БЕЛГІ

   Белгі салу жұмысы белгісалутақтада орындалып (19-сурет), ол сапалы сұр шойыннан жасалады. Оның жұмыс істейтін беті жақсы өңделген болады. Тақта ағаш столға не тағанға оның жоғарғы беті горизонтальды (тегістікті өлшейтін аспаппен тексеріледі) болатын етіп қою керек.

   Белгі сызықтарын жүргізу жұмысы мынадай ретпен орындалады, ең алдымен горизонтальды (чертилкамен және сызғыштың көмегімен), одан кейін вертикальды (чертилкамен және үшбұрыш сызғыштардың көмегімен), одан әрі көлбеу сызықтар, ақырында доға және шеңбер (циркульмен, штангенциркульмен т. б.) көмегімен сызылады. Соңғы кезекте доға сызып түзу сызықтардың дұрыс жүргізілгенін тексеруге мүмкіндік береді: егер түзу сызықтар дұрыс болса, доғаның олармен жанасуы жатық болады.

белгі салу процестері

Кейде доға және шеңбер сызықтарын көлбеу сызықтардан, тіпті кейбір горизонталь және вертикаль сызықтардан бұрын жүргізуге тура келеді.

Түзусызық жүргізгенде чертилканы сызғыштың бойымен, оған қыса ұстап жылжыту керек. Ол үшін чертилканы белгі салынатын бетке 75—80°тық бұрыш жасап ұстау керек (20-сурет). Бұдан басқа чертилка қозғалыс бағытына карай көлбеулеу ұсталғаны жөн. Белгі жүргізген кезде аспаптың алғашқы дұрыстап ұсталған қалпы өзгермеу керек.

Белгіні бірақ рет жүргізуге рұқсат етіледі. Қайталап жүргізсе, бұрынғы ізбен жүріп өту қиын болады да, дайындама бетіне бірнеше сызық түсіп, өңдеу кезінде шатастыруы мүмкін. Егер сызық нашар түссе, кей жерлерде керінбесе, оны бояп, қайта жүргізу керек.

Вертикальды   сызықтарды  үшбұрышты  сызғыштыңкөмегімен жүргізеді. Жазық үшбұрышты сызғышты сонымен сызғышқа жанастырып қояды. Жақтауы үшбұрыш сызғыш дайындаманың өңделген жиегімен жүргізіліп пайдаланылады. Егер детальдың жағы өңделмеген болса, оны белгі салу тақтасына қойып (21-сурет), қозғалыс үшін үстін ауырлау жүкпен бастыру керек, содан кейін сызғышты тақтаның тегіс қабырғаларымен сырғыта отырып дайындама бетінде перпендикуляр сызықтар жүргізуге болады. Өте жауапты бұйымдар жасағандадайындама бетінде перпендикуляр сызықтар сызу үшін геометрия фигураларының құрылу заңдылықтары пайдаланылады.

Параллельді

Параллельдісызықтар жүргізу үшін, олардың басталатын және бітетін тұстарынан белгіленіп, белгілер арқылы белгі сызықтар жүргізіледі. Егер мүмкіндіқ болса, параллельді сызықтардың Т тәрізді жақтауы сызғыштың көмегімен оны керекті қашықтыққа жылжыта отырып жүргізеді (22-сурет).

Белгі сызық бойына өлшемдер салғанда циркуль сырғымас ушін ең алғашқы нүкте орнына кішірек керн жасап қойған жен. Одан кейін циркульмен сызық бойына қысқа доға түрінде белгі салып, сызықтар қиылысқан нүктені керндеп отыру керек және т. б. Осылайша барлық кесінділерді салып біткеннен кейін олардың жалпы ұзындығын өлшеп тексеру керек, себебі әрбір кесіндіні салғанда қате кетуі мүмкін. Олар жинақтағанда едәуір болып бұйым дұрыс жасалмауы. мүмкін.

Кесіндіні бөліктерге бөлу.Кесіндіні бөліктерге бөлу үшін бір бөліктің ұзындығын есептеп шығарады да, циркульді сол шамаға қойып бөліктің саны қанша болса, сонша рет белгі сызықтың бойына салады( қате кетсе оны түзетіп операцияны қайталайды). Өте дәлдік керек болған жағдайда кесіндіні беліктерге бөлуді геометриялық жолмен орындайды.

Егер берілген ұзын сызықты көп бөліктерге бөлу керек болса, қателеспес үшін алдымен сызықты екі, үш немесе бес бөлікке бөліп алады да, ол бөліктердің әрқайсысын әрі қарай тағы да бөледі.

Белік саны бөлуге қолайсыз — 11, 13, 17, 19, 23 және т. б. болса, бөлуге қолайлы сан шығару үшін сызықты ұзартады (не қысқартады) да, содан кейін жоғарыда айтылған тәсілмен бөледі.

белгі

Comments

Добавить комментарий