Кривошипті-шатунды механизмнің ақаулары

Кривошипті-шатунды   механизмнін ұзақ әрі калыпты жұмыс істеуі ондағы детальдардың   күйіне     байланысты. Тракторлар мен автомобильдерді пайдаланған кезде,   олардың бір қалыпты жұмысы   кейбір   ақаулардың   пайда болуы   салдарынан бұзылуы   мүмкін. Мұның ең бастылары — детальдардын үйкелетін беттерінің тозуы, цилиндрдегі компрессияның төмендеуі,   май мен судың ағуы.  Детальдардың тозуының сыртқы белгісіне жататындары — двигательде естілетін тарсыл, майдың тым көп жұмсалуы, пайдаланылған газдың түтінденіп шығуы, қозғалтқыш қуатының кемуі.

Детальдар аралығындағы көбірек тозған орынды анықтау үшін отын жіберетін рычагты тарсыл көбірек естілетін айналымға қояды. Қозғалтқыш жұмысын стетоскоппен тыңдауға да болады. Стетоскоп — металл стерженьге жалғанған наушник. Әр түрлі детальдардың өзіндік тарсыл үндестілігі болады. Мәселен, айқын естілетін, иінді біліктің айналу жиілігі артқан сайын күшейе түсетін металл тарсыл — поршень саусақтары немесе олардың втулкалары тозған жағдайда байқалады. Қатаң, айналу жиілігі күрт өзгергенде құбылып тұратын дыбыс блок-картердің төменгі бөлігінде (әсіресе күш түскенде) естіледі, бұл — шатунның немесе түпкі подшипниктердің тозғанын аңғарады. Түпкі подшипниктердің тозуының қосалқы белгілеріне май магистралындағы май қысымының төмендеуі де жатады. Поршеньдер немесе цилиндрлер гильзасы тозған жағдайда сыртылдаған тарсыл шығады да, ол қозғалтқыш жүріп, қыза бастаған кезде естіледі.

Поршень сақиналарының тозу белгісі — цилиндрдегі компрессияның төмендеуі және картер майының шамадан тыс көп жұмсалуы салдарынан қозғалтқыш қуатының кемуі, өйткені мұндай жағдайда компрессиялық сакинаның поршень астындағы қуысқа май айдайтын насостың әрекеті күшейеді.

Шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы — цилиндрлер гильзасының, поршеньдердің және олардың сақиналарының тозуы немесе поршень сақиналарының кокстенуі салдарынан жану камерасына майдың құйылғандығын аңғартады. Ақ түтіннің шығуы су тысынан цилиндргё су құйылғандығын көрсетеді. Цилиндрлерге судың ағуын тоқтату үшін цилиндрлер қалпақшасын бекітетін гайканы қатайтып бұрайды. Гайкаларды бұрап қатайту үшін динамометрлік кілтпен мынадай екіуш  амалды қолданады.  Әуелі гайка­лардың ортасынан бастап, сонан соң оң жағы мен сол жағын кезекпекезек, ең  соңында   шеткі   гайкаларды   бұрайды.

Цилиндр гильзасы мен блок-картер аралығындағы нығыздайтын резеңке сақинаның қолайсыз орналасуы салдарынан су тысындағы су картер түбіне ағуы мүмкщ. Қартер түбінен, картер маховигінен және таратқыш шестернясынан майдың ағуы төсемнің бұзылуынан немесе нығыз орналаспауынан, ал кейде иінді біліктің алдыңғы және артқы шетіндегі нығыздағыштың тозуынан болуы мүмкін.

Су немесе май аққан жағдайда барлық бекіткіш болттарды қатайтып бұрайды, ал егер бұдан көмек болмаса, онда бұзылған төсемдерді немесе нығыздағыштың тозған детальдарын алмастырады. Двигательдің ішіне шаңтозаң кіруін болдырмас үшін, тозған детальдарды ауыстыруды шеберханада жүргізеді. Бөлшектер алдында шеберналадчик двигательді диагностикалық құрылғымен тексереді.

Comments

Добавить комментарий