылғанжонқа (33-сурет, в)әр түрлі қабыршақ формалы бірбірімен байланыссыз элементтерден тұрады, ол сынғыш морт металдарды (шойын, қола) кескенде шығады.

Comments

Добавить комментарий