ЖҰМЫС ОРНЫН ДҰРЫС ҰСТАУ. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Белгі салу процесі кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау шарт. Чертилкалармен жұмыс істегенде, олардың өткір ұшымен өзіңді жаралап алмай, сақ болу керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін чертилкаларға қорғағыш қалпақша кигізіп қою керек.

Детальдарды тақтаның, верстактың үстіне қойғанда абайлау керек, детальды орнықтырып қойған жөн, орнықсыз қойылып құлап кетсе бір жерді зақымдауы мүмкін.

Электрлік кернермен жұмыс істегенде электр қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек. Соққы жасаған сәтте кернерге қуатты электр тогы беріледі, сондықтан оның ток жүретін бөліктерінің изоляциясын тексеріп қою керек, онсыз олардың бір жері жалаңаштанған болса, дайындамаға да ток өтіп жұмыс істеп тұрған жұмысшыны ток соғуы мүмкін.

Жұмыс орнын дұрыс ұстаудың да мәні зор. Белгі салатын тақтаның үстінде артық зат болмау керек, аспаптар және көмекші материалдарды мынандай есеппен сол қолмен ұсталатыны сол жақта, оң қолмен ұсталатыны оң жақта орналасқаны жөн. Жиі қолданылатын аспаптар слесарьға жақын жатуы керек. Чертежді арнаулы жасалған тіреуішке бекітіп қою керек.

Добавить комментарий