БЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ

Табақша материалдарды өңдеу. Табакдаа іматериалдарды қысқышқа қысып, оның жақтауларының бойымен кеседі. Ол үшін өңдейтін бұйымның белгі сызықтарын қысқыш жақтауларының ернеуімен бірдей етіп бекітеді де, шапқыны жақтау бойымен жылжыта шапқылайды   (38-сурет, а). Материал   қалыңдау   болса, слесарь шапқыны өзіне қарай 35—45°қа бұра ұстайды (38-сурет, б). Соны мен шапқы жүзі кесетін жерге қиғаш түсіп, жоңқа аздап ширатылып отырады. Жалпақ металды қысқышта бөліп кесу үшін (38-сурет, в) шапқыны қысқыш осінің бойымен (дайындамаға перпендикуляр) ұстайды да, қатты соққылап кеседі, содан кейін дайындамаға бөліктейді.

металды кесу

Жазық беттерді шапқымен кесіп өңдеу. Кішілеу детальдарды қысқышқа белгі сызықтар оның жақтауларынан 5—10 мм жоғары тұратындай етіп қысып қойып шапқылайды. Үлкен детальдарды верстак үстінде немесе өзінің қондырылып қойылған жерінде кеседі.

Добавить комментарий