МЕТАЛЛ КЕСУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗ БОЛУЫ. ЖҰМЫС ОРНЫН ҮЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Металл кесу жұмыстарында жарамсыз болудың мынадай түрлері: өлшемдердің сәйкес келмеуі, өңделген беттің біртегіс болмауы, деталь шетінің сынуы, шүңқыр қалуы болуы мүмкін. Өлшемдердің сәйкес келмеуі жұмыс кезіндегі көңіл коймаудың салдарынан болады. Өңделген беттің біртегіс болмауы жүзі кеткен аспаппен жұмыс істегендіктен немесе металл өңдеу процесінде оны дұрыс қондырмағандықтан болады. Деталь шетінің сынуы және шұңқыр болып қалуы морт сынатын металдарды өңдегенде шапқымен кесудің негізгі ережелерін дұрыс сақтамағандықтан пайда болады.

Шапқымен металл кескенде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек. Ол ережелер мына төмендегідей. Кескіш аспаптар, балғалар, балға саптары ешбір сызат жарықсыз, ойылып сынған жерлері болмау керек, балғаның басы сапқа мықты отырғызылуы керек. Металл кесу процесінде шапқының ұратын бөлігін емес, жүзін ауықауық қарап қою керек. Металды кесіп болар кезде соққының күшін азайту керек, әйтпесе онын. шеті ұшып, шапқы колдан шығып кетіп көрші кісіге тиюі мүмкін. Сынғыш металдарды өңдегенде қорғаныш тор қолданған және көзге көзілдірік киген дұрыс.

Кескіш аспапты қайраған кезде көзілдірік болу керек және ста­ноктың жылжымалы қалқанын төмен түсіріп қойған жөн. Тірек пен ажарлайтын шарықтың арасындағы саңылау 3 мм-ден артық болмау керек. Қайрау кезінде аспапты ажарлатқыш шарыққа қатты басып ұстамаған дұрыс; қайрау үшін оның тек цилиндр бетін пайдалану керек.

Пневматикалық балғамен жұмыс істегенде сынбайтын шыныдан жасалған көзілдірікті пайдаланады және металл кесу орнын металл қалқамен қоршайды. Пневматикалық аспап тек шапқымен крейцмейсель ұшында тұрғанда және олар жұмыс қалпына қойылғанда ғана іске қосылады. Жұмыс кезіндегі үзіліс те шаппа аспаптан алынып қойылады, ал үзақка созылатын үзілісте ол қуат желісінен бөлінеді.

Жұмыс орнында тәртіп болуын сөзсіз қадағалау қажет. Аспаптар кысқыштың екі жағына: шапқы, крейцмейсель сол жақта, балға оң жақта, кескіш аспаптардың жүзі слесарьға қарап орналасуы керек, балғаның шаппасы кысқышқа тие орналасқаны жөн. Тексеру аспаптары верстактын. қарсы жақ шетіне таман жатуы керек.

Жұмыс аяқталғаннан кейін верстак үстін қылдан жасалған щеткамен тазарту керек.

Comments

Добавить комментарий