БЕЛГІ САЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ

    Белгі салуға кіріспей тұрып болашақ детальдың чертежім е н танысу, оның формасын, құрылысының ерекшеліктерін көз алдыға келтіру, белгі салу жоспарын ойлап жасап алу керек.

Онан соң дайындаманытексеріп қарау қажет, мұнда оның үстінде жарылған, қуыс боп қалған және басқа кемшіліктері бар жоқтығы анықталады. Тексеру дайындаманың сыртын қарап көру, тықылдатып тыңдау жолымен (даусы дірілдеп шықса, ішінде жарығы болғаны) жүргізіледі.

Сондай-ақ дайындаманы қарап керу сыртқы беттеріндегі шорланған, таттанған, кедір-бұдыр жерлерін, темір қағын, былғанған жерін табуға мүмкіндік береді. Белгі салуға дейін шорларды кесіп, кедір-бұдырды  тегістеп, қақты, татты, былғаныш жерлерін темір щеткамен тазалау қажет.

Онан әрі дайындаманың көлемі жасалатын детальдың көлеміне сәйкес келе ме, өңдеуге жеткілікті қалымы бар ма, сол тексеріледі. Осы мақсатты көздеп дайындаманың ұзындығы мен ені бойынша ең үлкен көлемі өлшенеді және оларды детальдың габарит көлемдерімен салыстырады (жалпақ детальдың габарит көлемдері деп, ұзыны мен ені бойынша оның ең шеткі нүктелері арасындағы көлемді айтады).

Оның үстіндегі белгі сызықтары жақсы көріну үшін белгі салынуға тиісті беттер б о я л а д ы. Бұл мақсатқа қолданылатын бояулар жақсы жұғатын, тез кебетін және оңай кететін болуы керек. Әр түрлі беттерді бояуға болатын заттар 1таблицада қарастырылады:

Егер металл бетінде сызықтар жақсы көрінетін болса, бояу жақпаса да болады.

Жоғарыда айтылған дайындық операцияларын орындап, енді өлшемдерді дайындама бетіне салып, «белгі» сызықтарды жүргізе отырып өлшемдерді бастап салатынтүп негізді (б а з а н ы) сайлап  алады.

База ретінде:

а) Дайындаманың сыртқы қырлары. Егер өңделген сыртқы беттері болса, соларды база ретінде қабылдап алады. Кейде база ретінде қабылдағысы келетін беттерді арнайы өңдейді. Егер дайындама түгелдей өңделмеген болса, база ретінде қабылданатын беттер тегістеледі.

б) симметриялық   детальдарда база ретінде симметрия осін, орталық сызықтарды қабылдау қолайлы болады. Оларға ең алдымен белгі салынады.

Барлық өлшемдер таңдап алынған базадан басталып салыну керек, оларды біріне-бірін жалғастыра салуға болмайды, сондай-ақ бұл қатенің көбеюіне соқтырады (18-сурет).

Comments

  1. Міне тақырып бойынша колледждерге жақсы сабақ дайындамасы:
    Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск
    Аральский многопрофильный колледж
    Мастер производственного обучения

    Макашев Онгарбек Шакебаевич

    Өндірістік оқудың сабақ жоспары

    Сабақтың тақырыбы
    Жазықтықта белгі салу

    Сабақтың білімділік мақсаты:Белгі салудың мәні мен мақсатын, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандарын, белгі салуға дайындықты, белгі салу процестерін, белгі сызықтарды керіндеуді, жұмыс орнын дұрыс ұстауды, қауіпсіздік техникасын үйрету.

    Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.Ұқыптылыққа үйрету

    Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

    Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде оқып-үйрену тәсілдерін көрсетіп үйрету.

    Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия, техникалық сызу.

    Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, чертилкалар, бұрыштықтар, церкульдер, кернерлер, орталық іздегіштер-транспортерлер, суреттер т.б.

    Сабақтың барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

    1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

    1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

    ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

    2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

    Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

    а)Топ оқушыларының бір бөлігіне тест сұрақтарын тарату.

    б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

    1) Слесарь дегеніміз кім??

    2) Негізгі слесарлық операцияларды ата?

    3) Слесарлық шеберханалар қалай жабдықталынады?

    4)Слесарь-монтаж құрал-саймандарына не жатады?

    5)Слесардың жұмыс орны қалай жабдықталынады?

    6) Слесарлық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері қандай?

    (Оқушылар слайдтар бойынша сұрақтарға рет- ретімен жауап береді.)

    2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру

    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

    -Жаңа сабаққа назар аудару.

    Арнайы дайындалған слайдты көрсету.

    -Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «Жазықтықта белгі салудың» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

    Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

    Технологиялық сұлба бойынша жазықтықта белгі салудың мәні мен мақсаты, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандары, белгі салуға дайындық, белгі салу процестері, белгі сызықтарды керіндеу, жұмыс орнын дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасы үйретіледі.

    2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау

    Жазықтықта белгі салудың мәні мен мақсаты, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандары, белгі салуға дайындығы, белгі салу процестері, белгі сызықтарды керіндеу, жұмыс орнын дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасы слайд бойынша оқушылардан пысықталынып сұралады.

    ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

    -Жұмыс орнын ұйымдастыру

    — Жазықтықта белгі салудың мәні мен мақсаты, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандары, белгі салуға дайындығы, белгі салу процестері, белгі сызықтарды керіндеу, жұмыс орнын дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасы айтылады.

    -Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

    ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

    4.1 Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру.

    2-аралау Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

    3-аралау Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

    жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

    6-аралау Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын жинастыру, тапсыру.

    V.Қорытынды нұсқау 15 мин

    5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

    5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

    5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

    5.4 Үйге тапсырма беру.

    «Металдарды шапқымен кесудің» технологиялық картасын дайындап және қайталап келу.

    Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Макашев Онгарбек Шакебаевич

Добавить комментарий