Двигательді теңгеру

Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде кривошипті-шатунды механизмдерге шамасы мен бағыты бойынша өзгеріп тұратын әр түрлі күштер әсер етеді. Бұл күштердің біреуі пайдаға асып, қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз етеді, ал екінші бірі қолайсыз әсер етіп, детальдардың тозуына себепші болады.

Пайдалы күшке жататыны — жұмыстық жүріс кезінде қозғалтқыш цилиндріндегі газ қысымының күші. Зиянды күшке жататыны — қозғалатын детальдардың инерция күші мен жанасатын жұптар қозғалған кезде пайда болатын үйкеліс күші.

Ілгерілмелі козғалыс кезінде және кривошипті-шатунды механизм детальдары айналғанда ілгері козғалатын масса мен ортадан тепкіш күштің айналу массасының инерциялық күші пайда болады. Бұл күштер қозғалтқыш каңқасы мен трактордың немесе автомобильдің рамасына беріледі. Инерция күшінің шамасы бойынша да үдайы өзгеріп тұруы двигательге және тұтастай машинаға діріл туғызады. Осы дірілді детальдардың бұрандалы косылыстары мен иінді біліктің подшипниктері бәсендетіп, олардың тозуын тездете түседі.

Двигательді теңгерудің мәні мынада: қалыптаскан жұмыс режимінде, ондағы тең әсерлі күш пен осы күштің моменті мәні мен бағыты бойынша тұрақты немесе нөлге тең болатындай күш жүйесін жасау. Инерция күшін теңгеруді жүзеге асыру үшін цилиндрлердің белгілі бір санын таңдап алады, білік иінін қолайлап орналастырады және қосалқы козғалғыш массаларды — қарсы салмақтарды пайдаланады. Бұл әдістерді әдетте бірге қолданады. Төрт цилиндрлі двигательде білік иіні 180° бұрыштықпен орналасқан. Мұндайда бір бағытта қозғалатын екі шеткі поршень шатунның инерция күші,   қарама-қарсы бағытта қозғалатын екі ортаңғы поршень мен шатунның инерция күшімен толық дерлік теңгеріледі. (23, а-сурет). Иінді біліктің жақтауына орналасқан салмақ әрбір цилиндрдегі кривошипті-шатунды механизм детальдарын теңгереді.

Двигательді теңгеру схемасы

Екі цилиндрлі трактор двигателінде ерсіліқарсылы қозғалған массаның инерция күші арнайы теңгерме механизммен (23, б-сурет) толық  теңгерілуі мүмкін. Бұл двигательдің теңгеруші механизмі — теңгергіш біліктің (3) ұшына бекітілген екі жүктен (2) тұрады. Білік втулкаға тіреліп, иінді білік арқылы айналады және онымен бірдей айналу жиілігінде болады. Желдеткіштің жетегіндегі маховик пен шкивте қарсы салмақтар (1 және 5) орналасқан. Бірінші цилиндрдің осі арқылы әсер ететін инерция күші (Рц), екінші цилиндрдің осі арқылы әсер ететін инерция күшіне (Рц[1]) тең және олардың жиынтығы 0-ге тең болады. Алайда олар теңбе-тең және қарама-қарсы болғанымен, цилиндр осінің жазықтығына әсер ететін момент туғызады. Осы моментті қозғалтқыш жұмыс істегенде пайда болатын жүктер (2) мен қарсы салмақтардың (1 және 5) жиынтық моменті (қарама-қарсы бағытталған) теңгереді.

Теңгергіш механизмді кейбір қуаты орташа төрт цилиндрлі трактор двигательдеріне де орнатады. Мұның екі жүгі (2) болады, олар иінді біліктін айналу жиілігінен екі есе артық жиілікпен қарама-қарсы бағытта айналады. Жүктердің айналған кездегі салмақ орталығы бір мезетте бір жағына бағытталады.

Жүктер осімен қоса шестерняларға (7) престеп ұсталады. Жүк осьтері, теңгергіш механизмнің корпусына (10) орнатылған цилиндрлі подшипниктердің ролигінде айналады. Шестернялар иінді біліктің мойын   маңындағы орта бөлігіне кондырылған тісті тәжі (9) аркылы айналады.

Жүктердің айналуынан ортадан тепкіш күш (Рц) пайда болады да, олар құрамдас екі күшке — горизонталь және вертикаль күштерге — ажырайды. Қарама-қарсы бағытта әсер ететін горизонталь күш бірбірін теңгереді. Жиынтығы Всға тең вертикаль күштер барлық төрт цилиндрдегі инерциялык күштін Ри жиынтығын вертикаль бағытта теңгереді.

Механизмді двигательге орнатқанда бірінші цилиндр поршенінің қалпы жоғарғы өлі нүктеде болуы тиіс. Жүктерді төменгі жағына орналастырған кезде,  шестернялар оның  тістері мен ойысына салынған белгі бойынша койылуы керек. Шестерняның тәжбен ілінісетін бүйір саңылауы (шамамен 0,2—0,35 мм) төсем (8) аркылы ретке келтіріледі.



 

Добавить комментарий