КЕСУ АСПАПТАРЫ

Шапқы (34-сурет, а)— көлденең қималы сопақша стержень. Шапқының кесетін, соғатын және ұстайтын орта бөлігі болады.

Кесетінбөлігі сына тәрізді болып жасалады. Оның екі қырын егеп қайрағаннан кейін, ол екі жақтың қиылысқан жерінде кесетін жиегі (жүзі) пайда болады.

Шапқының негізгі өлшеміне кесетін бөлігінің жалпақтығы жа­тады. Стандартталған  өлшемі мыналар:   5, 10, 15, 20 және 25 мм.

Шапқының соғатынбөлігі — сабының жоғары қарай жіңішкере беретін төбесі домалақтана біткен тұсы. Былай жасалған форма балғаның соққысы әрқашан шапқының орта тұсына келуін қамтамасыз етеді және шапқының тебесі соққыдан аз тойтарылады (жазық) төбелі шапқының басы көп тойтарылып саңырауқүлаққа ұқсап кетеді.

 

ШАПҚЫЛАП КЕСУ

Шапқыны У7 және У8 маркалы болаттардан дайындайды.

Крейцмейсель     (34сурет, б)—бұл жіңішке шапқы, ол детальдарға ойық, жырашық қашап салу үшін қолданылады. Крейсмейсель де стандартталған. Оның жүзінің жалпақтығы: 2, 5, 8, 10, 12 және 15 мм болады.

Профилі күрделі жырашықтарды жартылай шеңбер, төртбұрыш және т. б. жасау үшін крейцмейсельдердің арнаулы формалары қолданылады, олардың жүзі кесетін жиегі бар дөңгелектеу не бұрыш жасай орналасқан болады және т. б. Оларды көбінесе ж ы рашықтар (канавочниктар) деп атайды (34-сурет, в).

    Слесарьлық балғалар екі типпен дайындалады:

А типтісі — деңгелек табанды (35-сурет, а)және

Б типтісі — квадрат табанды  (35-сурет, б).

Балғаның негізгі сипаттамасы — салмағы болып есептеледі. ГОСТ 2310—54А типті балға үшін алты нөмір, Б типті балға үшін 8 нөмір тағайындалған.

Слесарьлық

Салмағы 50—200 г балғалар белгі салу және аспап жұмыстарын жасау үшін; 40—500 г балғалар шапқымен металл қесуге; 600— 1000 г балғалар жендеу жұмыстарына қолданылады.

Балғалар У7, У8, 50, 40Х маркалы болаттардан жасалады. Олардыц соққылайтын басы мен жүзі шыңдалады және қайралады.

Балғаның саптайтын тесігі сопақ дөңгелек формалы болады да, екі жақтағы шығар ауыздарына қарай кеңейтіліп жасалады, бұл балға сабынын. мықты орнауын қамтамасыз етеді. Балға тесігінің ортасы әрқашан оның ауырлық орталығынан жоғары орналаса

 

ГОСТ 2309—54 бойынша балға  саптары құрғақ, қатты

ағаштар тұқымдастарына жататын шетеннен, қызыл талдан, граб

тан, үйеңкіден, ақ қайыңнан жасалады. Олардың сырты жақсы өңделіп тегістелген, кендір майымен майланған болу керек. Can қолдан шыға бермес үшін, кейінгі ұшына қарай жуандау жасалуы шарт. Оның сопақша дөңгелек формалы көлденең қимасының ең жуан және ең жіңішке жерлерінің диаметрінің бірбіріне қатынасы 1,5 : 1 болу керек. Балға сапқа ағаш не кедір-бұдырланған металл сыналардың көмегімен бекітіледі. Олардың қалыңдығы 2—6 мм болу керек.

Салмағына байланысты балға саптарының ұзындығы мынадай болу керек (ммесебімен):

Жеңіл балғалар (400 гға   дейін)   үшіи        200, 250, 300

Орташа балғалар (500—600 г)үшін           320, 360

Ауыр   балғалар   (800—1000 г)үшін        360, 400, 500

Comments

Добавить комментарий