Ақша

Ақша туралы жалпы мәлімет

Ақша — қазіргі қоғамдағы экономикалық дамудың, әлеуметтік және саяси  ықпалының негізгі факторы.

   Ақшаның пайда болу тарихы

Ерте заманнан бері адамдар бір-бірімен тауарлармен айырбастау операцияларын жүргізген. Олай істеуге көбінесе мына жағдай әкелген: мысал ретінде айтқанда, бір адам өзіне керек барлық заттарды өзі өндіре алмайды, сол себептен шаруашылыққа керек заттарды алу үшін ол соғысу керек болады немесе айырбастау арқылы ала-алады. Адамдар ең жеңіл жолын таңдап, келісу арқылы өзінде артық затты беріп оның орына керек затты алған. Бірақ ол адамда бар зат, екінші адамға керек болмаған жағдайда ол өзіндегі затты үшінші адамға ауыстырып, содан соң екінші адамға ауыстыруға мәжбүр болған. Осындай айырбастау адамдарға белгілі қиындықтар туғызған.

Қытай ақшасы

Қытай ақшасы

 

Осы себептен адамдар әмбебап айырбастау құралдарын ойлап шығаруға тырысқан. Әмбебап құрал ретінде ежелгі адамдар – құрбақа қабығын, кепкен балық, жануарларды, жануарлардың терілерін, тістерін, сүйектерін және т.с.с тауарларды қолданып келген.

Ақша ежелгі

Уақыт өте экономикалық қарым-қатынастар дами келе адамдар бір шешімге келген, ол әмбебап айырбастау құралы болу керек деген. Осы шешімнің нәтижесінде —

Ақша

— Әмбебап айырбастау құралы пайда болды. Ол мынадай талаптарға сәкес келген: көлемі кішкентай, бағалы, бұзылмайтын, сынбайтын, ұзақ уақытқа сақталатын, керек болған кезде бөлінетін. Осы талаптарға металдар сай келетін болғасын адамдар ақшаны алтын, күміс, қола, темірден жасаған.

Бірінші ақшалар Қытайда және Лидия патшалығында б.д. дейін VII ғасырда пайда болды. Ал ресми түрде айналымға ақшаны парсы патшасы Дарий б.д. дейін V ғасырда енгізді. Ол заманда ақша құны жасалған металдың құнына тең болған.

Лидия патшалығының ақшалары

Лидия патшалығының ақшалары

Дами келе қағаз ақшалар, карталар, электронды ақшалар қолданысқа енді.

Добавить комментарий