Автомобиль құрылысы

Трактор мен автомобильдің негізгібөлшектері

Тракторлар мен автомобиль — өздігінен жүретін өте күрделі машина. Олар жекелеген механизмдер мен өзара байланыста құрастырылған бөліктерден түрады, бұларды белгілі бір топқа біріктіруге болады.

Трактордың негізгі бөлшектерінің (механизмдер тобының) орналасуы 2, а,б-суреттерде көрсетілген. Конструкциялық ерекшеліктеріне қарамастан тракторлар двигательден (1), трансмиссиядан (4), жүріс бөлігінен (6), басқару механизмінен (2), жұмыстық (5) және қосалқы (3) жабдықтардан түрады.

Трактордың жалпы құрылысы

Д в и г а т е ль. жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады. у Трансмиссия дегеніміз механизмдер жиынтығы. Ол двигательдің иінді білігіндегі бұраушы моментті [1]жетекші доңғалаққа және жетекші доңғалақтың өзгертілген бұраушы моменті мен айналу жиілігін(мәні мен бйғыты бойынша) береді. Трансмиссияға ілінісу, қосқыш муфтасы, беріліс қорабы және артқы белдік жатады.

           Ілінісу берілісті ауыстырып қосқан кезде двигатель білігін беріліс қорабынан қысқа уақытқа ажыратуға және тракторды орнынан қозғаған кезде оларды жайлап қосуға арналған^ Қосқыш муфта серпімді элемент, ол іліні­су білігі мен беріліс қорабын сәл айқастырып қосады.

Беріліс қорабы әр түрлі шестернялар жұбын қосу арқылы тракторлардың жетекші доңғалақтарындағы бұраушы моментті және оның қозғалу жылдамдығын өзгертуге мумкіндік береді. Беріліс қорабы арқылы, иінді біліктің айналу бағытын өзгерпей-ак, тракторды артқа жүргізуге де болады.


 автомобильдің жалпы құрылысы

 

Артқы белдік  механизмінің көмегімен бұраушымомент арттырылады және біліктің айналуы тік бұрыш жасап жетекші доңғалаққа беріледі. Көпшілік тракторда артқы белдікте тежеуіш болады.

Шынжыр табанды трактордан доңғалакты трактордың айырмашылығы, онын трансмиссиясына дифференциал косылған, мұның өзі жетекші доңғалактар бұрылыста және ойлыкырлы жерлерде қозғалғанда және де осы сәтте сол және оң жақ доңғалақтар ұзындығы бойынша әр түрлі жол жүргенде түрліше жылдамдықты қамтамасыз етеді.

Жүрісбөлігі трактордың. қозғалуы үшін кажёт? Жетекші доңғалактың (немесе шынжыр табанын) айналмалы қозғалысы топырақ бетіне ілініскен кезде трактордың ілгерілемелі қозғалысына айналады.

Баскарумеханизмі алдынғы доңғалақтарды (доңғалақты тракторларда) бұру немесе шынжыр табанның) шынжыр табанды тракторларда) біреуінін, айналу жылдамдығын өзгерту арқылы трактордың бағытын өзгерту үшін қолданылады.

Трактордың жұмыстықжабд ы қ т a р ы әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарын атқарған кезде двигательдің пайдалы қуатын пайдалану үшін қолданылады,. Жұмыстық жабдықтарға қуат алу білігі, тіркеме құрылғысы, аспалы жүйе, жетекші шкив жатады.

Трактордың қосалқыжабдықтарына рессорлы отырғышы, жылытқышы мен желдеткіші бар кабина, капот, жарыктандыру, сигналдау приборлары т. б.  жатады.

Автомобильдің негізгі бөлшектерінің (3сурет) принципі орналасу схемасы мен қолданылуы доңғалақтьі трактормен бірдеқ. Автомобильдің құрастырылған қалпындағы трансмиссиясын, жүріс бөлігін және басқару механизмін шасси деп атайды. Басқару механизміне — автомобильдің жүру бағытын өзгертетін рульдік басқару және автомобильдің жүру жылдамдығын бәсеңдетіп немесе тоқтататын тежеуіш жүйе жатады.

Автомобильдің қосалқы жабдықтарына лебедка, кабинаны жылытатын және желдететін жүйе, тартуіліністіргіш құрылғысы және т. б. жатады.

 

Comments

  1. Мына жерде керемет жазылған
    Автомобильдердiң жалпы құрылысы Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күрделi машиналар қатарына жатады. Өйткенi оның құрамына бiрнеше механизмдер мен жүйелер кiредi және олардың құрылыстары әртүрлi болады. Дегенменде, ондағы негiзгi механизмдер мен жүйелердiң жұмыстары белгiлi бiр принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады. Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.1- суретте, ал жеңiл машиналардiкi 1.2- сурет көрсетiлген. Автомобиль негiзiнен үш бөлiктен тұрады. Олар кузов, двигатель және шасси. Кузов тасылатын жүктi орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктiң түрiне қарай әртүрлi болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрiздi жасалып, жүргiзушi отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңiл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиiстi санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететiн қондырғылар орнатылады. Двигатель автомобильдiң жүруiне және басқа жұмыстарға арналған қажеттi қуатты тудыратын бөлiгi. Оның негiзгi жұмыс принципi, энергияның бiр түрiн (көбiнесе жылуды) екiншi түрiне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильдiң жүргiзгiш дөңгелегiне берiледi де ол жол бетiмен жанасып, автомобильдi қозғайтын күш тудырады. Сөйтiп автомобиль жол бетiмен жүруге мүмкiндiк алады. Сондықтанда двигательдiң басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан айырмашылы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлерi де алынуы мүмкiн. Мысалы электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с. Шасси деп автомобильдiң жол бетiмен жүруге арналған бiрнеше қондырғыларын бiрiктiрген бөлiгiн айтады. Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретiн дөңгелектерiмен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдiк және тежегiш қондырғылар кiредi. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгiлi бiр жұмысты атқаратын, бiрнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделi қондырғы болып табылады. Трансмиссия – двигательден келген қуатты машинаның жүретiн дөңгелегiне жеткiзiп беретiн қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетiне қарай түрлендiрiп — өзгертiп бередi. Себебi машинаға жүргiзуге қажеттi күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керiсiнше. Оның үстiне машина жүрiс бағытын да өзгертуi мүмкiн. Сондай жағдайда автомобильдiң артқа қарай жүруiн де қамтамасыз етедi. Сөйтiп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделi қондырғы. Алдыңғы және артқы белдемелер – негiзiнен автомобильдiң салмағын дөңгелектер арқылы жол бетiне түсiру қызметiн атқарады. Осыған қосымша ол белдемелерде бiрнеше түрлi механизмдер орналасады. Мысалы артқы жетекшi белдемеде трансмиссияның аспаның, тежегiштi т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдерi сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.1 және 1.2 –суреттерде белгiленген.
    Машина тұғыры – автомобильдiң шасси бөлiгiнiң барлық механизмдерiмен қоса, двигатель мен кузовты да бекiтуге арналған қондырғы. Ол өздерiнiң құрылысына қарай әртүрлi болады. Кейбiреуi арнаулы рамадан жасалып, көбiнесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құраса, кейбiреуi кузовпен бiрге (жеңiл машиналарда) жасалады. Осы екi жағдайда да бiрдей оның қызметi автомобильдiң барлық бөлшектерiн бiрiктiрiп, бекiтетiн қондырғы болып табылады. Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелердi машина тұғырына бекiтiп қана қоймайды, жүрiс кезiнде автомобильдiң жүрiсiн жұмсарту қызметiн атқарды. Себебi жүрiс дөігелектерi жол бетiнiң бедерiмен жанасқан кезде неше түрлi күштер туып, автомобильдi тербелiске келтiредi. Егер ол тербелiстiң амплитудасын азайтып, жиiлiгiн бiр қалыпқа келтiрмесе, машинаның жүрiс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтiп оның жұмыс өнiмдiлiгiне керi әсерiн тигiзедi.
    Басқару жүйесi – көптеген механизмдерден құралады. Олардыі негiзгiсi – машинаның жүрiс бағытын басқаратын рульдiк механизм жүйесі. Сол рульдiк механизм жүйесі арқылы автомобильдiң жүрiс бағытын берiлген траектория арқылы бағыттап отырады. Ал автомобильдің жүріс жылдамдығын жол жағдайына байланысты реттеп отыру үшІн тежеуші механизмдер жүйесі қолданылады. Тежеуш механизмдер жүйесi – автомобильдiң жылдамдығын азайтып, тiптi тоқтату қызметiн атқарады. Сондықтанда бұл механизм автомобильдiң барлық жүрiс дөігелектерiнде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүрiс жылдамдығын азайтуға мүмкiндiк жасайды. Автомобильдiң осы айтылған бөлiктерiнiң орналасуы әртүрлi болуы мүмкiн. Оның негiзгi себебi, олардың эксплуатациялық қасиеттерiн жақсарту болып табылады.

Добавить комментарий