Басқару органдары

Автомобиль мен двигательді басқаруды, олардық механизмдері мен жүйелерінің жұмысын бақылауды кабинадағы жүргізушінің орындығы алдындағы басқару механизмдері мен бақылау приборлары   атқарады.

Двигательдіжүргізу және онын жұмысын басқару.үшін дроссельді жапқыш педалы (5), радиатор жалюзін басқаратын тұтқа (6), ауа жапқышы жетегінің тұтқасы (10), оталдырғыш және стартерді қосқыш (21), дроссельді жапқышты басқару жетегінің тұтқасы (24) қолданылады.

автомобильдің басқару органы

Оталдырғыш пен стартерді қосқыштың кілті төрт түрлі жағдайда бұралады: ортаңғы — ток тұтынатын орындар ажыратылған, біріншісі — сағат тілі бойынша бұралғанда—оталдыру косылған, екіншісінде — оталдыру мен стартер қосылған; сағат тіліне карсы бұралған бірінші калпы дыбыстык. сигналды қосуға мүмкіндік береді, әйнек тазалағыш пен жылыткыштың электр двигателі оталғыштың ажыратылған қалпында болады. Двигательді жүргізер алдында, оған салқындатқыш сұйык. пен май, ал оның багына — отын құяды. Жылы двигательді жүргізу үшін берілісті ауыстырып коскыш рычагты (27) бейтарап калпына кояды, осыдан кейін кілтті сағат тілі бойынша толык бұрап, оталдырғыш пен стартерді іске косады.

Салқын двигательоі жүргізуді (сырткы ортанын температурасы 0° С және одан жоғары болғанда) мынадай ретпен аткару ұсынылады. Отын насосынын кол рычагымен бензинді айдайды. Ауа жапкышы жетегінің тұткасын (10) тірелгенше тартып карбюратордын ауа жапқышын жабады. Берілістін ауыстырып қоскыш рычагын бей/тарап калпына кояды. Педальды (3) тірелгенше басып, іліністі косады, мүнын өзі стартердің жұмысын жеңіддетеді, өйткені двигательді жүргізген кезде коюланған майда тұрған беріліс корабынын шестернясы айналмайтын болады.

Оталдырғышты және стартерді кілтпен косады, кілтті косылған күйінде  5 с-тен асырмай үстайды. Двигатель «жұмыс істей бастаған кезде оталдыру кілтін колдан босатып, стартерді ажыратады ауа жапкышын сәл ашып, онын тұтқасын жартылай жібереді және дроссельді жапкыштын педалымен (5) двигательдін иінді білігінін айналу жиілігін сәл арттырады. Осыдан кейін педальдан аякты алып, іліністі қосады. Двигатель түзік болған жағдайда стартерді бірінші немесе екінші косканда жұмыс істей бастайды. Стартерді қайта косудың аралык уакыты ең кемі 30 с болуы тиіс. Егер стартерді үш рет косканнан кейін двигатель жұмыс істемесе онда оталдыру және коректендіру жүйесінің түзіктігін тексереді,. Егер стартер дұрыс болмаса немесе аккумулятор батареясы ажыратылып түрса, онда автомобиль двигателі жүргізу тұтқасы аркылы іске қосылады. Автомобиль двигателін колмен жүргізген кезде жүргізу тұткасын қапсыра үстауға болмайды. Жүргізу тұтқасында саусактар бір жағында тұруы тиіс, өйткені, кері айналған жагДайда  (от   алдыру   бурышы ертерек қозғалғанда) тұтка жүргізушінің қолын жарақаттауы мүмкін.

Төмен температура жағдайында двигательді жүргізер алдында май радиаторын жауып, салқындату жүйесіне ыстық су кұяды. ал картер түбіне — ыстык май жібереді немесе оны қыздырады. Оталдыруды қосар алдында радиатор желбезегін жауып, тұтқаны (6) тірелгенінше тартып, жүргізу тұтқасымен двигательдің иінді білігін 3—5 рет айналдырады. Басқа да жүргізу операцияларын салқын двигательді жүргізгендегідей ретпен аткарады.

Автомобильдің  баскару органд a р ы н а ілінісу педалы (3), тежеуіш педалы (4), дроссельді жапқыш педалы (5), рульдік донғалақ (23), берілісті ауыстырып қосатын рычаг (27), тоқтату тежеуішінін рычагы (28) жатады.

Автомобильді қозғалтар алдында салкындату жүйесіндегі сұйыктың температурасы 60° С жеткенше двигательді кыздырады, бірак иінді біліктін орташа айналу жиілігін арттырмайды., Двигатель жылыған сайын ауа жапкышын біртебірте ашып, двигательдін иінді білігінін айналу жиілігін бәсеңдетеді. Жылытылған двигатель иінді біліктін. жай айналуында біркелкі жұмыс істейді, мұндайда ауа жапкышы толык ашык түруы тиіс. Двигатель жұмысын бакылау приборы аркылы тексереді.

Двигательдің және автомобильдің жұмысын бақылау үшін жүргізушінің алдындағы прибор панельдерінде мыналар орналасқан: салқындатылатын сұйыктын температурасын көрсеткіш (11), радиатордағы сұйықтык температурасын бақылау шамы (13), бензин денгейін көрсеткіш (14), спидометр (15); май кысымының бакылау шамы (16), амперметр (17), май кысымын көрсеткіш (18).

Сигнал беру үшін сигнал, киопкасын (22) және сол жақтағы рульдік колонкада орналасқан бұрылыс көрсеткішін ауыстырып қосқышты (20) пайдаланады. Ауыстырып қосқыш рычагты төмен түсіріп, сол жақ бұрылысты көрсетеді. Мұндайда автомобиль фарасының астындағы және арт жағындағы сол жақ фонары жыпылыктап, жарық береді. Он жаққа бұру үшін тұтқаны жоғары көтереді, мұндайда автомобильдің оң жағы жыпылықтап жарық береді. Бұрылу көрсеткішін қосқанда прибор,қалқанындағы бақылау шамы (19) жыпылықтайды. Автомобиль бұрылыстан шыққанда бұрылу көрсеткіші автоматты түрде ажыратылады.

Қабина еденінін, сол жақ тұсында жарықты аяқпен ауыстырып қосқыш (1) орналасқан. Ауыстырып қосқышты аяқпен басу арқылы (орталықтағы жарықты ауыстырып қосқыш үшінші жағдайда тұрғанда) фаралардағы жақын және алысқа түсетін жарықты ауыстырып қосуға болады. Жарықтың орталық ауыстырып қосқыштың (12) үш түрлі қалпы болады: I — барлығы сөндірілген; ІІ – астыңғы  фара қосылып, артқы белгі нөмірі, артқы габариттік фонарь және прибор шкалалары жарықтандырылған; ІІІ – астыңғы  фара жақын немесе алыска жарык, беретін фара (жарықты аяқпен ауыстырып қосатын кнопканың тұрған қалпына қарай), артқы габариттік фонарь, прибор шкалаларына және артқы нөмір белгілеріне жарық беру қосылған.

Приборлар панелінде әйнек тазарткыш пен кабинаны жылыткышты (суретте олар көрінбейді) қосқыштар орнатылған. Оларды қосу үшін қосқышты сағат тілі бағытымен бұрайды. Әйнек тазартқышты қосқыш үш түрлі жағдайда болады; қосылған, баяу жүріс, шапшаң жүріс. Жылытқышты қосқышта үш түрлі жағдайда болады: ажыратылған, ауа баяу беріліп қосылған, ауа толық беріліп қосылған.

Приборлар панелінің астында ра­диатор желбезегін басқаратын тұтка (6) және капотты құлыптайтын жетек тұтқа (7) бар. Желбезегін жабу және капотты ашу үшін тұтқаларды өзіне қарай жылжытып орналастыру қажет. Онда сонымен, қоса, плафон қосқышы (8), жылу қорғағыштын (9) екі кнопкасы, ішкі люк тұтқасы (25) және ауа ендіретін (сыртқы люкке) тұтқа (26) орналасқан. Тұтқа (25) ең шеткі сол жақ қалпында болғанда кабина желдеткішінің қақпағы толык ашық, ал ең шеткі оң жақ қалпында тұрғанда ол жабық болады. Егер тұтқа (26) ең шеткі сол жақ қалпында болса, онда сыртқы люк желдеткіші толық ашылады, ал егер ол ең шеткі оң жақ қалпында болса, онда сыртқы люк желдеткіші жабылады.

Двигательді тоқтату үшін оталдырғышты ажырату қажет. Двигательді тоқтатар алдында, оның иінді білігі 1—2 минуттай баяу жиілікпен айналуы керек, сонда осы уақыттың ішін де двигатель детальдары біркелкі суиды. Электр стартерден іске қосылатын двигательмен жабдықталған барлық автомобильдер мен доңғалақты тракторларда осындай басқару органы бар. Оларды жүргізу және тоқтату операцияларының мазмұны мен кезектілігі шамамен бірдей.

 

Comments

  1. Уведомление: Рауан

Добавить комментарий