Автомобильдер

Автомобиль — жүк, адам тасуға немесе арнаулы тапсырмаларды орындауға арналған өздігінен жүретін транспорт құралы.

Қолданылуына  қарай олар транспорттық, арнайы және спорт автомобильдері болып бөлінеді.

Транспорттық автомобильдер бірнеше типке бөлінеді.

а)       жеңіл автомобильдер — жолаушылардың шағын тобын (8 адамғадейін) тасымалдауға арналған;

ә) автобустар — көптеген жолаушыларды (8 адамнан астам) тасымалдауға арналған;

б)         жүк автомобильдері — әр түрліжүктерді тасымалдауға арналған.,

Жүк  автомобильдері өз кезегінде жүк көтерімділігіне қарай (яғни кузовында тасымалдай алатын жүк салмағы бойынша) мынадай кластарға бөлінеді: өте шағын (0,5 тоннаға дейін); шағын (1,0—2,0 т); орташа (2,0—5,0); үлкен (5,0—15,0 т); өте үлкен (15 тоннадан астам). Сусымалы және жабысқак, жүктерді тасымалдайтын автомобильдерді са­мосвал кузовтармен жабдықтайды, сондықтан оларды автомобиль — самосвалдар деп атайды.

Арнайы автомобильдер белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған, сол себепті олар тиісті құралдармен жабдықталған. Бұл топтағы автомобильдерге автокрандар, автоцистерналар, тұқым толтырғыштар т. б. жатады. Олар транспорт автомобильдерінің өзгертілген моделі (модификациясы) болып саналады.

Спорт автомобильдері   автомобиль спортымен шұғылдануға арналған,

Шасси типі бойынша автомобильдер рамалы және рамасыз деп бөлінеді.

Рамалы автомобильдерде негізгі қаңқа рама болады, оған автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері бекітіледі.

Рамасыз автомобильдердің рамасы болмайды, ал автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері кузовқа бекітіледі. Мұндай жағдайда, автомобиль кузовын алып жүруші деп атайды.


Двигательініңтипі бойынша автомобильдер карбюраторлы, дизельді және электр двигательді болып бөлінеді.

Карбюраторлы двигатель негізінен бензинмен, дизельді отынмен, электр двигательді — аккумулятор батареясымен жұмыс істейді.

Жүк автомобильдерінің түрлері:

Жүк автомобильдері

Толық масса-сы, (т)

1,2

дейін

1,3-1,8

2,1-8

9-14

15-20

21-40

40

жоғары

Автомобильдер-дің индексі: бортты плат-формасымен

13

23

33

43

53

63

73

Иықты және тартпалы (се-дельді) тягачтар

14

24

34

44

54

64

74

Өздігінен жүк түсіретін аудар-ма   (самосвал-дар)

15

25

35

45

55

65

75

Цистерналар

16

23

36

46

56

66

76

Фургондар

17

27

37

47

57

67

77

Арнайы

19

29

39

49

59

69

79

Осы кестені бойынша автомобильдің маркасы арқылы оның сипаттап беруге болады.

Добавить комментарий